23.09.2019 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы) ЭЦҚ-ны тексерудің нәтижесі оң.
Орта білім беру ұйымдарында
«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу бойынша нұсқаулық
Инструкция
по изучению состояния преподавания предмета «Самопознание» в организациях среднего образовани
Жалпы ережелер
1. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу бойынша осы нұсқаулық облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру (бұдан әрі – РАБ) бағдарламасы жөніндегі өңірлік жұмыс топтарының мүшелеріне арналады.
2. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу бойынша қызметті жүзеге асыруға білім басқармасы басшысының білім беру ұйымдарының тізімімен қоса шығарған «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.
3. Орта білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеудің мақсаты «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу сапасын арттыруға жағдай жасау болып табылады.
4. Зерделеу қызметінің мерзімі: 2019 жылғы қыркүйек-қазан.
5. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу бойынша қызметті Өңірлік жұмыс тобының мүшелері жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |