3. Консилиум жұмысының қағидалары 3.1. Баланың тұлғасын құрметтеу және жағымды қасиеттеріне сүйену
қағидасы.
3.2. Диагностиканы барынша педагогизациялау, психологиялық және
педагогикалық білімді кіріктіру қағидасы.
3.3. Ақпараттың жабық болуы қағидасы. Бала тұлғасына моральдық зиян
тигізбеу үшін Консилиумның қорытындысы немесе диагнозы көпшілікке
жарияланбауы керек.
3.4. Өзара әрекеттестік қағидасы. Консилиумның әрбір маманы өз
құзыреттілігінің аясында баланың дамуы мен жағдайын анықтау, оны ары
қарай тәрбиелеу мен оқыту саласында болжамдар жасау сұрақтарын шеше
отырып, жалпы көрініске өз түсінігін енгізеді.