Инструкция по оформлению учебно-методического комплекса Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»


Мақсаты: дуалды оқыту жүйесінің мазмұны, мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. Міндеттері



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі62,64 Kb.
#84692
түріИнструкция
1   2
Байланысты:
дуалды оқыту баяндама

Мақсаты: дуалды оқыту жүйесінің мазмұны, мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.


Міндеттері:
- дуалды оқыту жүйес туралы білімдерін жетілдіру;
- басқа білім беру ұйымдарындағы дуалды оқыту жүйесін енгізу тәжірибесін зерделеу;
- дуалды оқытудың болашақ тәрбиешілерді даярлаудағы тиімділігіне талдау жүргізу;
-әлеуметтік серіктестермен жұмысты нығайту жолдары;
- дуалдық оқыту жүйесін насихаттау.

Жоспары:

1. Дуалды оқыту жүйесінің өзектілігі


2. Колледждегі дуалды оқыту жұмысының тәжірибесі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы жариялаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында «Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл – өте қалыпты жағдай. Өйткені адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады» деп атап көрсеткен еді [1]. Елбасы осы өзекті мәселені шешуде дуалды кәсіби білім беруді дамытудың маңызды екеніне де назар аударған болатын. Дуалды оқытудың техникалық және кәсіптік білім беру саласында мамандар дайындаудағы мән-маңызы, алатын орны, ерекшеліктері неде және оны жүзеге асыруда қандай жетістіктер мен кемшіліктер бар деген сұрақтар бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр.


Дуалды оқыту жүйесі – теорияны іс-тәжірибемен ұштастыра оқыту технологиясы. Бұл алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Әсіресе оның кәсіптік-техникалық білім бе­ру­­дегі алатын орны ерекше. Мұнда білімалушылар уақытының үштен екі бөлі­гінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйым­дас­тыруға арнайды [2].
Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекеге қабілетті, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын мамандар даярлау .
Дуалды оқыту жүйесінің ерекшелігі мынада:
1.Түлектердің жұмысқа ор­наласуы.
2.Психологиялық жағы­нан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығуы.
3. Теория мен іс-тәжірибенің ұштасуы, жүйелілігі.
4. Өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді [3].
Жұмыс берушлердің сұраныстыран талдау кезінде, балабақшалар саны ұлғайып, тәрбиеші мамандардың тапшылығы байқалды. Сондықтан да, жас маманның өндірістік ма­шық­танудан толық кәсіптік деңгейге шығуына жағдай жасау өзекті мәсе­ле.
Біздің колледжімізде бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді. 29.12.2018 жылы колледж бен жаңадан ашылған «Erudit Kids» балабақшасы арасында серіктестік меморандумына қол қойылды. Мақсаты – педагогикалық колледжбен мектепке дейінгі ұйым серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын педагог мамандарды даярлау.
Мұнда білім алушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Кәсіби біліктер мен дағдыларын, іскерліктерін тікелей жұмыс орнында меңгеріп, колледжде алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырады.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттері дуалды оқыту жүйесі негізінде қаламыздың ең үздік, заманауи «Ерудит кидс» балабақшасында білім алуда. 2018-2019 оқу жылында 4-курстың үздік 10 білім алушысы «Ерудит кидс» балабақшасында мемлекеттік іс-тәжірибеден өтіп, 5 студент жұмысқа қабылданды. Ал биылғы оқу жылында 205 топ білім алушылары дуалдық оқыту жүйесі бойынша теориялық білімдерін іс-тәжірибемен ұштастырып келеді. Мұнда білім алушылар уақытының үштен екі бөлігінде (60%) еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін (40%) теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Жұмыс берушілер мен колледж оқытушылары бірігіп оқу бағдарламаларын әзірлейді. Сонымен қатар осы бағдарламаға «WorldSkills» стандарттары кіріктірілді. Мақсаты - жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне бағытталған кәсіптік білім беруге деген сұранысты арттыру. Студенттерге мұндай жарыстарға қатысу - білім деңгейлерін бағалауға және оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Қорытынды аттестаттауда білім алушылар балабақша базаларында демонстрациялық емтихан тапсырады.
Дуалды білім берудің негізі - өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен оқу өндірістік шеберлері.
Білім беру үрдісіне дуалды оқыту жүйесін еңгізу көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:

  1. Білім алушы өзін мамандыққа идентификациялайды.

  2. Білім беру ұйымының оңтайлы имиджі қалыптасады.

  3. Білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылықтары артады.

  4. Түлектердің сұранысқа ие болуы, жұмыспен қамтылуы.

  5. Жұмыс берушілермен қарым-қатынас аясы кеңейеді.

Менің ойымша, бұл тамаша бастама болашақ тәрбиешілер үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген.


Қолданылған әдебиеттер:



  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы жариялаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы

  2. Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы

  3. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет