Мүгедектіктің реабилитациялық моделі. Бұл модельдің мақсаты – мүгедекті қоғамға бейімдеу, енгізу, бірақ мүгедектің қызығушылықтарын ескере отырып қоғамды өзгерту және оның әлеуметтік статусын жоғарылату қарастырылмайды. Көптеген зерттеушілер мүгедектіктің медициналық моделі жайлы айтқанда осы екі модельдің аралас мінезді екендігін ескертеді.
Мүгедектіктің экономикалық моделі қоғамның түрлі деңгейдегі мүшелері арасында табысты реттеп бөлуді қарастырады. Мұнда әдіснамалық негіз ретінде мүгедектіктің медициналық анақтамасы алынады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар физикалық жетілмеген немесе психикалық ауыру деп саналғандықтан, олар дені сау адамдарға қарағанда «аз мөлшерді жүктемені» орындайды немесе мүлдем жұмыс істемейді. Сонымен бұл «жетілмеген» тұлғалар экономикалық шығын әкеледі. Олар өздерін қамту үшін қажетті мөлшерде ресурстар өңдемейді, сондықтан қоғам үшін пайдасыз, тек ауыртпалық болып табылады. Егер мүгедек еңбектену көрсеткіштеріне сәйкес бола алса, бірақ денсаулығында тұрақты бұзылыстары бар болса, юристтердің пікірі бойынша оның «мүгедектігін» алып тастауға болады.