Модель – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту мен жетілдіру бағытын айқындайтын тәсілдер мен қағидаттар жиынтығын құрайды және келесі тараулардан тұрады:
1-тарау. Жалпы ережелер.
2-тарау. Ағымдағы жағдайды талдау.
3-тарау. Модельдің мақсаты мен міндеттері.
4-тарау. Модельдің мазмұны.
5-тарау. Күтілетін нәтижелер.
Моделдің мазмұнында мектепке дейінгі білім беру саласын жетілдірудің келесі бағыттары қарастырылады:
Нормативтік-құқықтық сүйемелдеу
Дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестері тәсілдерін өзгерту
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін әдістемелік қолдау
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бағалау
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагог
Ата-аналармен және ата-аналар қауымдастығымен жұмыс
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау
Ағымдағы жағдай. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту мәселелері көбіне соңғы 10 жылда шешілді. Соның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту 13 есеге артқанын атап өтуге болады. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беруді дамытудың басым бағыттары модельді іске асыруда көзделген сапалық көрсеткіштерді арттыруға бағытталған.
Модельді іске асыру мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізгеннен, білім беру қызметтерінің сапасын, даму жағдайларын жақсарту және арттыру бойынша ұсынымдар әзірленгеннен кейін ілеспе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейді [2].
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін әдістемелік қолдау. Мектепке дейінгі білім беру сапасының деңгейі жоғары елдерде саладағы ағымдағы проблемаларды қадағалауға және тиісті ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік беретін эмпирикалық және қолданбалы зерттеулер тұрақты негізде жүргізіледі, ал педагогтер қызметін өзекті ғылыми деректерге сәйкес құрады, өз әрекеттеріне зерттеу жүргізе отырып, практикаларды, балалардың пікірлерін ескереді және кері байланыс орнатады, зерттеу қызметімен тұрақты түрде айналысады. Бұл үшін педагог шеберлігінің тиісті деңгейі және үнемі даму мен оқуға деген ұмтылыс қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ғылыми негіздеу және қолдау мәселесін шешу үшін «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында Балаларды ерте дамыту институты, өңірлердегі әдістемелік кабинеттердің жанында балаларды ерте дамыту мәселелері жөніндегі мобильді топтар құрылады, олардың қызметіне мынадай функциялар кіреді:
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың педагог қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды, оқыту әдістерін іске асыруда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда, оны психологиялық қолдауда әдістемелік көмек көрсету;
2) жұмыс тәжірибесін жинақтауды, талдауды және жүйелеуді қамтамасыз ету, жұмыстың тиімді нысандары мен олардың нәтижелері туралы деректер банкін құру;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту қызметінің бағытына сәйкес әдістемелік жұмыстың мазмұнын әзірлеу жөнінде шығармашылық топтар құру;
4) педагогтерге әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі нысандары арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік жасау;
5) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогтеріне педагогикалық ұжымның және жеке педагогтердің жұмыс тәжірибесімен танысу үшін жағдайлар жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |