Кіріспе І бөлім. Инклюзивті білім беру – адамгершілік құндылықтар мен кедергісіз орта қалыптастыруға бастар қадам Қазіргі таңда білім беруде жаһандық мәселе ретінде әлем жұртшылығының назарын аударып отырған балалардың жеке сұраныстары мен ерекшелік- теріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру мен тәрбие үрдісіне толық қосуды қарастыратын білім беру әдісі- инклюзивті білім берудеп аталады. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивті білім беру дегеніміз- барлық балаларды, соның ішінде ерекше білім алуды қажет ететін балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балалар арасындағы кедергілерді жоюға, ата- аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу- педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту-ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту баланың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп қана қоймай, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»,- деп Әл- Фараби бабамыз айтқандай, білім беруде маңызды мәселелердің бірі- тәрбие болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш- қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой- өрісін байыту» деп атап көрсетілген [11] Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. Осыған орай инклюзивті білім берудің атап айтар бірден- бір ерекшелігі- балаларға рухани адамгершілік тәрбие беру болып табылады. Бұл процесс негізінде оқушылар адам құқығының тең екендігін, қандай да бір кемшілігіне қарамастан барлық бала бірдей деген қағидалар тәжірибе жүзінде қалыптасып, үлкен өмірге жаңа қадам басып келе жатқан жас ұрпақтың бойында адамдар арасындағы дисткриминацияны болдырмаудың алдын алады. Инклюзивті білім беру- бірі- біріне деген жанашырлық сезімі қалыптасып, мейірімділікке, қайырымдылыққа, адам жанын түсіне алу қабілеттеріне тәрбиелеудің құралы іспеттес[24]Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс- әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым- қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбиелеу мәселесін қойып отыр.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.Мысалы, мына принциптер:
1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3.Әрбір адам қарым- қатынасқа құқылы
4.Барлық адам бір- біріне қажет
5.Білім шынайы қарым- қатынас шеңберінде жүзеге асады
6.Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру
8.Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді [28]
Инклюзивті білім беру арқылы ерекше қажеттілігі бар балаларды оқытуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.Инклюзивті білім беру арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.