Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру жүйесін талдаңыз?
Жұмыстың диагностикалық бағыты. Балаға МДБҰ консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына меңгерушінің (директордың) бұйрығымен дефектолог мұғалім, логопед, практикалық психолог, дәрігер, топ тәрбиешісі енгізіледі. Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық бағыты. Жеке басқа тұтасынан әсер ететін шаралар кешенін қарастырады, жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету.
Жұмыстың жалпы білім берушілік бағыты. Балаларды қоғамдық тәжірибені меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып мектепте оқуға даярлауды қарастырады.
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік жағынан қолдау, оларды тәрбиелік жағынан дамыту. Мектепте немесе мектепке дейінгі мекемелерде өткізілетін түрлі шараларға қатысуын қадағалау. Қоғамдағы рөлін айқындау.
Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Дамуы қалыпты балалар мүмкіндігі шектеулі балаларға мынадай мүмкіндіктер береді:
Өзі қатарлас - мүгедек балалар жөнінде неғұрлым толық және шынайы түсінік алу және айырмашылығын қабылдау
Олардан ерекшеленетін адамдарға жағымды қатынас қалыптастыру.
Кіші жастағы балаларды инклюзивті оқыту идеясының қандай артықшылықтары бар?
Сегрегация (қалыпты балалардан бөлек ұстау) салдарынан құтылады, оның ішінде «ақыл-есі аз» деген «мөр» тағылудан және қалыпты балалармен шектеулі байланыс әсерінен жағымсыз қарым – қатынастың қалыптасуынан құтылады. Мүмкіндігі шектеулі балалар басқа балаларға еліктеу арқылы бейімделудің жаңа дағдылары мен сәйкес үлгілерді меңгереді.
Инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған құқықтық құжат. Ата-аналар және басқа да заңды өкілдері:
Баланың ерекшелігін және жеке қабілетін, қалауын ескере білім беру мекемелерін таңдауға;
Психологиялық- дәрігерлік - педагогикалық кеңесте өз балаларын тәрбиелеу және оқыту мәселесі бойынша кеңестік көмек алуға құқылы.
Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты: Оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері:
Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету;
Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету,
Кең таралған білім көздерінен ақпаратты іздестіру,
Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;
Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін: көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Кохлеарлы имплантантты, аутизмді психикалық дамуы кешеуілдеген, тірек-қимыл аппараты бұзылған мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу.
3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті: (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған.
Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге арналған ic-шаралар:
• Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтауды ұйымдастыру және оларға түзете - педагогикалық көмек көрсету.
• Жалпы мектепке дейін және мектепте оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалар нормативті - құқықтық және оқу - әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.
• Жалпы білім беру мекемелерінде, ППТК, логопедиялық пункттерде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және психологиялық - педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады. Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.
Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер, диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды кәсіптік мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |