Инструкция по оформлению учебно-методического комплекса Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из «Педагогика және психология»



бет2/5
Дата30.10.2022
өлшемі60,49 Kb.
#155736
түріИнструкция
1   2   3   4   5
Байланысты:
Баяндама пцк Комаева

Міндеттері:
- мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту туралы білімдерін жетілдіру;
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін зерделеу;
- мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің сапалық деңгейін арттыру мәселесіне талдау жүргізу.


Жоспары:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартудың өзектілігі

  2. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінің мазмұны

  3. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыруда педагогикалық колледждердің қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің сапалық деңгейін арттыру

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың өзектілігі Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасында білімнің қоғамдағы мәдени, жасампаз рөлін өркендетуге бағытталған жаңа білім беру саясатымен байланысты. 2000 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнында қазақ халқы мен ел аумағында тұратын басқа да этностардың тарихи және мәдени дәстүрлеріне негізделген әлеуметтік және педагогикалық функцияларды қамтитын реформалау үдерісі белсенді іске асырылуда.


Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі мақсаты баланың жас ерекшелігіне сай әлеуетті мүмкіндіктерін барынша дамытуға, функционалдық тұрғыдан сауатты, кез келген өмірлік жағдайларда меңгерген білім, білік, дағдыларын тиімді қолдануға қабілетті бірегей тұлғаны қалыптастыру болып табылады [1].
Бала өзіндік әлеуетін байқауы, өзінің күш-жігеріне сеніп, іс-әрекетте табысқа жетуді үйренуі тиіс. Бұл оның балабақшадан мектепке көшуін анағұрлым жеңілдетіп, мектепте оқу барысында танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді (ББҒДМБ, 2016). Осыған орай қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесі қалыптасып келе жатқан тұлғаның құқықтары мен мүдделерін түсінуді және құрметтеуді қажет ететін балаларға ізгілікті көзқарасқа бағдарлануы тиіс.
2021 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №137 қаулысымен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет