Инструкция по оформлению учебно-методического комплекса Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из «Педагогика және психология»


Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бағалау



бет4/5
Дата30.10.2022
өлшемі60,49 Kb.
#155736
түріИнструкция
1   2   3   4   5
Байланысты:
Баяндама пцк Комаева

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бағалау. Білім беру қызметтерінің жоғары сапасына кешенді көшуді жүзеге асыру, мектепке дейінгі сапалы білімге барлық балалардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі проблемаларды анықтау үшін мынадай мәселелер бойынша зерттеулер жүргізіледі: білім беру қызметтерінің сапасы, эргономикалық жағдайлар, теңгерімді тамақтану; білім беру қызметтерінің сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемшарттары, көрсетілетін қызметтердің сапасын өлшеу және оны арттыру бойынша шаралар қабылдау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бағалау құралы әзірленеді; бүкіл әлемде кешенді бағалау құралы ретінде қолданылатын сәбилік шақтағы қоршаған ортаның ECERS рейтингтік шкаласын қолдана отырып, мектепке дейінгі білім беру сапасын тәуелсіз ұлттық бағалау жүйесі енгізіледі.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі педагог. Модельді іске асыру педагогикалық колледждердің қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің сапалық деңгейін арттыру мәселесін шешуде кешенді тәсілдерді болжайды:
1) педагогикалық колледждердің білім беру бағдарламалары қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кадрлар даярлауды көздеуі, тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын іске асыру үшін әдістемелік базаны, студенттердің педагогикалық практикадан өтуін қамтамасыз етуге тиіс;
2) кадрларды даярлауда теория мен практиканың бірлігі үшін педагогикалық колледждердің мектепке дейінгі ұйымдармен балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылы қамтамасыз етілуі қажет;
3) балаларды ерте дамыту саласындағы мамандықтар профессор-оқытушылар құрамының сапасын арттыру арқылы жоғары оқу орындарының институционалдық әлеуетін ұлғайту мақсатында «Болашақ» халықаралық стипендиясының басым мамандықтар тізіміне енгізілетін болады.
М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің сапалық деңгейін арттыру мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде:
1. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттері үшін Н. Құлжанова атындағы «Мектепке дегйінгі тәрбие» құзіреттілік орталығы жұмыс жасауда. Құзіреттілік орталығы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Орталықта жұмыс жасау барысында студенттерге практикалық көмек көрсетіледі. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану, балалардың ойын, танымдық, зерттеу, шығармашылық және қимыл белсенділігін қамтамасыз ету, инклюзивті білім беру бағыттары бойынша студенттердің кәсіби құзіреттілігі қалыптасады. Балабақша базасындағы педагогикалық практикада балалармен жұмыс кезінде болашақ тәрбиешілер инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланды.

2. Мамандық студенттері дуалды оқыту жүйесі негізінде қаламыздың ең үздік, заманауи «Erudit Kids» балабақшасында білім алуда. 2018-2019 оқу жылында 4-курстың үздік 10 білім алушысы «Erudit Kids» балабақшасында мемлекеттік іс-тәжірибеден өтіп, 5 студент жұмысқа қабылданды. Ал биылғы оқу жылында 4- курс білім алушылары дуалдық оқыту жүйесі бойынша теориялық білімдерін іс-тәжірибемен ұштастырып келеді. Мұнда білім алушылар уақытының үштен екі бөлігінде (60%) еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін (40%) теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.


3. Жұмыс берушілер мен колледж оқытушылары бірігіп оқу бағдарламаларын әзірлейді. Сонымен қатар осы бағдарламаға «WorldSkills» стандарттары кіріктірілді. Мақсаты - жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне бағытталған кәсіптік білім беруге деген сұранысты арттыру. Студенттерге мұндай жарыстарға қатысу - білім деңгейлерін бағалауға және оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Қорытынды аттестаттауда білім алушылар балабақша базаларында демонстрациялық емтихан тапсырады.

Құбылмалы әлемде педагогтің үнемі даму, балаларды тыңдай білу, сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды. Педагогтер белсенді зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет