Байланысты: Инклюзивті білім беру пәнінен дәрістер
Әлеуметтік педагог: Әлеуметтік педагог қызметі тәрбиеленушілердің әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. Инклюзивті үлгідегі білім беру мекемесінде оның жұмысын ұйымдастыру ерекшелігіне:
- ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы зерттеуге және жеке даму бағдарламаларын жасауға қатысу;
- әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру және баланы тәрбиелеу мәселелері бойынша тәрбиешілерге кеңес беру;
- жеке білім беру қажеттіліктері бар баланың дамуы мен тәрбиесінің әлеуметтік жағдайларын зерттеу;
- педагогикалық ұжыммен, әлеуметтік қорғау қызметінің мамандарымен, қайырымдылық ұйымдарымен жеке білім беру қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, жеке білім беру қажеттіліктері бар балаларды сабақтан тыс қызметке тарту;
- тәрбиеленушілердің мүдделерін, қажеттіліктерін, қиындықтарын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтау және оларға уақытында әлеуметтік көмек көрсету;
- Тақырыптық ата-аналар жиналыстарында сөз сөйлеу, ата-аналарға жеке кеңес беру;
- оқу жылының соңында қажетті құжаттарды жүргізу және жыл ішіндегі жұмыс туралы аналитикалық есепті құрастыру [8, 8 Б.].