Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод


Сумен жабдықтау мен су бұру құбырларын және құрылыстарын жуу



бет7/30
Дата15.09.2017
өлшемі3,05 Mb.
#32526
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

6. Сумен жабдықтау мен су бұру құбырларын және құрылыстарын жуу


Су құбырының желісі қаладағы су құбыры шаруашылығының ортақ желісіндегі негізгі элементтің бірі болып табылады. Су құбырларын пайдалану тәжірибесі мынаны көрсетеді, желілердің өткізу қабілеті құбырдың ішкі бетінде әртүрлі шөгінділердің пайда болуы салдарынан біртіндеп азаяды. Осы шөгінділердің пайда болуы себебі:

- Fe(OH)3 темір гидрототығының пайда болуына алып келетін металл құбырдың коррозиясы;

- судың құбырлардың бойымен жылжуы кезінде кездейсоқ түскен механикалық қоспалардың (құм, лай, балшықтың бөліктері және т.б.) түсуі;

- бактериялардың тіршілік етуі (мысалы, темір бактериялар);

- құбырлардың беттеріне темір мен кальций тұздарының түсуі.



Құбырлардың қаптап өсуі желінің жұмысын едәуір төмендетеді: су жіберу кезінде қысым лезде төмендейді, бұл суды көтеру үшін электр энергиясының көп жұмсалуына алып келеді, құбырлардағы қысым төмендейді, тұтынушыларға суды жіберу қысқартылады және судың сапасы төмендейді.

Желінің өткізу қабілетінің төмендеуі құбырларда қайта салу немесе сорғылардың қуаты жоғары қондырғыларын орнату қажеттілігін туындатады, яғни елеулі материалдық шығындармен байланысты іс-шараларды өткізуге алып келеді.

Шаруашылық-ауыз су су құбырының жүйелерінде маңызды рөлді судың сапасы атқарады. Құбырларда шөгінділердің пайда болуының нәтижесінде суды түсі және жағымсыз иісі пайда болады, яғни қарбалас сағаттарында су қозғалысының жоғары жылдамдығы кезінде немесе ағынның бағытын өзгерткен кезде шөгінділер бөлшектері құбырлардан шайылады және тұтынушыларға жетеді. Бұдан басқа, құбырлардағы шөгінділер көп хлор сіңіре алады, бұл хлорлаудың тиімділігін және судың санитарлық қауіпсіздігін азайтады. Сондықтан, құбырларды тазалау, жуу және дезинфекциялау тұтынушыларға сумен жабдықтауды жақсарту мақсатымен бірге жіберілетін судың сапасын арттыру мақсаты ретінде су құбырын пайдаланудың негізгі міндеті болып табылады.

Құбырларды тазалау және жуу әдістері. Су құбырын тазалау мен жууда қолданылатын негізгі әдістер мыналар болып табылады: механикалық, химиялық, гидропневматикалық, гидравликалық.

Механикалық тазалау тәсілі құбырлардан жіберілетін судың металға агрессивті әсерінің нәтижесінде пайда болатын адырлы темір шөгінділерді, сондай-ақ темір қоспаларымен цементтелетін түп шөгінділерін жою кезінде қолданылады. Бұл үшін ершті щеткалар, скребті тазартқыштар және су бұру үшін құбырларды тазарту кезінде осындай қолданылатын басқа құралдар қолданылады. Осы құрылғыларды құбырлар бойымен шығырдың көмегімен тросалар арқылы тасиды. Егер су құбыры желілерінде тазарту құрылғыларын енгізу үшін тесіктер көзделмесе, онда тазартқыш пен арнайы үлгілі бөлікті орнату үшін құбырдың ұзындығы 0,6-1,5 м учаскесін ойып алу қажет. Осы үлгілі бөлік арқылы бастапқыда қалтқысы бар жіпті жібереді, кейін тазарту тросын бойлап жіберу.

Тазартудың химиялық тәсілі химиялық реагенттердің шөгінділерді еріту қабілетіне негізделген. Тазартылатын құбыр 20 %-ға ингибирленген тұз қышқылымен толтырылады, ол шөгіндіні ерітеді. Кейін қышқылды жояды және құбырды шаяды. Бұл тәсіл құбырларда тығыз карбонатты шөгінділер болғанда қолданылады. Тазартылатын учаскелердің ұзындығы бұл ретте 500 м дейін жетеді. Тәсіл тиімді, бірақ тазартылатын құбырды істен ұзаққа шығаруды талап етеді.

Гидропневматикалық тәсіл тазартылатын құбырда бір уақытта сумен бірге сығылған ауа жіберілуге негізделген, ол судың қозғалу жылдамдығын арттырады және ауанын белгілі көлемі мен кезектесетін тез өтетін сулы «тығындар» түріндегі ағынның өзіндік типін құрады. Мұндай ағыс ағынның құйындалуымен, үлкен жергілікті жылдамдықтармен және құбырдың бетіне судың гидравликалық соғылуымен бірге жүреді. Сулы «тығындардың» құбырдың бетіне жергілікті гидравликалық соғылулары қауіпсіз болып келеді, яғни олар құбырда жылжитын ауаның жинақталуымен амортизацияланады. Бұл ретте шөгінділер бұзылады және шығарылады. Тазартылатын учаскенің ұзындығы 500-1000 м құрайды.

Шармен құбырды гидромеханикалық жуу құбырдан жұмсақ және тұтқыр, сондай-ақ тығыз шөгінділерді жоюға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда құбырда құбырдың диаметріне тең диаметрімен арнайы келтеқұбыр орнатылады. Істен шығарылған құбыр келтеқұбырдың қасындағы онда ашылған қақпа кезінде қолмен ажыратылады және осы жерге тросқа жалғанған шарды люк арқылы осы салады. Соңғыны алдын ала келтеқұбырдың қақпағындағы сальникті құрылғы арқылы өткізеді. Ысырмалар, шарлар, шығырдың көмегімен троспен тоқтатылатын судың әсерімен тербеліс қозғалысы келеді және өзінің қабырғаға соғылуларымен қатты шөгінділерді бұзады, олар судың ағынымен кетіп шығарылады. Шардың диаметрі тазартылатын құбырдың кемінде 0,8 диаметрі болуға тиіс.

Тазартудың гидромеханикалық тәсілдері:

- серіппелі жонғыштардан тұратын снарядпен;

- арнасы бар саптамамен.

Снарядпен тазартудың гидромеханикалық тәсілінің мәні тазартылатын құбырға жіберілетін су қысымының әсерімен ұзындығы бойында жұмыс істейтін серіппелі жонғыштардан тұратын снаряд монтаждау (құбырдың басқа жағынан шөгінділерді шығару үшін ашық жылыспа орнатылады). Осы снарядтарды тазарту жылдамдығы 3-5 км/сағатты құрайды. Снарядтың жұмыс істеуі үшін қажетті шарттар – құбырда тарылатын және тез бұрылатын жерлердің болмауы.

Екінші әдісте тазартылатын құбырға 500 атм дейінгі қысыммен су жіберілетін арнасы бар саптама түсіріледі. Арнаның қозғалысы арнаның басы мен аяғында жұмыс істейтін реактивті күштердің әртүрлі болатын әсерімен өтеді. Учаскенің ұзындығы шамамен 400 м құрайды және негізінен шлангының 200 м ұзындығымен лимиттеледі.

Көрсетілген гидромеханикалық тәсілдермен құбыр толық тазарады.

Ауаны қолданбай құбырды жуу. Құбырдың пайдаланылатын желісі былай шайылады:

- желінің кез келген орнынан немесе үйден ажыратқанда су бөлу кранынан қайта алынған бактериологиялық талдаулардың нашар көрсеткіштері кезінде;

- үйге қосылатын суды өлшегіштердің жиі ластануы кезінде немесе тұтынушылардың су бөлу крандарына лай су түскен кезде (немесе құм);



- су қозғалысының төмен жылдамдығымен тұйық желілер мен жүйелерді профилактикалық тазарту үшін;

- жоспарлы монтаж жұмыстарын (ою) орындағаннан және зақымданған құбырларды жөндегеннен кейін;



Тарату желілерін жуу өрт басы (жеңілдетілген стендер) немесе өрт гидранты алынатын кезде оның орнына өрт тіреуіне орнатылатын шығырмалы рәзеңке түтік құбыры бар арнайы келтеқұбыр арқылы жүргізеді (гидранттың орнына түтік құбыры бар келтеқұбырды орнатқанда су құбырлармен тез жылжиды).

Жуудың алдында шайлатын желіні ысырмаларады жабу арқылы ажыратады: шайлатын учаскенін соңында, ең төменгі орнында өрт басын немесе келтеқұбырды орнатады. Кейін учаскенің қарама-қарсы соңында бірнеше айналымға ысырманы ашады және суды жібереді. Су жіберуді ысырмамен жуу үздіксіз және шаятын су тұрғын үйлерді, бақшаларды, кәсіпорындардың аумағы мен үй-жайларын баспайтындай қылып реттеледі. Егер суды шығару орны шайлатын учаскенің ортасында орналасса, онда жууды учаскенің екі жағынан кезек-кезекпен суды жібере отырып жүзеге асыруға болады. жуылатын учаскенің ұзындығы жергілікті жағдайларға, бүйір тармақтарын ажырату мүмкіндігіне байланысты таңдалады және 1 км аспауы тиіс. Егер жуу желісі ұзын болса, онда оны учаскелерге бөліп шаяды, коректендіретін магистральдерге жақын орналасқан учаскелерден бастайды. 150 мм диаметрімен ұзындығы 100 п.м. құбырдың учаскесін жуудың болжамды ұзақтылығы 6.1-кестеде келтірілген.
6.1-кесте.

атм-да далалық желілердегі қысым, жуылатын тұйық жер

Минутте жуудың ең аз ұзақтылығы

л/минутте судың шығысы

1 – 1,5

11

390

1,5 – 2,0

8

535

2,0 – 2,5

6

610

2,5 – 3,0

5

700


Орташа 2-3 атм қысыммен диаметрі 150 мм құбырларда 1 м/сек. Шайған кезде су қозғалысының қажетті жылдамдығы бір өрт гидрантының жұмысымен қол жеткізуге болады. Диаметрі 200-350 мм құбырларында бұл жылдамдық екі өрт гидранттарын пайдаланумен немесе арнайы шығарындыларды пайдаланумен жетеді. Су құбырларында темір шөгінділер болған жағдайда шайғанға дейін ұзақ байланысумен хлордың артық мөлшерімен суды алдын ала хлорлау қажет. Судың лайлығының ұлғаюымен байланысты соңғы жуу уақыты таза стаканға немесе сынамаға құйылған шаятын судың мөлдір болу деңгейі бойынша жергілікті жерде анықтайды. Суды бактериологиялық талдаудың нашар көрсеткіштеріне байланысты жуулар қанағаттанарлық талдау алғанға дейін жүргізеді. Жуғаннан кейін судың нашар талдауларын алғанда гидропневматикалық жууды жүргізеді.

Гидропневматикалық жуу құбырды тазалаудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді, судың шығындарын және жуудың ұзақтылығын елеулі қысқартады (2-6 сағатқа дейін). Тәжірибеде егер ауаны қолданбаса, желілерді жуу бірнеше күнге созылады, әсіресе қалалық жағдайларда, онда су қозғалысының жеткілікті жылдамдығын қамтамасыз етіле бермейді. Бұл ретте қажетті жабдықтар мыналар:

- сығылған ауаның 5-10 м3/мин өнімділігімен және 6-7 атм. қысыммен жылжымалы компрессор;

- стендермен немесе әуе бағанымен қосу үшін ұзындығы 5-10 м келтеқұбырмен және жартылай бұранда Роттамен Д = 50 мм рәзеңке-мата қолғабы;

- ауаны кіргізу үшін қондырғылар – гидрантқа қосылу үшін әуе бағаны немесе стендер;

- диаметрі кемінде 150 мм суды төгу үшін баған;

- Д = 50 мм келтеқұбыры бар арматураға сәйкес келетін фланцтер жиынтығы;

- ені 30 мм және қалыңдығы 2-3 мм қысымды түтік құбырды бекітуге арналған бұрамалары бар металл қамыттар;

- суды бұруға арналған икемді түтік құбыр.



Желіні жуу бойынша жұмыстарды 4 адамнан тұратын арнайы бригада орындайды, оған компрессорлық машинисті мен бір инженер-техникалық қызметкер жатады.

Желіні жуу бойынша жұмыстар мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) Жуылатын желінің барлық ауданында құбырлардағы қысымды манометрикалық түсіру жүргізіледі.

2) Арматураның орналасуына байланысты шайылуға тиіс желі ұзындығы 500-1000 м учаскелерге бөлінеді.

3) Өрт гидранттарының және іске қосылудағы ысырмалардың дұрыстылығы тексеріледі.

4) Егер желіде өрт гидранттарының жеткілікті саны болса, онда жуу гидранттар арқылы жүргізіледі, бұл жұмысты едәуір жеңілдетеді.

Ақырғы өрттік гидранттарға (жуылатын учаскенің шекаралары) стендерлер орнатылады, оларға жуылатын учаскенің басында ауа сығымдағышынан ауа беріледі, ал ұшына өңделген суды ағызып шығаруға арналған иілгіш түтік құбыр жалғанады. Су «тығындарының» шығып кетуін болдырмау үшін түтік құбырдың ұшын бекітеді.

5) Жуылатын учаскедегі барлық тарамдалулардың және үйге кіретін тарамдарды, сондай-ақ су өткізетін колонкаларды сөндіріп тастайды.

6) Сығымдалған ауа сығымдағыштан желіге рәзеңкелі маталық түтік құбыр немесе ауалық тік бағана арқылы келеді.

7) Дайындалған учаскені жуу су қозғалысы бойымен мынадай кезектілікпен жүргізіледі:



- гидрантты учаскенің соңында ашады және шығарғыш түтік құбыр арқылы суды ағызады;

- гидрант толығымен ашық екендігіне көз жеткізгеннен кейін аталған гидранттағы немесе суды ағызуға арналған тік бағананың желі сызығының артындағы ысырманы тығыздап жабады;

- жуылатын учаскенің басындағы судың қысымынан асатын 0,-1,5 атм. шамасына дейін ресивердегі қысымды ұлғайтады, ол алдын-ала манометрлік алып тастау арқылы анықталу керек;

- қысымды алғаннан кейін ресивердегі тетікті ашады. Жуылатын учаскеде ауаны шығарумен бірге ресивердегі қысым учаске басындағы су қысымының шамасына дейін төмендейді.

8) Атқып шығарылатын судың лайланғыштығы біртіндеп ұлғаяды, су қара-құба түске боялады, содан кейін лайлануы біртіндеп азаяды. Қатты шөгінділер болған жағдайда су «тығындарымен» бірге анағұрлым маңызды шаманың бөлшектері шығарылады.

9) Жуудың ұзақтығы және атқып шығарылатын судың мөлшері құбырдың диаметріне, жуылатын учаскенің ұзындығына, сондай-ақ құбырлардың ластану деңгейі мен сипатына тәуелденеді. Бір учаскені жуу ұзақтығы 0,5 сағаттан 6 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

10) Су толығымен ағарған кезде жуу аяқталған болып есептеледі. Осыдан кейін ресивердегі тетікті немесе кранды және жуылатын учаске басындағы кранды бір уақытта жабу арқылы жуылатын құбырға ауаның берілуін тоқтатады. Сосын жуылатын учаскенің соңындағы стендерден судың шығуын бақылайды. Құбырдан ауа толығымен шығарылғандығына көз жеткізе отырып, жуылатын учаскенің соңындағы гидранттың артындағы ысырманы ашады. Жуатын су атқып шығатын гидрантты жабады, екі стендерді де алып тастайды және құдықтардың қақпақтарын жабады.

11) Қандай да бір ауданда жууды бастағанда барлық ластанған желі толығымен жуылғанға дейін учаскелер бойынша бірізіділікпен жууды жүргізу қажет, себебі өңделетін учаскедегі құбырлардың қабырғаларынан жуылған тұнбалар мен ластықтар ысырманы толығымен жаппаған кезде желінің келесі учаскелеріне түсуі мүмкін, бұл жуылғаннан кейін судың сапасын нашарлатады.

12) Құбырларды жуу әдетте сорғы станциясынан басталады және бірізділікпен жүргізіледі: алдымен су таратқыштарда, содан кейін анағұрлым ірі диаметрлі негізгі тораптарда және одан әрі ауырлау желілерде.

13) Құбырларды жуған кезде су көп мөлшерде атқып шығатындығын ескере отырып, пайдаланылған суды су бұрудың нөсерлік желісіне немесе кюветке ағызу қарастырылады.

14) Жуылатын учаскені жууға қосып, жуылатын учаскенің соңындағы түтік құбырдан атқып шығатын су-ауа қоспасаның сипатын және ауа сығымдағышын бақылайды.

Жуудың қалыпты тәртібі болып кезектелетін су «тығындарының» және ауа үлестерінің шығарылуы бірқалыпты, жеткілікті жылдамдықпен және қысыммен болу керек. Ауа сирек кезектесетін жуылған судың жайбарақат шығуы оның ауа сығымдағышынан жеткіліксіз түрде берілуін көрсетеді, оның себептері болып ауа өткізгішінің кранының толық ашылмауы немесе ауа сығымдағышының жеткіліксіз өндіргіштігі табылады. Учаскені жуудың мұндай тәртібі босаң өткізіледі және қажетті әсерді бермейді. Ауаның берілуін ұлғайту үшін ауа сығымдағышының өндіргіштігін ұлғайту немесе ауа өткізгішінің кранын толығымен ашу қажет. Су сирек кезектесіп, өзіне тән ысылдауы арқылы ауаның көп үлесінің шығуы жуылатын учаскеде судың жеткіліксіз жұмсалуын немесе ауаның артық берілуін көрсетеді, бұл да жуудың қажетті әсерін бермейді. Жуу тәртібін қалыпқа келтіру үшін судың тиісті мөлшерінің берілуін реттеу және жуылатын учаскенің басындағы желідегі ысырманың толық ашылғандығын тексеру қажет. Ауа қалыпты беріліп, ысырма толығымен ашық болған кезде су қажетті мөлшерде жұмсалмаған жағдайда бұл учаскелерді жууды қала тұрғындары суды аз тұтынатын тәулік мерзімінде жүргізеді немесе ауаны жүйелі түрде беруге ауысады.

Өрт гидранттары жоқ су таратқыштарын және желінің жекелеген учаскелерін жуған кезде жуылатын учаскелердің шекаралары болып жоғарыға бағытталған фланецті келте құбыры бар вантуздар мен фасондық бөліктер орнатылған құдықтар қызмет етеді. Бұл мақсат үшін ысырмалардың қораптары да пайдалана алады; бұл жағдайда ысырманы барлық тиекті бөлігі қақпақпен және шпиндельмен бірге алып шығарылады. Қақпақ фланецінің бойымен фланец дайындалады, оның көмегімен ауаны кіргізуге немесе жуатын суды шығаруға арналған құрылғы құрастырылады. Егер ұзындығы 1 км-ден асатын су таратқыш учаскесінде фасондық бөліктері немесе ысырмалары бар құдықтар болмаса, онда су таратқышты сапалы жуу үшін соңғысын 1 км болатын учаскелерге бөлу және Д = 100 мм келте құбырларында ойып кесу және орнату қажет. Су жеткілікті түрде жұмсалмаған кезде жууды суды минималды тұтыну сағаттарында жүргізеді. Кейде су шығынын ұлғайту үшін су өткізетін желінің бір бөлігін сөндіру ұсынылады. Егер құбырдағы судың шығыны жеткіліксіз болса, ауаны жүйелі түрде енгізуді қолдану керек, ол кезде ауа өткізгішінің кранын жабады, ал ресивердегі қысымды компрессордың жұмыс қысымына дейін жеткізеді. Осыдан кейін кранды жылдам ашады және құбырға ауаны кіргізеді. Содан кейін ресиверде қажетті қысымды жасау үшін кранды қайтадан жабады. Ауа берудегі үзілістер 3-5 минутті құрау керек, бұл ресивердегі қысымды жұмыс қысымына дейін жеткізу уақытымен анықталады.

Су шығыны жеткіліксіз және ауа сығымдағыгының өндіргіштігі жеткілікті болған кезде жуу әсерін ұлғайту үшін ауаны жүйелі түрде енгізуді қабылдау қажет, себебі су «тығындарының» ауамен бірге нақты айқындалып кезектесуі шөгінділердің анағұрлым көп мөлшерін шығарады. Бұл жағдайда ауаны берудегі үзілістер 20-30 секундты құрайды. Бір тараққа ауа беретін екі-үш ауа сығымдағышының қолданылуы ықтимал.

Гидропневматикалық жуу тиімділігі су мен ауаның 1 : 4-6 шығындалуы кезінде қамтамасыздандырылады, яғни ауаның шығыны судың шығынынан 4-6 есе артық болу керек.

Су-ауа қоспасы қозғалысының жылдамдығы мынадай:



- лайлы және құмды шөгінділер үшін – 1,5 м/сек;

- темірлі тұнбалық және биологиялық тектер үшін - 2-2,5-3 м/сек.

Ауа көлемінің мөлшері мынадай:

1,5 м/сек = 4;

2,0-2,5 м/сек = 5;

2,5-3,0 м/сек = 6.

Ауаны өлшеу көлемдік тәсілмен жүргізіледі.



Жуғаннан кейін оның нәтижелерін анықтайды. Тиімді жуған кезде желідегі бос қысымдар және оның өткізгіш қабілеті ұлғаяды, ал судың сапасы жақсарады. Жуғаннан кейін судың шығындалуы туралы кесім құрастырылады, онда құбыр учаскелерінің диаметрлері мен ұзындықтары бекітіледі. Жуу нәтижелері журналға енгізіледі (13 қосымша). Егер желі қатты ластанған болса, жуғаннан кейін оны залалсыздандырады.

Гидропневматикалық жуу кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау керек, су мен ауа берілетін құбырлардағы манометрлердің көрсеткіштерін үздіксіз қадағалау арқылы техникалық қызметкерлер құрамының қатарынан арнайы тағайындалған тұлғаның жетекшілігімен жұмысты орындау қажет.



Құбырларды жуу бойынша жұмыстарды жүргізген кездегі қауіпсіздік техникасы. Құбырларды гидропневматикалық жуу кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін орындау қажет. Жұмыстар техникалық қызметкерлер құрамының қатарынан арнайы тағайындалған тұлғаның жетекшілігімен жүргізілу керек. Ауа сығымдағышы манометрінің көрсеткіштерін үздіксіз қадағалау қажет. Құбырлардағы қысым құбырларды жуу үшін қажетті қысымнан асып кеткен кезде артық ауа атмосфераға шығарылады. Ауа бағаналарын немесе жуғыш суға арналған шығарғыштарды орнатқан кезде құдықтарда жұмыстар жүргізіледі, ол кезде мынадай сақтық шаралары сақталады:

1) Су өткізгіш құбырлардың қақпақтары көлемді, сондықтан олар жарақаттанудың (қолдар мен аяқтарды ауыртып алудың) себебі болып табылады. Құдықтардың қақпақтарын қолмен ашуға қатаң тыйым салынады. Оларды ілгектермен және сүймендермен қамдалған екі жұмыскер ашу керек.

2) Егер құлдықта газ немесе олардың қоспасы болса, құдыққа түсуге немесе оның ішінде жұмыс жүргізуге болмайды, себебі газ улануға, кейбір жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан құдыққа түсер алдында ЛБВК лампасымен құдықтың ішінде газдың жоқ екендігіне көз жеткізу қажет. Құдықты 5-10 минут ішінде соратын желдеткішпен желдеткен жөн.

3) Жарықтандырғыш газдың, күкіртті сутектің, аммиактың болуын оларға тән иісі бойынша анықтауға болады. Көмірқышқыл газының иісі жоқ, сондықтан иіс сезімі арқылы оны анықтауға болмайды. Ол ауадан ауырлау, құдықтың түбінде болады және қиын кетіріледі. Көмірқышқыл газының болуын ЛБВК жағулы лампасымен анықтауға болады, көмірқышқыл газының ортасында аталған газ көп мөлшерде шоғырланса лампа өшіп қалады, аз мөлшерде шоғырланса, алау кенеттен кемиді.

4) Жарылуды болдырмау үшін құдықтың ішінде, құдықтың астында немесе жанында темекі шегуге, сіріңке немесе шақпақ жағуға қатаң тыйым салынады.

5) Құдықта жұмыс жүргізуге арналған бригада кем дегенде үш адамнан тұру керек. Жұмыскерді құдыққа түсірген кезде құдықтың жанында екі жұмыскер болу керек. Олардың біреуі жұмыс жүргізіліп жатқан жерден көліктердің өтпеуін қадағалау керек, ал екіншісі құдықтың ішінде жұмыс жасап жатқан жұмыскерге тағылған сақтандырғыш белдіктің жібін ұстап тұру керек және газ тұтқыштың шлангының оралып қалмауын бақылау керек. Егер жұмыс желдеткішпен жүргізілсе, жұмыскерлердің бірі таза ауа беруі керек, жұмыскердің жағдайын бақылап, қажет болғанда оған тез арада құдықтан шығуға көмектесу керек.

6) Құдықта газдың бар-жоқтығына қарамастан, құдыққа сақтандырғыш белдіксіз түсуге тыйым салынады.

7) Ашық құдықтар олардың ішіне адамдардың түсіп кетуінен және көліктердің кіріп кетуін болдырмау үшін қоршалу керек. Ескерту белгілері келтірілген тасымалданатын шідер орнататын күні қоршаулар қойылады. Түнде орнатылған шідерге қызыл түсті жарықтық дабыл қосылады. Ескерту белгісі көлік қозғалысына қарсы бағытта құдықтан 5 м арақашықтықта орнатылады.

8) Желінің құдықтарында орналасқан ысырмаларды құдыққа жұмыскерді түсірмей, ұзын штангта айырлы кілтпен ашу немесе жабу ұсынылады.


Каталог: data -> files
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
files -> Ақмола облысы Зеренді ауданы «Куропаткино орта мектебі» кмм биология пәні мұғалімі Сарин Жарас Темиртасулының портфолиосы резюме
files -> Водоотведение. Наружные сети и сооружения


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет