Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод



бет10/30
Дата15.09.2017
өлшемі3,05 Mb.
#32526
түріИнструкция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

Қосымшалар




1-қосымша

Сілтемелер берілген нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі


  1. ҚР Су кодексі 2003 ж. 9 шілдедегі № 481-II.

  2. ҚР Экологиялық кодексі. 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III.

  3. «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 18.09.2009 ж. № 193-IV Кодексі.

  4. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Заңы.

  5. Санитарлық-эпидемиологиялық ереже. Су көздеріне, шаруашылық- ауыз су мақсаттарына арналған бас тоғанның орындарына, шаруашылық- ауыз сумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар. ҚР Үкіметінің 05.08.2011 ж. № 14-5-5871/И қаулысымен бекітілген.

  6. ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009. Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар.

  7. ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер.

  8. Техникалық регламент. Халыққа арналған ауыз суға қойылатын талаптар. ҚР Үкіметінің 13.05.2008 ж. № 456 қаулысымен бекітілген.

  9. Электр қондырғыларын орнату ережесі. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігің Мемлекеттік қадағалау комитеті төрағасының 17.07.2008 ж. № 11-п бұйрығымен бекітілген және Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларға мемлекеттік қадағалау, техникалық және таулы қадағалау департаментімен (26.07.2004 ж. № 7/1068-562 хат) келісілген.



2-қосымша

I. Белсенді хлор мен хлорлы әктің болуын анықтау


Реактивтер:

1. 10 % йодты калий ерітіндісі.

2. тұз қышқылы (көлемі бойынша 1:5).

3. натрий гипосульфитінің 0,01 Н ерітіндісі.

4. 0,5 % крахмал ерітіндісі.

Талдау барысы: 3,55 г хлорлы әкті өлшеп алады, фарфор үккішке шамалы су қосып, біртекті болғанға дейін үгітеді және аздаған мөлшерде сумен араластырады. Содан кейін сұйықтықты өлшем колбасына құйып алады, үккішті бірнеше рет шаяды, және сұйықтықтың көлемін 1 литрге жеткізеді. Қажалған тығыны бар колбаға 5 мл йодты калий ерітіндісін, 5 мл тұз қышқылын, тұнбаланған 10 мл хлорлы әк ерітіндісін және 50 мл тазартылған су құяды.

Бұл жағдайда бос йодтың мөлшері зерттелетін әктегі белсенді хлордың мөлшеріне баламалы мөлшерде бөлінеді. 5 минуттен кейін бөлініп шығарылған йодты гипосульфиттің 0,01 ерітіндісімен ақшыл-сары түске боялғанға дейін титрлейді, содан кейін 1 мл крахмал ерітіндісін қосады да көк бояу кеткенге дейін титрлеуді жалғастырады. Титрлеуге жұмсалған 0,01 Н гиперсульфат ерітіндісіндегі мл мөлшері зерттелетін хлорлы әктегі белсенді хлордың % тікелей көрсетеді.
II. Су құбырының суындағы қалдықтық белсенді хлорды мөлшерлік анықтау
Йодометриялық тәсіл

Реактивтер:

1. Құрамында бос йодтар жоқ химиялық таза кристаллды йодты калий.

Тексеру. 0,5 г йодты калийді алып, 10 мл тазартылған суда ерітіңіз, 6 мл буферлік қоспа мен 1 мл 0,5 % крахмал ерітіндісін қосыңыз. Реактив көк түске боялмау керек.

2. Буферлік қоспа: рН = 4.6. Сірке қышқылының 102 мл мольдік ерітіндісін (1 л суға 60 г 100 % қышқыл) және сірке қышқылды натрийдің 98 мл мольдік ерітіндісін (1 л суға 136,1 г кристаллды тұз) араластырыңыз және 1 литрге жеткенше алдын-ала қайнатылған тазартылған су қосыңыз.

3. Натрий гиперсульфитінің 0,01 Н ерітіндісі.

4. 0,5 % крахмал ерітіндісі.

5. 0,01 Н екі хром қышқылды калий ерітіндісі. Гипосульфит ерітіндісінің 0,01 Н титрін орнату былайша жүргізіледі: колбаға 0,5 г таза йодты калийді салады, 2 мл суда ерітеді, алдымен 5 мл тұз қышқылын (1:5), содан кейін 10 мл 0,01 Н екі хром қышқылды калийді және 50 мл тазартылған су қосады. Бөлініп шыққан йодты титрлеудің соңында қосылатын 1 мл крахмал ерітіндісінің қатысуымен натрий гипосульфитімен титрлейді. Натрий гиперсульфитінің титріне түзету коэффициентін келесі формула бойынша есептейді: К = 10/а, мұндағы а – титрлеуге жұмсалған натрий гиперсульфиті миллилитрлерінің мөлшері.

Талдау барысы:

а) конус тәрізді колбаға 0,5 г йодты калийді салыңыз;

б) 2 мл тазартылған су құйыңыз;

в) колбаның ішіндегісін йодты калий ерігенге дейін араластырыңыз;

г) егер зерттелетін судың сілтілігі 7 мг/экв жоғары болмаса, 10 мл буферлік ерітінді құйыңыз. Егер зерттелетін судың сілтілігі 7 мг/экв жоғары болса, онда буферлік ерітіндінің милилитрлік мөлшері зерттелетін судың сілтілігінен 1,5 есе жоғары болу керек;

д) 100 мл зерттелетін су құйыңыз;

е) ерітінді ақшыл-сары түске боялғанға дейін гипосульфитпен титрлеңіз;

ж) 1 мл крахмал құйыңыз;

з) көк түс кеткенге дейін гипосульфитпен титрлеңіз.

Есептеу: зерттелетін суда мг/л өлшенетін белсенді хлордың болуы мына формула арқылы есептеледі:

Х = 3,55 ´ Н ´ К

мұндағы Нтитрлеуге жұмсалған гипосульфиттің мл-дегі мөлшері,

Кнатрий гипосульфитінің титріне қатысты түзету коэффициенті.
Қызғылт сары метилді ерітіндімен титрлеу тәсілі

Реактивтер:

  1. Зертханалық шыны әйнек ыдыс, сыйымдылығы мынадай: өлшем колбалары 100 және 1000 мл; 5 мл краны бар микробюретка.

  2. Тамызғы.

  3. Буландырғыш шыны аяқтар.

  4. Тығыздығы 1,19 г/см3 тұз қышқылы.

  5. Қызғылт сары метилдік (булы-диметилапино-озобензолсульфоқышқылды натрий).

  6. Тазартылған су.

Талдауға арналған барлық реактивтер таулдау үшін таза болу керек (т.ү.т.).

Талдау барысы: 100 мл талданатын суды фарфор шыны аяққа құяды, 5 н тұз қышқылы ерітіндісінің 2-3 тамшыларын қосады, және араластыр отырып, жоғалмайтын қызғылт түс пайда болғанша қызғыл сары метилді ерітіндімен титрлейді.

Есептеу: Бос қалдықтық хлордың
1), мг/л мөлшерін мына формула бойынша емсептейді:

0,04 + (v . 0,0217) . 1000

Х1 = ------------------------------- ,

V

мұндағы: v – титрлеуге жұмсалған 0,005 %-қ қызғылт сары ерітіндінің мөлшері, мг;

0,0217 – қызғылт сары метилді ерітіндінің титрі;

0,04 – эмпириялық коэффициент;

V – талдау үшін алынған су көлемі, мл.

Йодометриялық тәсілмен анықталған қалдықтық хлордың сомалық құрамы мен қызғылт сары метилді ерітіндімен титрлеу тәсілі арқылы анықталған бос қалдықтық хлордың болуы арасындағы айырмашылық бойынша хлораминдік хлордың 2) мөлшерін табады:

Х2 = Х – Х1
III. Суды зарарсыздандыру үшін хлордың жұмыс үлесін таңдау әдістемесі

3 банкаға титрленетін зерттелуші судың 1 л бойынша құяды. Содан кейін әрбір банкаға кестеде болжамды түрде көрсетілген мөлшердегі хлорды әктің 1 % ерітіндісін қосады.



Су көздерінің табиғаты және судың сапасы


Зарарсыздандыру үшін

л/м3 немесе мл/л өлшенетін 1% ерітіндісінің қажет мөлшері

г/м3 немесе мг/л

белсенді хлор

25 % хлорлы әк

1

2

3

4

Артезиандық су, таза тау өзендерінің суы, ірі өзендер мен көлдердің сүзілген суы

1-1,5

4-6

0,4-0,6

Құдықтың мөлдік суы және шағын өзендердің сүзілген суы

1,5-2

6-8

0,6-0,8

Ірі өзендер мен көлдердің суы

2-3

8-12

0,8-1,2

Ашық су көздерінің лас суы

5-10

20-40

2-4


Хлорлы әк қосқаннан кейін әр банканың ішіндегісін мұқият араластырыңыз және 30 минутке тыныштықта қалдырыңыз. Содан кейін барлық банкадағы су құрамындағы қалдықтықхлорды анықтайды және бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.

Қалдықтық хлорды анықтау үшін колбаға 5 мл 10 % йодты калий, 10 мл буферлік ерітінді (йодометриялық тәсілдің сипаттамасын қараңыз) құяды және тамызғышпен банкадан 200 мл хлорланған су қосады. Бөлініп шыққан йодты 0,01 Н гипосульфит ерітіндісімен ақшыл-сары түске боялғанға дейін титрлейді, 1 мл 0,5 % крахмал ерітіндісін қосады және көк бояу кеткенге дейін титрлейді. мг/л-мен өлшенетін қалдықтық хлордың мөлшері 0,355 ´ 5Н құрайды, мұндағы Н – титрлеуге жұмсалған гипосульфиттің мл-гі мөлшері. Хлормен 30-минуттік байланыста болған банкаларда қалған суға қайнату арқылы алдын-ала стерильденген 1 мл 1 % натрий гипосульфитінің ерітіндісін енгізеді (хлордың артық мөлшерін байланыстыру үшін). Осыдан кейін бактериялық талдау ережелерәне сәйкес (МСТ 18963-73) ішек таяқшаларының мөлшерін және бактериялардың жалпы санын анықтайды.

Хлордың оңтайлы жұмыс үлесі болып 1 л суда сақталатын ішек таяқшаларының мөлшері 3-ден аспауы табылады, ал бактериялардың жалпы саны - 1 мл-де 100-ден артық емес. Бұл жағдайда қалдықтық хлордың болуы 0,5 мг/л артық болмау керек. Егер зерттелетін судың барлық сынамаларында зарарсыздандырудың жеткілікті әсері алынбаса немесе қалдықтық хлордың боуы 0,5 мг/л-ден аспаса, онда тәжірибені хлордың көп немесе аз мөлшерімен қайталайды.

Ескерпе: Жергілікті сумен жабдықтау шарттарында, бактериялық талдауды жүргізу мүмкіндігі болмағанда, хлордың үлесі суда қалдықтық хлордың шоғырлануын анықтау және хлорланған су иісінің қарқындылығын анықтау негізінде тағайындалады. Хлорлау үшін жұмыс үлесі ретінде хлордың әлсіз иісі болаьтын үлесті қабылдайды, ал ондағы қалдықтық хлордың мөлшері 0,3-0,5 мг/л деңгейінде болу керек.

IV. Бос және байланысқан (хлораминдік) белсенді хлорды бөліп анықтау тәсілі


Реактивтер:

1. Тұз қышқылды парааминодиметиланилиннің (диметидпарафенилендиаминнің) 1% спирттік ерітіндісі: 100 мл этил спиртінде 1 г ерітеді (ректификат). Индикатор ретінде қолданылады.

2. Фосфаттық буферлік ерітіндісі РН = 7,0 бір алмастырылған фосфор қышқылдық калийдің (КН2РО4) 3,54 г және екі алмастырылған форфор қышқылдық натрийдің (Na2HPO4 ´ 12H2О) 8,6 г мөлшерін 100 мл тазартылған суда ерітеді.

3. Йодты калийдің 1 % ерітіндісі: 100 мл тазартылған суда 1 г (қара әйнекті шыны сауытта сақтаңыз).

4. Қымыздық қышқылының 2,5 %: 100 мл тазартылған суда 2,5 г.

5. Күкірт қышқылды шала тотыққан темірдің (FeSO4 ´ 7Н2О) 0,01 Н ерітіндісі 10 еселенген тазартылған сумен араластыру арқылы негізгі 0,1 Н ерітіндісінен дайындалады. Негізгі ерітіндіні дайындау үшін 28 г FeSO4 ´ 7Н2О өлшеп алады және өлшем колбасына (литрлік) салады, ерітіндіні 2 мл күкірт қышқылымен (1:3) қышқылдандыра отырып, тазартылған суда ерітеді, содан кейін су құйып, белгіге дейін жеткізеді.

0,01 Н ерітіндінің титрін марганец қышқылды калийдің 0,01 Н ерітіндісі бойынша орнатады: колбаға FeSO4 ерітіндісінің 25 мл енгізеді, 2 мл күкірт қышқылын (1:3) қосады және 30 секунд ішінде жоғалып кетпейтін қызғылт түс қалыптасқанға дейін KMnO4 ерітіндісімен салқын жерде титрлейді.

Талдаудың барысы:

а) 100 мл зерттелетін су құйылған колбаға 1 мл буферлік ерітінді және 2 мл индикатор қосады. Бос хлор болған кезде су қызғылт түске боялады (семихинонның түзілуі салдарынан). Сынаманы қатты араластыра отырып, түссізденгенге дейін күкірт қышқылды темірдің ерітіндісімен титрлейді (1-ші титрлеу);

б) Дәл сол сынамаға 1 мл йодты калийді қосады. Суда монохлорамин болған кезде йодтың баламалы саны айқындалады, оның әсерімен қайтадан қызғылт түске боялады.

Сынаманы күкірт қышқылды темірдің ерітіндісімен түссізденгенге дейін титрлейді (2-ші титрлеу).

в) Осыдан кейін дәл сол сынамаға 1 мл қымыздық қышқылын қосады. Егер суда дихлорамин болса, ерітінді қайтадан қызғылт түске боялады, дихлорамин болған кезде сынаманы күкірт қышқылды темір ерітіндісімен түссізденгенге дейін титрлейді (3-ші титрлеу).

Есептеу мына формула бойынша жүргізіледі: Х = 0,355 ´ К ´ Н ´ 10, мұндағы

Хсудағы бос, монохлораминдік немесе дихлораминдік хлордың шоғырлануы, мг/л.

Н – күкірт қышқылды темір ерітіндісінің шығындалған мл мөлшері, сәйкесінше: алғашқы титрлеу кезінде – бос хлорды есептеу үшін, екінші титрлеу үшін – монохлораминді есептеу үшін, үшінші титрлеу кезінде – дихлораминді есептеу үшін;

К – күкірт қышқылды темір ерітіндісін титрлеу коэффициенті. 0,355 - К = 1,0 кезінде күкірт қышқылды темірдің 0,01 Н ерітіндісінің белсенді хлоры бойынша титрлеу;

10 - 1 л суға хлордың шоғырлануын қайта есептеуге арналған коэффициент (100 мл титрлеу кезінде).

Мысал: Күкірт қышқылды темір ерітіндісін титрлеу коэффициенті 0,98 құрайды, яғни титрді 25 мл күкірт қышқылды темірге орналастырған кезде 24,5 мл 0,01 Н марганецтік калий ерітіндісі өтті. 100 мл зерттелетін суға титрлеу кезінде күкірт қышқылды темірдің ерітінділері мынадай мөлшерде жұмсалды: бірінші рет - 0,1 мл, екінші рет - 0,05 мл, үшінші рет - 0 (қымыздық қышқылын қосқаннан кейін қызғылт түске боялған жоқ). Зерттелетін суда бос хлор 0,35 мг/л мөлшерінде болады.



Х = 0,355 ´ 0,98 ´ 0,1 ´ 10 және монохлорамин - 0,17 мг/л.

Х = 0,355 ´ 0,98 ´ 0,05 ´ 10); дихлорамин жоқ.


Каталог: data -> files
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
files -> Ақмола облысы Зеренді ауданы «Куропаткино орта мектебі» кмм биология пәні мұғалімі Сарин Жарас Темиртасулының портфолиосы резюме
files -> Водоотведение. Наружные сети и сооружения


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет