Үй тапсырмасын тексеру: Мәди Айымбетовтың «Күн күлше» мәтінін оқып келу.
Қойылатын сұрақтары: 1.Әжей күн күлшені қандай еңбекпен дайындады? 2.Еңбекқор адамның бойында қандай қасиеттер болады? 3.Қалай ойлайсыңдар,неліктен еңбектің наны тәтті болды? 4.Өз еңбегіңнің жемісін көрген кезде қандай күйде болдың?
Дәйексөз «Еңбек-қуаныш,жалқаулық-айырылмас азап»
Абай -Дәйексөз мағынасын қалай түсіндіресің?
Әңгiмелеу «Еңбексіз өмір-сүреңсіз» (Мысал әңгіме) Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Сары пышақ пен қара пышақтың айырмашылығы неде?
«Еңбексіз өмір –сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?