Инструкция по изучению состояния преподавания предмета «Самопознание» в организациях среднего образовани


«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеуді



бет2/6
Дата26.01.2022
өлшемі34,68 Kb.
#129876
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зерделеу бойынша нұсқаулық

2. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеуді

жүзеге асыру тәртібі

Зерделенетін ұйымдардың таңдау тобы облыстағы, республикалық маызы бар қалалардағы білім беру ұйымдарының (оқытылу тілі ескеріле отырып) 25%-ын қамтуы керек. Таңдау тобының іріктелуін және өңірлік жұмыс тобы мүшелерінің білім беру ұйымдарына бөлінуін білім басқармасы іске асырады. Таңдау тобы кездейсоқ іріктелу әдісімен тізімделеді.



  1. Зерделеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы; білім беру үдерісінің мазмұны.

  2. Зерделеу барысында келесі әдістер қолданылады: құжаттама талдау, өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және талдау, мұғалімдермен әңгімелесу, сауалнама.

  3. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісінің ұйымдастырылуын зерделеу бойынша қызмет:

    1. Оқушылардың пән бойынша оқулықтармен қамтамасыз етілуін тексеру;

    2. Педагогикалық кадрлардың құрамы мен олардың біліктігін тексеру;

    3. Әдістемелік жұмыстың жүргізілуін, өзін-өзі тану мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетілуін және олардың жұмыстарының бақылануын тексеру: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының өзін-өзі тану сабақтарына қатысуы және педагогтарға семинар өткізуі; озық педагогикалық тәжірибенің зерделенуі және насихатталуы; педагогикалық кеңес отырыстарында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу сапасының талқылануы.

  4. Білім беру үдерісінің мазмұнын зерделеу бойынша қызмет:

    1. Сабақ кестесіне сәйкес әртүрлі сыныптағы 8-10 өзін-өзі тану сабағына қатысу және талдау (1-қосымша);

    2. Мұғалімдерге сауалнама жүргізу (2-қосымша);

    3. Оқушыларға сауалнама жүргізу (орта буын және жоғары сынып) (3-қосымша).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет