Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты


Медицина қызметкерімен бірлескен жұмыс



бет46/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Медицина қызметкерімен бірлескен жұмыс

1.

Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың денсаулығын профилактикалық-медициналық бақылаудан өткізу.

Жыл бойы

әлеуметтік педагог
медбике

2.

Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың көз көру деңгейіне бақылау жүргізу (окулист және дерматолог дәрігермен бірге)

Жылына 1 рет

әлеуметтік педагог
медбике

3.

Мектеп медбикесімен бірге мектепте санбекет құрып, оқушылардың жалпы денсаулығын қадағалау және санбекет бойынша жұмыстар жүргізу

Жыл бойы

әлеуметтік педагог
медбике

4.

Мектеп оқушыларының денсаулық картасын қадағалау

Жүйелі түрде

әлеуметтік педагог
медбике

5.

Мектеп оқушыларына уақытылы егу жұмыстарын жүргізілгендігін қадағалау

Жыл бойы

әлеуметтік педагог
медбике

6

Жаппай тамақтан улану және жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында денсаулық сабақтарын, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.

Жыл бойы

әлеуметтік педагог
медбике

Мектеп инспекторымен бірлескен жұмыс

1

Құқық бұзушылықтың алдын алу. Кеңесін құру.

Қыркүйек

Мектеп әкімшілігі әлеуметтік педагог, инспектор

2

Заң органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізулер, құқықтық сабақтар өткізу.

Жыл бойы

Мектеп әкімшілігі әлеуметтік педагог, инспектор

3

Мектептегі құқықтық кеңестің жоспары бойынша іс-шаралар атқару, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға жұмыстар жүргізу 

Жыл бойы

Мектеп әкімшілігі әлеуметтік педагог, инспектор

Педагог-психологпен бірлескен жұмыс

1

Төлқұжат жасау

Жылына бір рет



Әлеуметтік педагог, психолог

2

Қиын жағдайға тап болған немесе зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды анықтау.

Үнемі

Әлеуметтік педагог, психолог

3

Анықталған баланы мекеме басшылығына хабарлау.

Мерзімінде

Әлеуметтік педагог, психолог

4

Тіркеу, есепке алу.

Мерзімінде

Әлеуметтік педагог, психолог

5

Тіркелген оқушыға бірлескен жеке жұмыс жоспарын құру

Мерзімінде

Әлеуметтік педагог, психолог

6

Отбасын зерттеу



Анықталған уақыттан
3 күн ішінде

Әлеуметтік педагог, психолог

7

Ата-анасымен тығыз байланыс орнату

Үнемі

Әлеуметтік педагог, психолог

8

Мүдделі органдарға (Ішкі істер бөліміне, медицина, бала құқын қорғау инспекторына) бала және отбасындағы жағдай туралы ақпарат беру.

Анықталған уақыттан
5 күн ішінде

Әлеуметтік педагог, психолог

Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Соған байланысты жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.Осы тұста әлеуметтік қорғалмаған білім алушылардан «Менің отбасым» тақырыбында эссе жұмыстарын алу арқылы отбасын зерттеу мақсатында жаңаша көзқарас танытып,жаңа ұсыныс білдіру бүгінгі жұмыстың басты мақсаты болмақ.
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагог пен психологтың көптеген қызметінің бір саласы-отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізетін әлеуметтік педагогтің іс-әрекеті отбасындағы немесе тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйесіндегі өзара қарым қатынастарды реттеп отырады.Әлеуметтік педагог өз қызметін балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық әдістерге негіз деп сараптайды.Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп,оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-психологиялық нақты көмек түрлерін ұсынады.
Қазіргі уақытта көптеген отбасылар бала тәрбиесінде қоғам талап ететін міндеттерді толық орындау үшін көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмекті әсіресе толық емес,көп балалы,аз қамтылған отбасылар қажет етеді.Мұндай отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік –психологиялық қолдау нәтижелі болуы шарт.
Әлеуметтік педагог қызметінің маңыздылығы бала мен отбасындағы әлеуметтік проблемалардың шешімін тауып,үйлестіру.Проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы балаларды анықтау,баланың әлеуметтік-психологиялық тұрақтануы үшін кедергі қиындықтарды жеңу және оған қолайлы жағдай жасауы ұйымдастыру болып табылады.
Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың әлеуметтік жағдайын және отбасын зерттеу жұмыстарындағы бағалау-кейс-менеджментінің алғашқы сатысы
Қазіргі таңда біз, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 033/4416 хаты мен Қалалық білім бөлімінің «Әлеуметтік жетімдіктің алдан алу мақсатында өмірдің қиын жағдайына қалған отбасыларымен жұмыс жасау туралы» № 167 бұйрығына сәйкес пилоттық жоба аясында «Арал балалары» қоғамдық қормен бірлесіп,әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бағытында «Бала мен отбасына қолдау орталығын » құру арқылы қиын өмір жағдайындағы отбасылар мен балаларға кешенді қызмет көрсету және жан –жақты қолдау мақсатында жұмыс жасап келеміз.
Әрбір отбасы ерекшеліктерін ең бірінші сынып жетекшінің айтуынша байқайды. Демек, дабыл (сигнал) сынып жетекшіден түседі.
Келіп түскен дабыл бойынша «Дабыл парақшасы» толтырылып,отбасының мекен-жайы анықталған соң, мекен-жай бойынша үйіне бару ұйымдастырылады.Ата-анасының келісімі бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі.Егер ата-ана келісім берген болса «Келісім парағын» толтырып, ата-анасының қолы қойылады.Осы күннен бастап «Біріншілік зерттеу парағы» толтырылады да,әрі қарай әлеуметтік педагог,психолог,мектеп медбикесі,аймақтық медбикелер бірлескен түрде жоспар құрып,ең басты отбасы проблемасының өзектілігін анықтап жұмыстарын әрі қарай жалғастырады.
Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың отбасын әлеуметтік зеттеу нәтижесінде баланың дамуына байланысты мұқтаждықтары яғни,баланың қауіпсіздігі немесе жанұялық факторлар байқалған жағдайда табысты бағалаудың қағидаларын ұстанған жөн.
Ол қағидаларға:
1.Баламен іс жүзінде кездесулер.
2.Баланың қандай мүмкіндіктерін білу керектігін түсіну үшін баланың даму кезеңдерін білу.
3.Әлеуметтік және физикалық ортасын білу.
4.Бағаланатын бала жағымсыз жағдайда болуы үшін және оның ерекшеліктеріне,мысалы мүмкіндіктері шектеулі болуына қарай дискриминацияға тап болмауы үшін шаралар қолдану керек.
5.Бағалау,жоспарлау және әлеуметтік көмек көрсету процесіне ата-аналарды мүмкіндігінше көбірек қатыстырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет