№ 82 орта мектеп
«Инновациялық бағдар және оқушылардың сауаттылығын арттыру»
Орындаған: Сармурзаева Данагүл Толыбайқызы.
2014-2015 о/ж.
«ИНОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ »
Сармурзаева Данагүл Толыбайқызы
№82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда облысы
Арал ауданы Қаратерең ауылы
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін -білім» - деп Мұхтар Әуезов айтқандай, Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кірігуінің басты тегі-білім екені анық.
Білім –теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін бала жанының бағбаны-мұғалім.
Өнер – білім, халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш азамат болып өсуі үшін замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі өмірдің тұтқасы мен тірегі болар жас ұрпақты білімді де, білікті етіп тәрбиелеу, әрбір ұстаздың міндеті.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында » деп ұстазға қойылар талаптың ерекше екендігін атап көрсетті. Ендеше, ұстаздардың алдында өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашағына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді де сауатты жеткіншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Мектеп атты шаңырақтың, бағбаны ұстаздан білім алатын әр жас шыбық білім нәріне иіліп, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше алатын адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі болып қалыптасуы керек.
Ұлы педагог К. Ушинский «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал ізденуді тоқтатқанда оның ұстаздақ еңбегінің жемісі болмайды» деп, , жалықпай ізденіп, үнемі білімін көтеріп жүрген еңбекқор мұғалімдер ғана сапалы білім мен саналы тәрбие бере алатынын атап көрсеткен. Осы орайда, мұғалімдер заман көшінен қалмай жалықпай ізденіп, жаңалықтың жаршысы болуға ұмтылуы керек.
Еліміздің рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өздеріне сүйеніш қолғабыс ету әрбір маманнның жадында болуы тиіс» - деген болатын.
Білім беру жүйесі- қызығы мен қиындығы мол қүрделі сала. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру тәрбиелеу –әрбір ұстаздың оқу-тәрбие үрдісіндегі басты міндеті. Кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреулері жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады. Қандай әдісті пайдаланса да мақсат – бағдарламадаға материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.
Бүгінгі таңда жан-жақты талантты, білімді, дарынды адамын қалыптастыру бағытында білім беру күн талабы.
Осы орайда кез-келген технологиямен жұмыс жүргізгенде сол жаңашылдық әдісті пән мұғалімі өзі жақсы меңгере білуі тиіс.
Жалпы «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық, жаңашылдық, жаңалық енгізу, өзгеріс» деген ұғымды білдіреді. Оқу құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз.
Яғни, инновациялық әдістердің нәтижесі теория мен тәжірибенің тоғысуында пайда болатын жаңалықтарды қолданысқа енгізу.
«Жас баланың миы, ақ парақ тәрізді оған не жазсаң, сол болады» - деп ұлы ақынымыз М.Жұмабаев айтқандай, баланы қалай тәрбиелеймін, қалай білім беремін десең де өз еркің. Бала тату отбасында, жанашыр жандардың аялы алақанында сүйіспеншілікпен ер жетуі керек. Нәтижесінде бала мейірімді, төзімді, сыпайы, көргенді кез келген жағдайдан жол таба білетін, елінің ертеңгі сенімін ақтар азамат болары сөзсіз, сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық технология әдісімен білім алса, «көзі ашық, көкірегі ояу» азамат болары анық.
Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген.Онда бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау,шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін ұйымдастыру атап көрсетілген. Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын-ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс,оқушы өзі ізденуі қажет. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы ,оған басшылық жасауы қажет.
«Тәуелсіз ел-тірегі-білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі - білім беру, ғылымды дамыту, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Көптеген технологиялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы технология –сын тұрғысынан ойлау жобасы.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы:
--Біріншіден, өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сын тұрғысынан ойлау болса, әркім ойлары мен пікірлерін тәуелсіз құрайтын болады.
---Екіншіден, сұрақтар қойылып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.
--Үшіншіден, көңілге қонымды дәлелге ұмтылады, мәселені шешудің жолын іздеп табады.
Қазақстанның болашағы өзіміз оқытып отырған оқушыларымыздың қолында. Пейіліміздің мәртебесі-еліміздің мәртебесі. Сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу – қазақ тілі мұғалімдерінің негізгі міндеті. Осыны негізге ала отырып, жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану- математика бағыты бойынша 1-4 сыныптарға қазақ тілі пәнінен факультатив курс бағдарламасы жасалып, қазіргі таңда әр пән мұғалімі бағдарламаға сай жұмыстар жүргізуде. Осыған байланысты өзім сабақ беретін қазақ тілінен қолданбалы курсын оқытуға 1-3 сыныптарға бағдарлама жасадым. Бағдарламаның негізгі мақсат-міндеттері оқушылардың сауатты жаза білуін қалыптастыру, танымдық дүниесін молайту, шығармашылықпен өз бетінше жұмыс жасай білуге баулу. Міне,осы мақсатты әрдайым басшылыққа алып отырамын.
«Қалауын тапса, қар жанады» -дейді халық, «Ісің оңға бассын десең, ретін тап» - дейді Абай. «Әдісті дұрыс таңдай білген талантты орташа адам таңғажайып табысқа жетеді, әрекетіне әдісі сай келмесе, данышпанның да төккен тері зая кетеді» -дейді академик Павлов. Бұл айтылған даналық сөздерден шығатын педагогикалық жұмыстың оң нәтиже беруі көбінесе қолданылытын әдістерге, технологияларға байланысты екені рас.
Қазақ тілінен факультатив курс бағдарламасы бойынша сауатты жазу дағдысы
1-сыныпта басталады.Оқушылар алғашқыда сұраққа дайын сөздермен жауап берсе, кейін сұрақта жоқ сөздерді қосуға төселеді. Сонымен қатар сабақта оқушылардың ынтасын, қызығушылығын артыру мақсатында ойын әлементтерін пайдаланудың мәні зор. Мысалы: «Қай әріпті жоғалттым?», «Қай буынды жоғалттым?», «Бос торды толтыру», «Бұл қалай өзгерген?» ойындарын қолдандым. Сауаттылыққа баулудың тағы бір жолы - тақтаға, дәптерге көбірек сөйлемдер жазғызу. Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады.
Мысалы, дәптермен жұмыс жүргізерде:
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық ,-
деп оқушыларды әдемі етіп жазуға әркез баулып отырамын
2 -3-сыныптан бастап жоспар арқылы жазуға төселеді. Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал,кейбіреулері ойын ашық жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Осыны негізгн ала отырып, тірек сөздерді пайдалана отырып жазуға төселдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасай алатындай, ізденпаздыққа жол аштым. .
Мақсатым: оқушылардың жазба тілінің дамуына, сауаттылығын арттыруға ықпал ету. Егер дәстүрлі оқыту баланы жаттауға,есте сақтауға үйретсе, ал сын тұрғысынан ойлау баланың дербес жұмыс жасауына, алған білімін өмірде пайдалануға үйретеді. Жазу нақтылыққа баулиды. Жазу ойды жүйелейді.
Адамның қабілет ерекшелігіне,психологиялық жағдайына жазу тікелей байланысты. Жазуға қызықтыру маңызды. Дәстүрлі жазба жұмыстарында оқушы ойын нормадағы сөз санына сыйғызады.Еркін ойын жазу шектеледі. Мәтінге өз ойын қосқанмен ,дәлелдеуге дәрменсіздеу. Сөздік қорындағы сөздерді пайдалану жолдарын біле бермейді. Өз-өзіне сене алмады .Кейбір қиындық заман талабына туындайды. Орта балаға әсер етті. Жаңашылдық көп өзгерістерге толы болды. Сауаттылыққа талап күшейді. Ой әсемдігін мәнерлі сөзбен жеткізу көзделді. Оқушы өзі қызыққан дүние туралы жазды. Баланы жазуға машықтандыру жағдайы жазуды талап ететін өмірмен салыстырды.
Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнекіліктің алатын орны да ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз,сөйлем жазылған таблица,суретті карточка,сюжетті суреттер, дидактикалық материалдарды пайдалануға көңіл бөлемін.Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде сөздік жұмыс жүргізудің де маңызы зор. Мысалы: дана-данышпан,ақылды,білімді т.с.с. қару-жарақ-мылтық,найза,қылыш т.б.
Мәнерлеп оқу - сауатты жазудың негізі. Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады.Оқушыларды қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып,оны орнына қойып,үйлестіріп жазу,берілген сөздерден сөйлем құрап жазу,сұрақтарға толық жауап жазу сауатылыққа көмегін тигізіп отырады.
Күнделікті сабақта белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс. Бұл орайда « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолданған сабақ өз нәтижесін береді деп ойлаймын.
Бұндағы оқушы әрекеті : Өз ойын еркін жазады, өзгені тыңдай біледі және көмектеседі, бірлесе әрекет жасайды, өз әрекетін талдай алады. өз мақсатын анықтайды және сауатты, көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Осы мақсатты негізге ала отырып және де тірек сөздерді орынды пайдалану сонымен қатар оқушылардың сауатты, мәнерлі жазуларын жетілдіру мақсатында
3а сыныбындағы «Тірек сөздермен мәтін жазу» тақырыбындағы өткізген сабағымды ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: Тірек сөздермен мәтін жазу
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды логикалық мағынасын бұзбай тірек сөздер арқылы мәтін құрастыруға, мазмұнына лайық ат қоюға үйрету және дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білулерін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын,сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ізденушілік, ой қозғау,топтық жұмыс, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: Қоржынға салынған сөздер, парақшалар, Ту, Елтаңба, Елбасының суреті, қанатты сөздер т.б.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, Бейнелеу өнері, Дүниетану.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу
Сынып оқушылары 4 топқа бөлінген.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құрал -жабдықтарын түгендеу.
Психологиялық дайындық кезеңі
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі - туған тіліміз, қазақ тілі сабағы. Ана тілін білмейінше, өзге тілді түсіну мүмкін емес. Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай, «Сауатты жаза білу үшін, дұрыс сөйлеу үшін - қазақ тілінің үйрететін мәселелерін зер салып меңгеруіміз керек».
II. Үй тапсырмасы
1. Өткенді пысықтау
-Балалар, біз үй тапсырмасы бойынша бұрынғы алған білімдерімізді көрсетеміз, дамытамыз, толықтырамыз. Сауаттылықтары артты.
1 топ: «Сөз ойла, тез ойла». ( 1 сөзден бірнеше сөз ойлап табу) Жапырақ
2 топ: «Сөз құра» (а,н,ш,я; я,т.қ,и,а; у,о,б,я)
3топ: Қарсы мағыналы сөзді ойла (ыстық – қою – келді – бұлтты – жапты - ұзын)
4 топ: Сөздерден сөйлем құрап жаз (тамаша, жауқазын, жаңбыр)
"Менен сұрақ, сенен жауап"
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Ата.
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Ата.
4. Қазақ тілі сабағында нені оқимыз? (дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, мәтін оқимыз)
5. Мәтін дегеніміз не?
- Мәтін туралы білетіндерін айтқыза отырып, үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабақ:
1. Қызығушылығын ояту. ( баланың пәнге деген қызығушылығы артты. )
- Балалар, 1 – желтоқсан қандай күн?
(Тұңғыш Президент күніне байланыста мектепте өткізілетін іс-шараларды айта келе), Балалар 3 сынып оқушыларына Елбасымыз қоржын жіберіпті. Оның ішінде не бар екен, қанекей бір бірлеп алып қарайықшы. (сөз шығады, оны бала оқиды, тақтаға жапсырады).
- Бұл сөздер тірек сөздер екен.
-Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: "Тірек сөздермен мәтін жазу". ---- -Балалар сөздерге қарап, ойланыңдаршы, ойларыңа не келеді? (балалар пікірін айтты)
- Балалар, бәріңнің де айтқандарың орынды, ендеше «Менің Отаным – Қазақстан» деп тақырып қойсақ, келісесіңдер ме?
2. Мағынаны тану. . (танымдық іс-әрекеті артып, өзіндік көзқарасы қалыптасты, шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілеттері дамыды)
1. Әр топ өздерінің қоржыннан алған тірек сөздері арқылы мәтін жазады.
2. "Мақал - сөздің мәйегі" "Кім көп біледі?" (Топ бойынша Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айту) ( баланың дербестігі, өзіне сенімділігі артты)
3. "Суреттер сөйлейді" ( бала топпен бірлесе жұмыс жасады) Мына тірек сөздерге сөз тіркесін жаса.
Ауыл, Астана, Табиғат, Мектеп (плакатқа сурет салады) (Ұжымдық қарым-қатынас қалыптасты)
4. "Поэзия минуты" (тақпақтар) (бірін-бірі тыңдап сыйлай білді)
5. "Көркем, сауатты жаза білейік!" Тірек сөздерден сөздік диктант алу. (жауапкершілікпен орындады. )
3. Ой толғаныс.
- Мына тірек сөздер арқылы өз ойларын аяқтау.
«Егер мен.......болсам......»
Әкім, Президент, Батыр, Чемпион
(Өз пікірлерін толық жеткізуге төселді )
(Оқушылардан өзім күтпеген нәтижелер байқадым)
4. Қорытынды
- Елбасымыздың қоржынға салып жіберген тірек сөздерін пайдаланып, көптеген тапсырмаларды орындап, бір - біріміздің пікірлерімізді тыңдадық. Біз Президентіміз жіберген тапсырманы бұлжытпай орындадық қой, солай емес пе? Бұл деген Отанға, Елбасыға деген құрметіміз. Сендер, Отанымыздың болашағысыңдар, сондықтан "Жас ұландар жыры" әнімен сабағымызды аяқтайық.
---Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?
---Балалардың жауабы: Өз ойымызды еркін жазуды .Өзгені тыңдай білдік және көмектестік.Бірлесе әрекет жасауды.Өз әрекетімізді талдауды.
Тірек сөздерді орынды пайдалануды. Ойымызды ашық жазуды, бірін-бірін сыйлап тыңдай білуді.
5. Бағалау: Жарайсыңдар, балалар, бәріңде бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.
6 . Үйге тапсырма.
Мінекей, СТО бағдарламасының стратегияларымен сабақ жүргізу барысында мынандай нәтижелерге жетуге болатынын түсіндім
1. Оқушылардың белсенділіктері артты.
2. Жазу дағдысы қалыптасты.
3. Грамматикалық ережелерді түсінді.
4. Сауаттылығы артты.
5. Жауапкершілікті түсінді.
6. Ұжымдық қарым-қатынас орнады.
Қазіргі заман талабына сай бастауыш сынып мұғалімнің басты міндеті- оқушыны әдемі жазуға,әрі сауатты жазуға, мәнерлі оқуға үйрету. Үнемі оқушылардың көркем, сауатты жазуларын қадағалап, ескертетін жағдайлар:
1) Әріптерді дұрыс жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуын қадағалау
2) Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.
3) Балалардың жазу жұмысын өте ұқыпты,мұқият қарауға жаттықтыру.
4) Мәнерлі, сөздерді қатесіз оқуына көңіл бөлу, бұнда сауатты оқыған оқушы сауатты жаза біледі деген сөз.
Осындай ережелерді күнделікті сабақта қолданып,оқушының жазу сауаттылығына үнемі мән беру, оқушының жауапкершілігін арттырары сөзсіз.
« Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтар болсам, қазіргі таңда ұстаздар алдындағы міндетіміз-жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу,мектептен шыққан шәкіртті өмірге даярланған азамат,жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығы арқасында адамзат баласы мың ғана емес,миллллллиондаған жылдар бойы жасап келеді.
Қатесіз жазуға, мәнерлеп оқуға дұрыс сөйлеуге жаттықтыру-сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету-әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне мұғалімнің жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім алу үрдісіне әсер етіп, оқушыларды өз бетінше білім алуға дағдыландыруға байланысты. Әдемі әрі сауатты жазуға үйрету қазіргі заман талабына сай әр мұғалімнің жаңашылдыққа бейімділігімен ерекшеленеді деп ойлаймын.
Иә, жүйелі жұмыс қашада жемісін бермек, «Мектептің тірегі де, тілегі де оқыта білетін мұғалім» деп А.Байтұрсынов айтқандай оқытудың озық технологиясын меңгермейінше жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру тиімсіз. Сонымен қатар өзім сабақ беретін сыныптарда СТО стратегияларының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқасында қызығушылықтан бастап, мақсат қойып, сұрақ беріп, жауап алуға сонымен қатар сауатты жаза білуге жағдай туғызып отырамын, .
«Қыран түлігіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» дейді дана халқымыз.
«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды қорытындылай келе, болашақ данышпан тәрбиелейтін, дарындардың талантын ашатын және әрбір сабақтың идеялдық ғылыми жағына терең үңіліп, оның өзіндік ерекшелігін жан -жақты аша білетін, әрбір сабақта оқушының жазу мәнерінің әдемілігін, көркем,сауаттылығын арттыруды алға қойған мақсатым деп білемін.
Қазақтың ғұлама ақыны Абай атамыздың:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» - деген өлең жолдарын жадымызға әркез ұстап, мектеп аясында бала бойына білім нәрін сіңіруде жалықпай ізденуді, жаңа инновациялық технология әдістерін тиімді қолданып, келешек ұрпақтың сауатсыз болмауын, жазу дағдысын, көркем үлгі деңгейіне дейін көтеруге ат салысайық, дегім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Бастауыш мектеп» журналы. №5. 2005жыл.
«Бастауыш мектеп» журналы. №3. 2005 жыл.
«Бастауыш білім» журналы № 6. 2010 жыл.
«Бастауыш сынып оқыту» журналы №6 2010 жыл.
«Дауыс және көрініс» журналы. №3. 2007 жыл.
«Дауыс және көрініс» журналы. №2. 2008 жыл.
«Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудың инновациялық жолдары»
Қызылорда -2013жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |