Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы. Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. 48 с. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар



бет3/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,85 Mb.
#15105
түріИнструкция
1   2   3

3 Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар


3.1 Оқу кабинеттерінде Мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ететін негізгі нормативтік құжаттары болуы керек.

3.2 Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету – білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін. қажетті құрал-жабдықтардың оқу кабинеттерінде болуы. Оқу құрал-жабдықтары – білім, білік, дағдыны қалыптастыру көзі.

3.3 Кабинеттің оқу-материалдық базасы: көрсету, дидактикалық, тарату материалдары, пән бойынша әдебиеттер (аударма және түсіндірме сөздіктері), тақырыптар мен деңгейлері бойынша оқыту бағдарламаларынан тұрады.



3.4 Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде төмендегі талаптар ескерілуі қажет:

  • функционалдық (оқу-әдістемелік ортаның әрбір элементінің функционалдық бағыты болуы және білім беру үдерісінде қолдануы керек);

  • сәйкестілік (оқу кабинетінің оқу-әдістемелік ортасы оқу бағдарламаның ерекшеліктеріне, бейіндік бағыттың талаптарына, білім алушылардың антропометриялық параметрлеріне сәйкес болу керек);

  • коммуникациялық (оқу кабинетінің оқу-әдістемелік ортасының ақпараты жеткілікті және қолайлы, көру және дыбыстық байланыспен қамтылған, еркін қимылдауға және қозғалуға мүмкіндік жасалған болу керек);

  • үйлесімдік (оқу кабинетінің ақпараттық-пәндік ортасын құру білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің қатысуымен жүргізілуі керек;

  • идеялардың ерекшелігі, кабинеттің оқу-әдістемелік ортасын ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдердің маңыздылығы.

    1. Дидактикалық, тарату материалдары мен пән бойынша әдебиеттер тізбесі «Жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтарының үлгілік тізбесіне» сәйкес келуі тиіс.

    2. Мектеп кабинетін ресімдеу бойынша жалпы әдістемелік ұсынымдар.

      1. Оқу кабинетінің ресімделуі эстетикалық қағидаларды ескере отырып, бірыңғай стильде жүзеге асырылуы тиіс, яғни тұлғаның үйлесімді жетілуіне ықпал етуі керек.

      2. Кабинеттің артқы қабырғасына немесе сынып бұрыштарында оқу жабдықтарын сақтауға арналған секциялық шкафтар орналастырылуы тиіс.

      3. Бүйір қабырға (терезеге қарама-қарсы) тұрақты немесе уақытша көрнекі-құралдар үшін пайдаланылады.

    1. Оқытудың түрлі кезеңдері мен пәнаралық байланыстардың сабақтастық қағидалары оқыту объектілері мен оқу-әдістемелік кешендер (оқулық, жұмыс дәптері, аудиотаспалар, мұғалімге арналған кітаптар, оқуға арналған кітаптар) құралдар топтамасының тізімін қосқандағы есебімен жүзеге асырылады, онда мектепте пәнді оқытудың толық курсы қамтылады. Осы оқу-әдістемелік кешендердің ішкі құрылымы, олардың мазмұны, материалды берудің тәсілдері және оқу әрекетін ұйымдастыру қағидалары білім алушыларға оқу сатысында табысты «түйісуге» мүмкіндік береді.

    2. Аталған құралдар мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілудегі объектілердің нақты саны сыныптағы толымдылықтың орташа есебімен жүргізіледі (25-30 білім алушы), оның ішінде сыныпты топтарға бөлу жағдайы ескеріледі.

Білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша оқу жабдықтарының саны оқу кабинеттерінің санымен есептеледі. Бұл ретте, аталған техникалық құралдардың маңызды бөлігін пайдалану пәнішілік қана емес, жалпы оқу міндеттерін шешумен байланысты.

    1. Білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша сандық көрсеткіштерді айқындау мақсатында, символикалық таңбалардың келесі жүйесі пайдаланылады:

  • Д – демонстрациялық дана (1 дана, арнайы келісілген жағдайдан басқа);

  • К – толық жинақ (сыныптағы шын мәніндегі толымдылық нәтижесінде);

  • Ф – фронталдық жұмыстарға арналған жинақ (шамамен толық жинаққа қарағанда екі есе аз, яғни екі білім алушыға 1 данадан кем емес);

  • П – бірнеше білім алушылар бойынша есептелетін, практикалық топтық жұмыстарға қажетті жинақ (6-7 дана).

    1. Кабинетте мұғалімге арналған әдістемелік әдебиеттің жеткілікті жиынтығын қарастыру қажет, ол әдістемелік журналдар, арнайы әдістемелік әдебиет, психология бойынша әдебиеттер, анықтамалық әдебиет болуы тиіс.

    2. Кабинетте оқу орнының аталған типінің бағдарламасы бойынша курсқа арналған оқу кітаптары түріндегі оқу құралдарының толық жиынтығы; оқулықтар (топтағы білім алушылардың саны бойынша), сөздіктер (екі тілді, топтағы білім алушылардың саны бойынша) болуы тиіс.

    3. Кабинеттің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қажетті құралжабдықтар төмендегідей топтастырылады:

  1. көру (визуалды) құралдары, олар: кестелер, карталар, сызба нұсқалар, табиғи объектілер (кеппешөптер, минералдар т.б. жиынтықтары) және т.б.;

  2. аудио құралдар: радио, магнитафон, музыка аспаптары т.б.;

  3. интерактивті тақта, теледидар, бейнетаспа, дыбысты фильмдер т.б.;

  4. сөздік құралдар: оқулықтар, қосымша әдебиеттер, сөздіктер, анықтамалықтар, әдістемелік құралдар, мәтіндер және т.б.

3.13 Бастауыш сынып кабинеті.

3.13.1 Тіл және әдебиет пәндерін оқыту үшін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:



  1. оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес көркем әдебиет, көлемді және шағын суретті кітаптар, өлең жинақтары, ертегілер жинақтары, аңыздар, газетжурналдар, ақындар, жазушылар туралы аудиожазбалар мен бейнефильмдер;

  2. мультфильмдер, ертегілер жинақтары, деректі және көркем фильмдер; 3) постерлер (ватмандар);

  1. түсіндірме, орфографиялық сөздіктер; синонимдер, антонимдер, фразеологизмдер сөздіктері; грамматика, орфография, пунктуация анықтамалықтары; энциклопедиялар;

  2. әртүрлі мамандықтардың арнайы киімдері, маскалар, ұлттық киімдегі қуыршақтар (сахналауға арналған);

  3. дидактикалық материалдар; кеспе әріптер, буындар, әріптер кассасы, алфавит, суретті алфавит, сюжеттік суреттер және т.б.;

  4. көрнекі құралдар (иллюстрациялар, портреттер, кестелер);

  5. ұлттық киімдер, сахналық костюмдер, декорациялар, ұлттық ойындар ұйымдастыруға арналған құрал-жабдықтар.

3.14 Бастауыш мектепке арналған «Математика» пәнін оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:

  1. оқулықтар, дидактикалық материалдар, анықтамалықтар, энциклопедиялар;

  2. мұғалімге арналған анықтамалықтар мен әдістемелік әдебиеттер картотекасы;

  3. жеке және топтық жұмыстарға арналған тапсырмалар жинағы;

  4. кеңістіктік фигураларды жобалауға арналған материалдар жиынтығы (құрастырмалы материалдар, жіптер, т.б.);

  5. әртүрлі модельдер және эксперименттер жасауға арналған материалдар; түсті қағаз, қатырма қағаз, ермексаз, қайшылар, ұзындықтары әртүрлі жіптер, домино, таяқшалар, өлшеу құралдары, т.б.;

  6. санауға арналған материалдар (үрмебұршақтар, монеталар, фишкалар, геометриялық фигуралар);

  7. магниттік фигуралар мен белгілер жиынтығы;

  8. жеке шағын маркерлік тақталар, геометриялық фигуралар құрастыруға арналған изометриялық тақталар;

  9. демонстрациялық плакаттар жиынтығы (көбейту кестесі, өлшем

бірліктері кестесі, т.б.);

  1. демонстрациялық құралдар (сағат циферблаты, таразы, түрлі көлемді өлшеуіш ыдыстар, геометриялық денелер жиынтығы, бүтіндер мен оның бөлшектері, т.б.);

  2. - түрлі сызғыштар, циркульдер, метрлік ленталар, палеткалар;

  3. разрядтық бірліктерді демонстрациялауға арналған математикалық конструкторлар (бірліктер, ондықтар, жүздіктер, мыңдар).

3.15 Бастауыш мектепке арналған «Дүниетану» пәнін оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:

  1. карталар (физикалық, тарихи, географиялық);

  2. Қазақстанның табиғатын бейнелейтін суреттер, фотографиялар, кітаптар, фильмдер;

  3. пайдалы қазбалар мен минералдар коллекциясы;

  4. микроскоп, компас, глобус, үлкейткіш шыны, колба, шыны ыдыстар, термометр;

  5. тақырыптық демонстрациялық материалдар (тарихи тұлғалар мен өнер қайраткерлерінің портреттері, тәуелсіз Қазақстан тарихын бейнелейтін суреттер, Қазақстанның географиялық рельефі, климат және ауа райы, минералдық ресурстар, туризм, табиғи құбылыстар, табиғи апаттар, баспана және отбасы, мектеп, туған өлке, денсаулық және қауіпсіздік);

  6. бейне және аудиоресурстар;

  7. энциклопедиялар, анықтамалықтар.

3.16 Бастауыш мектепке арналған «Жаратылыстану» пәнін оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:

Пәнді оқыту үшін арнайы зертхананың болуы міндетті емес, қажет болған жағдайда математика, физика, химия кабинеттерінің ресурстарын пайдалануға болады.



  • MGA (датчиктердің көмегімен деректерді тіркеуге арналған құрал);

  • үздіксіз қуат беру көзі;

  • батарея (таблетка) және ұстағыштар;

  • қосқыш сымдар;

  • ток аударғыш; 2-4V лампалары және ұстағыштар;

  • деректермен жұмыс жасауға арналған компьютерлік бағдарламалар;

  • глобус; Күн жүйесінің моделі;

  • түрлі модельдер мен муляждар; бөлме өсімдіктері;

  • тақырыптарға сәйкес кестелер, плакаттар; тақырыптық бейнематериалдар коллекциясы;

  • пайдалы қазбалар мен минералдар коллекциясы;

  • айна; жарық көздері; жылу көздері;

  • ерітінділер; термикалық ыдыстар;

  • колбалар; сыны ыдыстар; лупалар; спирт шамдар;

  • сүзгі қағаздар; қорғаныш көзілдірігі;

  • микроскоп; термометр;

  • таразылар (қолтаразы және электрондық); жарық датчиктері;

  • таймерлер; динамометрлер; өлшеуіш рулеткалар;

  • секундомер; дыбыс көздері (музыкалық аспаптар, т.б.);

  • калориметрлер (термостар);

  • түрлі ток өткізгіш заттар жиынтығы (шыны, мыс, болат, алюминий, резина, пластмасса);

  • магниттік компас; телескоп;

  • түрлі көлемдегі магниттер жиынтығы;

  • магниттік тақта;

  • өсімдіктер гербарийі;

  • топырақ түрлерінің коллекциясы;

  • Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар;

  • жануарлар тұлыбы; тірі табиғат бұрышы (тотықұстар, балықтар, үй

  • қояндары, т.б.);

  • адам қаңқасы;

  • энциклопедиялар, анықтамалықтар; - флипчарт.

3.17 Бастауыш мектепке арналған «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерін оқыту үшін кабинет сурет, көркем сурет, өрнектер дайындау және т.б. әрекеттерге үйретуге қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Өнердің кейбір түрлері туралы сабақ өткізу үшін арнайы құрал-жабдықтары (муфель пеші) бар бөлме ескерілуі мүмкін.

3.17.1 «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» пәндерін тиімді оқытуға арналған құрал-жабдықтар:



  • ақ, қызыл немесе сұр (сары) сазбалшықтар және оларды сақтауға арналған ыдыстар;

  • сазбалшықпен жұмыс істеуге арналған аспаптар жиынтығы (пышақ, ағаш таяқшалар, сызғыштар);

  • муфель пеші;

  • диаметрі әртүрлі сымдар;

  • Modroc (гипс жағылған бинт) және ыдыстар;

  • ағаш;

  • қарапайым тоқыма станоктары;

  • түрлі-түсті тоқыма жіптері;

  • түрлі-түсті мақта жіптері;

  • жүн және киіз жасайтын құралдар;

  • батикке арналған құралдар мен материалдар;

  • қолмен тігуге арналған құралдар мен материалдар;

  • кестелеуге арналған құралдар мен материалдар;

  • маталар жиынтығы, аксессуарлар;

  • түрлі-түсті қағаздар, сурет салуға арналған қағаздар, газет қағазы, ватмандар, гофрлі қағаздар; түрлі-түсті картондар;

  • кескіштер;

  • ламинатор;

  • Polyprint (полистирол);

  • су негізді баспаға арналған бояулар;

  • валиктер;

  • бояуларға арналған ыдыстар;

  • бояулар: түрлі-түсті гуашьтар, акрил, акварель,тушьтар сиялар;

  • қылқаламдар жиынтығы;

  • шпатель, мастихин жиынтығы;

  • қайшылар, ПВА желімі, көлемдері әртүрлі скотчтар, екі жақты скотч;

  • қарындаштар жиынтығы: түрлі-түсті қарындаштар, графиттік таяқшалар;

  • өшіргіштер, ұштағыштар;

  • фломастерлер;

  • борлар; пастельдер;

  • палитра;

  • мольберттер;

  • қорғаныш құралдары (қорғаныш көзілдірігі, қолғаптар, алжапқыштар, т.б.).

3.18 Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті (негізгі мектеп, орта мектеп).

3.18.1 Қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:



  • оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы;

  • хронологиялық тәртіпте немесе оқу тақырыбына сәйкес ілінген классиктердің портреттері;

  • ақын, жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің портреттері;

  • тіл үйренуде рөлдік ойындар ойнауға қажетті ойыншықтар, суреттер;

  • пәндiк ережелердің, сызбалардың топтамалары (плакаттар);

  • мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк, дидактикалық құралдар;

  • диктанттар мен мазмұндамалар жинақтары;

  • қазақ тілінің түсіндірме сөздігі;

  • орфографиялық сөздік;

  • антонимдер сөздігі;

  • синонимдер сөздігі;

  • омонимдер сөздігі;

  • фразеологиялық сөздіктер;

  • олимпиада тапсырмалары мен ғылыми жоба жарыстарының

тақырыптары бойынша iзденiс жұмыстары;

  • тақырыптар бойынша әр жылдарда жарияланған мақалалар жиынтығы;

  • дидактикалық материалдар жиынтығы;

  • сыныптар бойынша практикалық жұмыс тапсырмаларынан құрастырылған үлестiрмелi материалдар;

  • қазақ тілі жаттығуларының мазмұны және оқу бағдарламасының бөлімдері мен тақырыптары бойынша жүйеленген ақпараттық банкілері; - деңгейлiк тапсырмалар үлестірмелі материалдары жиынтығы.

3.18.2 Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне қажетті әдебиеттер:

  1. қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң оқулықтары мен оқу құралдары;

  2. ғылыми-танымдық, анықтамалық, әдiстемелiк әдебиеттер;

  3. сыныптан тыс оқуға арналған басылымдар;

  4. қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң оқу бағдарламаларының жиынтығы; 5) пән мұғалiмдерiнiң жеке портфолиолары; 6) оқушылар портфолиолары.

3.19. Орыс тілі мен әдебиеті кабинеті.

3.19.1 Орыс тілі мен әдебиеті кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:



  1. аудиовизуальные материалы;

  2. проектор, интерактивная доска;

  3. флипчарт;

  4. маркеры;

  5. ламинатор;

  6. аутентичный материал;

  7. постеры;

  8. печатные, экранные, звуковые и экранно-звуковые пособия, демонстрационный и раздаточный материал.

3.19.2 Книжный фонд для воспитания культуры речи и чтения и для формирования навыков самостоятельной работы:

  1. словари школьного типа, адресованные учащимся (орфографические, фонетические, толковые, фразеологические, словообразовательные,

иностранных слов и др.);

  1. по литературе: комментарий к художественным произведениям, краткий словарь литературоведческих терминов, справочники (пособия для учащихся серии «Литература. Справочные материалы», «Литература учит» и др.),

облегчающие организацию самостоятельной работы учащихся;

  1. литература, соответствующая возрастной категории;

  2. журналы, соответствующие возрастной категории;

  3. книги и брошюры с картинками;

  4. энциклопедии;

  5. комплекты научно-методических книг: программы, учебники, методические рекомендации к учебникам, хрестоматиям, сборники

дидактических материалов, изложений, диктантов и др.;

  1. картотеки: систематические, тематические, поурочные;

  2. экспозиционные стенды для организации выставки: тетрадей, книг, справочных таблиц, карточек со словами для запоминания, календаря знаменательных дат (это могут быть открытые стенды и закрытые застекленные витрины для обеспечения сохранности ценных экспонатов).

Специфика предметов «Русский язык» и «Литература» предполагает использование и нестандартной мебели. Это – кафедра, трибуна для докладчика, оратора, мягкие кресла для посетителей литературной гостиной, слушателей в кабинете риторики.

3.20 Шетел тілі кабинеті.

3.20.1 Шетел тілі кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:


  1. оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы;

  2. алфавит транскрипциясымен;

  3. түрлі суреттер;

  4. рөльдік ойындарды ұйымдастыруға арналған ойыншықтар; 5) үлестірме дидактикалық материалдар; 6) анықтамалар.

3.20.2 Шетел тілі кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:

  1. шетел тілі бойынша бағдарламалар;

  2. оқулықтар (топтағы оқушылар саны бойынша);

  3. сөздіктер (екі тілде, топтағы оқушылар саны бойынша);

  4. мұғалімге арналған әдістемелік құралдар, арнаулы әдістемелік

әдебиеттер;

  1. «Мектептегі шетел тілі» әдістемелік журналдары; 6) шетел тіліне оқытатын бағдарламалар болуы қажет.

3.21 Математика кабинеті.

3.21.1 Математика кабинетінің жарақтандырылуы:

1) белгіленген панельдері бар сынып тақталары:


  • координаталық бұрыштың;

  • координаталар жүйесінің;

  1. магнитті тақта;

  2. бейнедемонстрация жасау үшін экран-тақта;

  3. демонстрациялық бейнелер мен суреттер салуға арналған сызбалық керек-жарақтар жиынтығы.

3.21.2 Математика кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:

  • оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы;

  • геометриялық фигуралар және стереометриялық денелер жиынтығы;

  • көпжақтар мен айналу денелерінің моделдері және жазбалары;

  • зертханалық-тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған математикалық модельдер жиынтығы.

3.21.3 Математика кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:

  • оқу-әдістемелік құралдар кітапханасы және оған библиографиялық картотекасы;

  • ғылыми-танымал әдебиеттер кітапханасы және оған библиографиялық картотека;

  • анықтамалық әдебиет кітапханасы;

  • дидактикалық материалдар жиынтығы;

  • үлестірмелі материалдар жиынтығы;

  • орталықтандырылған тестілеу материалдарының тақырыптық картотекасы;

  • орталықтандырылған тестілеу материалдары тапсырмаларының тақырыптық ақпараттық базалары;

  • математикалық есептердің мазмұны, оқу бағдарламасының бөлімдері мен тақырыптары, шығарылу әдістері бойынша жүйеленген ақпараттық

материалдар;

  • оқу-көрнекілік және оқу-әдістемелік жабдықтар картотекасы.

3.22 Информатика кабинеті.

3.22.1 Информатика кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:



  1. оқулықтар мен әдістемелік құралдар, жұмыс дәптерлері;

  2. бағдарлама жасау бойынша әдістемелік құралдар;

3)бағдарлама жасау бойынша бақылау және өздік жұмыстарының жиынтығы;

  1. бағдарлама жасау бойынша есептер жинағы;

  2. бағдарлама жасау бойынша ЯП Паскаль тапсырмаларының жиынтығы;

  3. зертханалық жұмыстар жиынтығы;

  4. тақырыптар бойынша тест жұмыстарының жиынтығы;

  5. энциклопедиялар, анықтамалықтар;

  6. тақырыптарға сәйкес кестелер (электронды нұсқада болуы мүмкін); 10) дидактикалық материалдар; 11) үлестірме тапсырмалар жиынтығы.

3.23 География кабинеті.

3.23.1 География кабинетінің жарақтандырылуы:

1) Оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы; 2) Жерді зерттеушілер мен саяхатшылардың портреттері болуы тиіс; 3) Туған өлкені оқып-үйренуге арналған бұрыш.

3.22.2 Физикалық географияның бастапқы курсын оқу барысында қажетті жер бедерінің (таулардың, жазықтардың, ойпаттардың, өзен аңғарының т.б.) макеттері болуы тиіс.

3.23.3 Геологиялық экспозициялар жиынтығы (тау жыныстары, минералдар, пайдалы қазбалар, топырақ түрлері), отын-энергетика, қара металлургия, түсті металлургия, химия өнеркәсібіне, құрылыс өнеркәсібіне қажетті шикізат үлгілері топтамасы, қара, түсті металлургия, химия және құрылыс өнеркәсіптері өнімдерінің топтамасы («Таза талшықтар», «Жасанды талшықтар», «Синтетикалық талшықтар», «Құрылыс өнеркәсібі өнімдері», «Ағаш өңдеу өнеркәсібі өнімдері» топтамалары және т.б.).

3.23.4 Кеппешөптік мәдени өсімдіктердің, мал шаруашылығына қажетті жемдік өсімдіктердің жиынтықтары.

3.23.5 География кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:


  1. оқу-әдістемелік құралдар кітапханасы және оған библиографиялық картотека;

  2. ғылыми-танымал әдебиеттер кітапханасы және оған библиографиялық картотека;

  3. анықтамалық әдебиет кітапханасы;

  4. дидактикалық материалдар жиынтығы;

  5. үлестірмелі материалдар жиынтығы;

  6. орталықтандырылған тестілеу материалдарының тақырыптық картотекасы;

  7. оқылатын елге байланысты елтану альбомдарды; 8) олимпиада материалдарының жиынтық папкасы.

3.24 Биология кабинеті.

3.24.1 Биология кабинетінің жарақтандырылуы:



  1. интерактивті тақта, теледидар (алдыңғы қабырғаға кронштейнге орнатылады);

  2. бейнетаспалар (тақырыптарға сәйкес);

  3. экрандық-дыбыстық құралдар: мұғалімдерге арналған мультимедиялық электрондық құралдардың «Биология курсы бойынша лабораториялық жұмыстар және практикум» жиынтығы, жалпы білім беретін мектеп кабинеттеріндегі демонстрациялық және оқу-лабораториялық құралдарды қолдану бойынша басшылық;

  4. арнайы лабораториялық жиһаздар жиынтығы, лаборант бөлмесіне арналған құрал-жабдықтар: аналитикалық таразыға арналған үстел, аналитикалық таразы, муфель пеші, муфель пешіне арналған үстел, кептіру шкафы, мұздатқыш шкаф, лаборант бөлмесіне арналған шкаф-стеллаж, мұғалім мен лаборантқа арналған дистилляторға арналған үстел, құрал жабдықтарға арналған үстел-арба.

3.24.2 Биология кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:

  1. табиғи нысандар: коллекциялар, кеппешөптер, микропрепараттар, ылғалды препараттар (жануарлардың ішкі және сыртқы құрылысын және жануарларды дамуын бейнелейтін);

  2. оқытуды бейнелеу құралдары: модельдер (көлемді: түрлі туыстастардың гүл құрылысы, жануарлар мен адамдардың жеке дене бөліктерінің құрылысы, модель-аппликациялар, остеологиялық), муляждар, кәсіпшілік немесе адамдар асырайтын жануарлардың кескіндері);

  3. баспа құралдары: плакаттар мен кестелердің жиынтығы, биологғалымдардың портреттері, графиктік кестелер, карталар, атластар, аппликациялар, көлемді модельдер мен муляждар;

  4. демонстрациялық және жалпы қолданыстағы аспаптар, оқу-практикалық құралдары: таразылар, көтергіш орындықтар, штативтер, фотосинтезге арналған резервуарлар, оптикалық аспаптар (ұлғайтқыш әйнек, бинокль, микроскоптар), реактивтер, ыдыстар, лабораториялық құрал-жабдықтар, өсімдіктерді күтіп-баптауға арналған құралдар;

  5. оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы.

3.24.3 Биология кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:

  1. оқу-әдістемелік құралдар кітапханасы және оның картотекасы;

  2. ғылыми-танымал әдебиеттер кітапханасы және картотекасы;

  3. анықтамалық әдебиет кітапханасы, альбомдар;

  4. энциклопедиялар;

  5. дидактикалық материалдар жинағы;

  6. үлестірмелі материалдар жинағы;

  7. олимпиада материалдарының жинақ папкасы;

  8. лабораториялық және практикалық жұмыстарға арналған ұсыныстар.

3.25 Физика кабинеті.

3.25.1 Физика кабинетінің жарақтандырылуы: 1) тақырыптар бойынша кестелер, сызбанұсқалар;



  1. өздік жұмыстарға арналған үлестірмелі материалдар;

  2. жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған үлестірме материалдар;

  3. білім және білікті тексеруге арналған тапсырмалар жинағы.

3.25.2 Физика кабинетінің оқу-әдістемелік құралдары:

  1. пәнге байланысты оқулықтар;

  2. ғылыми-көпшілік, анықтамалық әдебиеттер;

  3. оқушылардың практикалық және өздік жұмыстарының үлгілері; 4) олимпиадалық жинақтар.

3.25.3 Физика кабинетінің арнайы құралдары:

  1. модельдер;

  2. реактивтер;

  3. макеттер;

  4. арнайы лабораториялық құрал-жабдықтар.

3.26 Химия кабинеті.

3.26.1 Химия кабинетінің жарақтандырылуы:



  1. тақырыптар бойынша кестелер, сызбанұсқалар;

  2. өздік жұмыстарға арналған үлестірмелі материалдар;

  3. жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған үлестірмелі материалдар;

  4. білім және білікті тексеруге арналған тапсырмалардың жинақтары;

  5. тақырыптық және қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмаларының жинағы (8, 9, 10, 11-сыныптар);

  6. анықтамалық кестелер сериясы («Химиялық элементтердің периодтық жүйесі», «Тұздардың, қышқылдардың және негіздердің судағы ерітіндісі», «Металдардың электрохимиялық кернеу қатары» және т.б.);

  7. бейорганикалық, органикалық химия бойынша, химия өнеркәсібінің негізгі өнімдерін өндіру бойынша түрлі оқу кестелерінің сериясы; 8) химик-ғалымдардың потреттерінің жиынтығы.

3.26.2 Химия кабинетінің оқу-әдістемелік құралдары:

  1. пәнге байланысты оқулықтар;

  2. ғылыми-көпшілік, анықтамалық әдебиеттер;

  3. оқушыларға арналған жұмыс дәптерлері;

  4. ғылыми-әдістемелік құралдар және мерзімдік басылымдар («Химия мектепте»; «Химия» және т.б.);

  5. оқушылардың практикалық және өздік жұмыстарының үлгілері;

  6. олимпиадалық жинақтар;

  7. орта мектепке арналған химия пәні бойынша есептер жинақтары;

  8. курстың барлық бөлімдері бойынша мультимедиялық бағдарламалар (мұғалімге, оқушыға және үйде қолдануға арналған), (білім берушілік, тренингтік, бақылаушылық);

  9. электрондық кітапхана (мұғалімге, оқушыға және үйде қолдануға

арналған);

  1. Chem Lab, Chem Office, Chem Draw, Chemical Equation, Chem Finder,

Ашық химия, химия бойынша репетиторлар, Химиялық лаборатория, Химикус және компьютерлік бағдарламалар;

  1. бейорганикалық химия бойынша бейнефильмдер жиынтығы

(мұғалімге, оқушыға және үйде қолдануға арналған);

  1. органикалық химия бойынша бейнефильмдер жиынтығы (мұғалімге, оқушыға және үйде қолдануға арналған).

3.26.3 Химия кабинетінің арнайы құралдары:

  1. химиялық экспериментке арналған реактивтер, құрылғылар, ыдыстар мен лабораториялық құралдар;

  2. арнайы жиһаздар (жалпы білім беретін мектептердегі оқу-әдістемелік құралдар мен оқу құрал-жабдықтарының тізіміне сәйкес).

3.27 Тарих кабинеті. 3.27.1 Тарих кабинетінің оқу-көрнекілік жабдықтары:

  1. тақырыптар бойынша карталар, суреттер, кестелер, сызбанұсқалар, альбомдар;

  2. тарихшылардың портреттері, тарихи иллюстрациялар;

  3. атластар, үлестірмелі көрнекілік құралдар;

  4. бағдарламаға сәйкес дидактикалық материалдар, үлестірмелі

материалдар;

  1. тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары, олимпиада тапсырмаларының жиынтығы;

  2. шығармашылық тапсырмалардың (ребустар, сөзжұмбақтар, викториналар) жиынтығы.

3.27.2 Тарих кабинетінің оқу-әдістемелік жабдықтары:

  1. пәнге байланысты әдебиеттер, ғылыми-танымдық әдебиет;

  2. әдістемелік әдебиеттер;

  3. анықтамалықтар, энциклопедиялар.

    1. Музыка кабинеті.

3.28.1 Музыка кабинетінің жарақтандырылуы:

  1. магнитті тақта, нота орналастыруға арналған құрылғы;

  2. фортепиано, домбыра басқа да музыкалық аспаптар;

  3. теледидар, бейнемагнитофон, бейнетаспалар жиынтығы;

  4. дыбыстық құралдар (микрофондар, дыбыс ұлғайтқыштар);

  5. музыкалық-графикалық сызбаларды толтыруға арналған түрлі-түсті борлардың, фломастерлердің жиынтықтары;

  6. магнитті негізбен әзірленген нота белгілерінің жиынтығы;

  7. дирижер таяқшасы;

  8. өлкелік компоненттің мазмұнына сәйкес келетін ұлттық аспаптар жиынтығы.

3.28.2 Музыка кабинетінің оқу-әдістемелік құралдары:

  1. ноталық материалдары бар хрестоматиялар;

  2. жеке орындауға және хорда орындауға арналған ән жинақтары; 3) әдістемелік құралдар;

  1. халық өнері туралы әдістемелік журналдар;

  2. музыка және музыка саласындағы атақты адамдар туралы әдебиеттер;

  3. өнер бойынша ғылыми-көпшілік әдебиеттер;

  4. анықтамалықтар, энциклопедиялар, терминдер сөздіктері;

  5. ноталық кестелер, сызбалар;

  6. сазгерлер мен әншілердің портреттері;

  7. үлестірмелі дидактикалық материалдар жиынтығы.

3.29 Бейнелеу өнерi және сызу кабинеті.

3.29.1 Бейнелеу өнері және сызу кабинетінің жарақтандырылуы:



  1. кабинет сумен (ыстық және суық) қамтамасыз етілуі тиіс, қол жуу шұңғылшасы есікке таяу орналастырылады;

  2. тақта және тақтаның астында сызу құралдары;

  3. оқу және сурет салуға арналған құралдарды сақтауға арналған шкафтар; 4) сурет салуға арналған мольберттер; 5) натюрморттарға арналған сөрелер.

3.29.2 Бейнелеу өнері және сызу кабинетінің оқу-әдістемелік құралдары:

  1. оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалық әдебиеттер (картотекамен);

  2. натюрморттарға арналған заттардың муляждары; 3) геометриялық фигуралар, демонстрациялық материалдар.

3.30 Технология кабинеті.

3.30.1 Технология кабинетінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі:



  1. оқу-әдістемелік кешендер, дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, бақылау жұмыстарының жиынтығы;

  2. оқуға қажетті кестелер, сызбанұсқалар, суреттер;

  3. анықтамалар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, ғылыми-әдістемелік

құралдар;

  1. практикалық және өздік жұмыстардың үлгілері;

  2. жеке, топтық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған үлестірмелі материалдар жиынтығы;

  3. оқушылардың білімін және білігін тексеруге арналған тапсырмалар жинағы.

3.31 Алғашқы әскери дайындық кабинеті.

  1. «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің нысандары», «Тактикалық дайындық», «Саптық дайындық», «Әскери топография», «Азаматтық қорғаныс» және т.б. стенділер;

  2. оқу құралдары: графикалық көрнекі құралдар, жарғылар, жер бедерінің макеттері, атқыш құралдар;

  3. Алғашқы әскери дайындық кабинетінде келесі құжаттар болуы қажет:

  • жалпыәскерлік жарғының жинақтары;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызметінің жарғылары;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметінің, тәртіп және әскери саптық жарғылары;

  • атқыш ісі бойынша нұсқау;

  • жастардың алғашқы әскери дайындығының бағдарламалары, оқуматериалдық базаны және жабдықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар;

  • бастапқы әскери дайындық бойынша оқулықтар;

  • әскери топография, азаматтық қорғаныс және медициналық-санитарлық дайындық бойынша оқулықтар.


4 Оқу кабинеттеріндегі құжаттарға қойылатын талаптар


4.1 Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттар электронды және қағаз портфолиода сақталады.



4.2 Оқу кабинетінде төмендегідей заңнамалық және нормативтік құжаттар болуы тиіс:

  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • Білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі;

  • Жалпы білім беру мекемелерінде оқытуға қойылатын гигиеналық

  • талаптар;

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты;

  • Бағдарламалар, пән бойынша оқу-тақырыптық жоспарлар;

  • ҚР Жалпы орта білім беретін ұйымарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат (ағымдағы оқу жылына);

  • Техникалык және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері.

    1. Білім беру үдерісін қамтамасыз ететін мектептің оқу кабинеттерінде кабинеттің төлқұжаты болуы міндетті.

    2. Кабинеттің төлқұжатында болуы тиіс:

      1. толық материалдық жауапкершілік туралы шарт;

      2. мұғалім қызметінің лауазымдық нұсқаулығы;

      3. кабинеттегі тәртіп ережесі;

      4. кабинеттің және кабинеттегі жабдықтардың жағдайына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар;

  1. жиһаздардың тізімі;

      1. техникалық құралдар тізімі;

      2. жабдықтардың, құрылғылардың және құралдардың тізімі;

      3. еңбек қауіпсіздігі туралы нұсқаулық;

      4. зертханада жұмыс істеу барысындағы техникалық қауіпсіздік туралы нұсқаулық;

      5. білім алушылардың мінез-құлқы, өзін-өзі ұстауы туралы ереже;

      6. оқу жылына арналған кабинеттің жұмыс жоспары;

      7. 12) кабинеттің жұмыс кестесі (тоқсандық);

      8. 13) кабинетті қабылдау ведомосі.

    1. Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыруды қамтамсыз ететін жұмыстардың реттелген тізімі бойынша кабинеттің жұмыс жоспары болуы міндетті.

    2. Оқу кабинетінің ашылуы және жұмыс істеуіне байланысты нормативтік-нұсқаулық құжаттар болуы керек:

  1. оқу кабинетінің ашылуы және білім беру бағдарламасын табысты орындалуын қамтамасыз ету үшін оның жұмыс істеуі туралы бұйрық (кабинет меңгерушісінің «Нормативтік-құқықтық құжаттар» папкасында сақталады);

  2. кабинет меңгерушісін және лаборант тағайындау, олардың қызметтік міндеттері туралы бұйрық (кабинет меңгерушісінің «Нормативтік-құқықтық құжаттар» папкасында сақталады);

  3. кабинеттегі бар жабдықтар, аспаптар, техникалық құралдар, көрнекі құралдар, дидактикалық материалдардың қызметтік міндеттері көрсетіліп ресімделген кабинет төлқұжаты;

  4. кабинетте бар жабдықтарға жасалған мүлік ведомосі (кабинет меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады);

  5. кабинетте жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері (танысу үшін кабинетте ілулі тұрады);

  6. оқушылардың кабинеттегі жабдықты пайдалану ережелері (танысу үшін кабинетте ілулі тұрады);

  7. кабинеттің жұмыс істеуге дайындығы туралы оқу кабинетін мектеп әкімшілігінің қабылдау актісі (кабинет меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады);

  8. нақты оқу жылына арналған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша оқу кабинетінің дайыдығы туралы мектептің әдістемелік комиссиясы шешімінің хаттамасы (кабинет меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады);

  9. оқу жылына арналған кабинеттің жұмыс жоспары (кабинет меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады):

  • перспективалық және оқу жылының жұмыс жоспары;

  • оқу кабинетінде сабақтар өткізу және оқу іс-шараларын өткізу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтау(қауіпсіздік ережелері бойынша жүргізілген нұсқамалардың өткізілуі жөнінде журнал).

    1. Мектептің білім беру бағдарламасын орындау бойынша оқу кабинетінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыруға қойылатын талаптар: мұғалімдер мен оқушылардың білім беру стандарты талаптарын орындауды; дамыта оқыту әдісін енгізу; таңдауы бойынша курстар жұмысы бағдарламасын дамыту қамтиды.

    2. Оқу кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастырудың мүмкіндік деңгейін анықтау үшін төмендегідей бағалау критерийлері ұсынылады:

      • оқу кабинеті төлқұжатының болуы;

      • оқу кабинеті портфолиосының болуы;

      • оқу жабдықтарын сақтаудың тиімділігі;

      • әдістемелік және оқу құралдарының болуы;

      • қолданыстағы оқу жабдықтарының, құралдардың жүйелілігі;

      • қабырға тақталардың болуы;

      • қабырға тақта материалдарының жағдайы, көркемдігі;

      • оқытудың техникалық құралдарының болуы және оларды сақтаудың ұйымдастырылуы;

      • мұғалімнің жұмыс үстелінің жағдайы;

      • оқу ғимаратында еңбекті қорғау және білім алушылардың өмірінің қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтың, журналдың болуы;

      • дәрі-дәрмек қобдишасының болуы;

      • жарықтандыру;

      • үстелдер мен орындықтар жағдайы;

      • кабинетте өсімдіктердің, гүлдердің болуы, олардың жағдайы;

      • кабинет терезелерін безендіру.




5 Заманауи талаптарға сай оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру


5.1 Оқу кабинеттерінде қазіргі заманға сай білім беру үдерісін ұйымдастыру келесі мәселелерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі:



  • кешенді жарақтандыру және жабдықтау;

  • оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

  • оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету; - оқу үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету.

5.2 Оқу кабинеттерінде оқу үдерісін кешенді жарақтандыру және оқу кабинетін жабдықтаудың жағдайларын жасауда келесідей мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі:

  • білім алушылардың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламасын меңгеруде жоспарланған нәтижеге қол жеткізу;

  • оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық түрінде білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қабілеттерін анықтау және дамыту;

  • дарынды балалармен интеллектуалдық және ғылыми-техникалық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жобалық зерттеушілік қызметін ұйымдастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруі;  білім алушылардың танымдық қызығушылықтары мен өздігінен білім алу қабілеттерін дамыту.

  • 5.3 Заманауи талаптарға сай оқу кабинеттерінде оқу үдерісін оқуәдістемелік сүйемелдеудің жағдайларын жасауда келесідей мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі:

  • оқу үдерісін жарақтандырудың кешенділігі;

  • оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету;

  • барлық оқу пәндері бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен материалдарының болуы;

  • оқу жоспарындағы барлық оқу пәндері бойынша баспа және білім берудің электрондық ресурстарымен, қосымша әдебиет қорымен кітапханаларды толықтыру.

5.4 Заманауи талаптарға сай оқу үдерісін материалдық-техникалық және ақпараттық жарақтандырудың жағдайларын жасауда келесідей мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі:

  • ақпаратты әзірлеу және қолдану;

  • ақпаратты түрлі жолдармен алу;

  • эксперимент өткізу, жобалау және құрастыру.

    1. Заманауи талаптарға сай оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асады.

    2. Заманауи талаптарға сәйкес жалпы білім беретін оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру жоғары сапалы ақпараттық-білім беру ортасын қамтамасыз ету болып табылады (оқу үдерісін ақпараттық және оқуәдістемелік қамтамасыз ету).

5.6.1 Оқу үдерісін заманауи талаптарға сай қамтамасыз етудің негізгі өлшемдері:

  1. ақпараттың қолжетімділігі, ақпараттық ресурстардың көптүрлілігі (сонымен қатар электрондық), алынатын ақпараттың толықтығы және маңыздылығы;

  2. сабақтарда заманауи ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды, Интернеттің жергілікті жүйесін, лицензияланған заманауи бағдарламаларды, ақпараттық-анықтамалық жүйелерді, электрондық

кітапханаларды қолдану;

  1. кітапхана қорын білім алушылар мен мұғалімдерге арналған оқулықтармен, ғылыми және анықтамалық-ақпараттық, ғылыми-әдістемелік, көркем әдебиеттермен, энциклопедиялармен, сөздіктермен, мерзімді баспасөз құралдарымен қамтамасыз ету.

    1. Кабинет білім беру оқу бағдарламаларына бойынша электрондық оқуәдістемелік кешендермен (ЭОӘК) толықтырылуы тиіс.

    2. Заманауи талаптарға сай оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру ЭОӘК (смарт-сынып, сандық зертхана, автоматтандырылған оқулабораториялық стенділері, мультимедиялық кабинет, ТВ-технологиялар) арқылы жүзеге асады.

    3. Кабинетте: бейне-лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейнеконференциялар; телеконференциялар, виртуалдық зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер), форумдар, чат және электрондық пошта бойынша кеңестер, білім алушылардың өзіндік жұмыстары; қолданылады: электрондық оқу басылымдары (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқу бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттықанықтамалық жүйелер) компьютерлік тестілеу жүйелері жүргізіледі.

    4. Электрондық оқу-әдістемелік кешендерді дайындау үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

    5. Әрбір пән бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешен (ЭОӘК) міндетті және қосымша жиынтықтардан тұрады.

5.11.1 Міндетті жиынтыққа енгізіледі:

  • оқу жұмыс жоспары;

  • сабақ жоспары;

  • практикалық және семинарлық сабақтардың материалдары;

  • зертханалық жұмыстардың практикумы (тапсырмалар, әдістемелік

  • нұсқаулар және т.б.);

  • білім алушының өзіндік жұмысына және мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмысына арналған тапсырмалар;

  • ағымдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдар (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, өзіндік жұмыстар);

  • оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерін бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдар (емтихандық тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары және билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары).

5.11.2 Қосымша жиынтыққа енгізіледі:

  • жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;

  • оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар;

  • тренажерлар;

  • анықтамалық-әдістемелік материалдар;

  • пәннің оқу материалдарын меңгеруге көмектесетін оқу және оқуәдістемелік құралдар;

  • материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.

5.12 Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастырудың қажетті шарттары:

  • білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарды қамтитын білім беру Интернет-порталы;

  • телекоммуникациялық желіге шығу (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтары;

  • түрлі терминалдар: мультимедиалық сыныптар, электрондық оқу

  • залдары және т.б.;

  • CD, DVD дискілеріне арналған оқу контенті;

  • желілік оқу мультимедиа контенті;

  • мультимедиалық лабораториялар;

  • желілік тестілеу кешендері;

  • оқытуды басқарудың желілік жүйелері.

5.13 Барлық оқу іс-әрекеті:

  • электрондық байланыс арқылы мұғалімнің білім алушымен

  • педагогикалық қарым-қатынасын;

  • электрондық құралды пайдалануды;

  • білім алушының оқыту құралдарымен бірге өзіндік жұмысын талап етеді.

    1. Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.

    2. Оқытудың компьютерлік құралдарына электрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар

(супертьюторлар), кәсіптік бағдарламалардағы оқу тапсырмалары

(профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.



    1. Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беретін ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.

    2. Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін жүргізу бойынша ұйымдастыру іс-әрекеттері:

  • қамтамасыз етудің әдістемелік жағы;

  • қолданбалы бағдарламалық жабдықтау (энциклопедиялар, медияресурстар, модельдеу);

  • базалық бағдарламаның платформасы (Windows операциялық жүйесі +

  • Office);

  • аппараттык кешен (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке қосылу);

  • электрондық кітапханаға арналған материалдары жинақтау және базасын жасақтау;

  • сыртқы ақпараттық ресурстарды қолдану (қашықтықтан оқыту

  • курстары, электрондық кітапханалар);

  • Интернетте қолданатын сайттар тізімі.

5.18 Білім алушылардың білім сапасын арттыру сабақтардан кейін немесе қосымша сабақтарда қашықтықтан оқыту арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін білім берудің біріңғай ақпараттық жүйені ұйымдастыру қарастырылады.

      1. Қашықтықтан оқыту интерактивті on-line сабақтарын өткізу арқылы жүзеге асады.

      2. Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыруда қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланатын құжаттар электронды тасмалдағыштарда сақталады.

5.19 Қазақ тілі мен әдебиеті оқу кабинеті.

      1. Білім алушылардың тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырып жаңа сөздерді меңгерту үшін аудио және бейнематериалдар қолданылады.

      2. Сөздердің дұрыс айтылуын (орфоэпиясын) меңгеру үшін аудио материалдар пайдаланылады.

      3. Оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру үшін интерактивті тақта, электронды оқулықтар қолданылады.

      4. Оқушыларға грамматикалық ережелерді меңгерту үшін интерактивті тақта пайдаланылады.

      5. Грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыру үшін ойын бағдарламалары қолданылады.

      6. Диалог, монологтармен жұмыс жүргізу үшін, сонымен қатар тыңдалым дағдысын қалыптастыру үшін лингафонды кабинет қолданылады.

      7. Көрнекі материалдардың сапалы болуы үшін (дыбысы, түсі, бейне, анимациялар), көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтау үшін компьютер, интерактивті тақта пайдаланылады.

      8. Кері байланыс тиімді жүзеге асу үшін (бақылау жұмыстарын алу, тест тапсырмалары) интерактивті тақта қолданылады.

      9. Оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету, ақын-жазушылар туралы мәліметтер, көркем шығармалармен танысу үшін үшін интернет желісі қолданылады.

5.20 Орыс тілі мен әдебиеті оқу кабинеті

      1. Для повышения интереса и мотивации учащихся к изучению языка и с целью усвоения новых слов и выражений следует использовать аудио- и видеоматериалы.

      2. Для усвоения правильного произношения слов (орфоэпия) следует использовать аудио материалы; для формирования навыков письма учащихся – интерактивную доску

(ActivStudio), электронные учебники; для усвоения грамматических правил – интерактивная доска; для формирования грамматических, лексических навыков учащихся–

игровые программы.



      1. Для формирования навыков слушания, а также для развития диалогической и монологической речи следует использовать возможности лингафонного кабинета.

      2. Для сохранения качества наглядных пособий, готовых уроков, материалов (звук, цвет, изображение, анимация) следует использовать компьютер, интерактивную доску.

      3. С целью получения обратной связи (контрольные работы, тестовые задания) следует широко практиковать использование интерактивной доски

(ActivStudio).

      1. Для организации самостоятельной работы учащихся, обучения работе со справочными материалами, ознакомления с художественными произведениями, сведениями о писателях и поэтах широко используется интернет.

5.21 Шетел тілі кабинеті.

      1. Шетел тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану сабақты заманауи, дамушы және танымдық сабақ етуге мүмкіндік береді.

      2. Оқушыларды тыңдауға жаттықтыру үшін оқу-әдістемелік кешеніндегі тыңдалым материалдарын, суреттері және иллюстрацияларымен бірге DVD және CD дискілерін қолдану ұсынылады.

      3. Айтылым дағдыларын дамыту үшін компьютер және мультимедиялық проектордың көмегімен көрсетілетін электрондық оқулықтар мен құралдар қолданылады.

      4. Ауызша сөзді қабылдау, сөздік қорды кеңейту үшін ауызша сөйлеуде сөйлем құрылымын есте сақтау үшін оларды одан әрі талқылау үшін бейнероликтерді қолдану қажет.

      5. Заманауи сабақтарда флэш-ойындар, оқушылардың «білімдегі олқылықтарын» толықтыру үшін интерактивті тақтада әр түрлі жаттықтыру тапсырмалары (оның ішінде ойындарды) белсенді қолданылады, осы арқылы грамматикалық дағдылары қалыптасады және лексикалық қорлары толықтырылады.

      6. Сабақтарда қажетті ақпаратты көрнекілікпен ұсыну үшін (жаңа лексиканы енгізу немесе грамматикалық материалды түсіндіру; оқылған тақырып бойынша білімді жинақтау; оқушылардың өз бетінше презентациялар жасауы) жұмыстың түрлі кезеңдерінде POWERPOINT-презентацияны қолдану ұсынылады.

      7. Диалогтік және монологтік сөзді дамыту үшін электронды тренажерларды қолданылады.

      8. Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға ықпал ететін, нәтижені шынайы көрсететін, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін түрлі электронды тестілер қолданылады.

5.22 Тарих пәні кабинеті.

      1. Білім беру үдерістерін ұйымдастыру оқытудың заманауи техникалық құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы, мультимедиялық проектор, аудиожүйе (маркерлік тақтамен біріктірілген), графпроектор, кодоскоп, теледидар.

      2. Білім беру үдерістерін ұйымдастыруда сонымен қатар оқуәдістемелік материалдар кешенінің қолданады (әдістемелік нұсқа, оқу құралы және глоссарий, жұмыс дәптері, оқу-, дыбыс-, бейне- материалдары, бақылау және емтихандық материалдар т.б.).

      3. Оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін оқулықтар, сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалық, плакаттар, пән бойынша статистикалық деректер, карталар, карточкалар, кестелер пайдалынады.

      4. Оқушылардың on-line олимпиада, форумдарға қатысуын ұйымдастыруда зерттеу-жобалық іс-әрекеттерде тарихи деректер, монографиялық мәтіндер іздеуде, әртүрлі әдістемелік материалдар және рефераттар даярлау үшін Интернеттің білім қорларымен қамтамасыз етіледі.

5.23 Математика пәні кабинеті.

5.23.1 Заманауи талаптарға сай «Математика» кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны (АКТ) қолдану төмендегідей мәселелерді шешуге бағытталған:



  • математиканың түрлі бөлімдерін оқып-үйрену кезінде презентациялар жасау үшін тиісті компьютерлік бағдарламаны қолдану;

  • Интернет-олимпиадаларға қатысу арқылы оқушылардың математикалық қабілеттері мен шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

  • математикалық тапсырманы орындау үдерісі туралы бейнекөрініс жасау;

  • арнайы бағдарламалардың көмегімен түрлі математикалық ісәрекеттерді орындау (есептеу, графиктерді құру және т.б.).

5.24 Физика пәні кабинеті.

      1. Заманауи талаптарға сай физика кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастыру ақпараттық коммуникативтік технологияны (АКТ) қолдану арқылы жүзеге асуы тиіс.

      2. Кабинет демонстрациялау, зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал – жабдықтарымен, жиһазбен, жаңа техникалық оқу құралдармен, көрнекіліктері, экспозициялық және проекциялық оқулықтармен, CD және DVD дисклердегі электрондық құралдармен, әдістемелік оқу – әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады.

      3. Сабақта құрылғылар жетіспеген жағдайда, демонстрациялық тәжірибелерді виртуалды түрде көрсету жүзеге асырылады.

      4. Физика пәнінің сапасын арттыру мақсатында автоматтандырылған оқу-лабораториялық стенділері, сандық зертхана, мультимедиялық кабинет қолданылады.

      5. Жаңа оқу материалын өздігінен меңгеруде, есептер шығаруда, білімдерін тексерудің тестік формасында және т.б. қажетіне қарай ақпараттық коммуникативтік технологияның мүмкіндіктері қолданылады.

      6. Заманауи талаптарға сай физика кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыруда компьютерлік технологияны қолдануда төмендегі іс-әрекеттер жүзеге асырылады:  редакторлардың көмегімен дыбыстық, сандық, мәтіндік, графикалық ақпараттарды өңдеу;

  • MS Power Point редакторының көмегімен берілген оқу материалы бойынша слайдтар әзірлеу;

  • өз пәні бойынша дайын бағдарламалық өнімдерді қолдану;

  • сабақта электрондық оқулықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру;

  • оқу-бағдарламалық құралдарды қолдану;

  • дайын қабықша-бағдарламалардың көмегімен тест тапсырмаларын құрастыру.

5.25 Химия пәні кабинеті.

5.25.1 Химия кабинетін қазіргі заманның талаптарына сай ұйымдастыруда оны оқу құралдарының толық жиынтығымен жабдықтауда қарастырылады:



  • оқу құралдарының түрлі жиынтығын баспа және электрондық түрде қолдану;

  • түрлі химиялық заттардың құрылысын құрастыруға қажетті кристалдық торлар;

  • оқытудың экрандық-дыбыстық құралдарын қолдану (диафильмдер, диапозитивтер, графикалық проекторлардың транспаранттарын, кинофильмдер мен кинофрагменттер, оқу видеофильмдерін);

  • жаңа ақпараттық технологиялар негізінде өлшеуіш құралдарды

пайлалану;

  • реттелгіш параметр немесе үдеріс туралы компьютердегі ақпараттарды алу үшін датчиктердің жиынтығы мен құрылғыларын пайдалану.

5.26 Биология пәні кабинеті.

5.26.1 Биология кабинеті білім беру үдерісін ұйымдастыруда заманауи талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік жабдықтармен және ЭОӘК-мен (компьютермен жабдықтау, интернетке шығу, интерактивті тақта, лицензиялық бағдарламамен қамту, электронды ресурстар, сандық лаборатория) жабдықталуы қажет:



  • интерактивті тақтаны пайдалану;

  • интернет жүйесін және заманауи ақпараттық технологияларды

пайдалану;

  • MS Power Point, Prezy редакторы арқылы презентациялар дайындау;

  • дайын оқу-бағдарламалық құралдарды, бейнетаспаларды, ақпараттарды тікелей интернеттік сайттардан пайдалану;

  • оқушылардың on-line олимпиадаларға, форумдарға, зерттеу-жобалау жұмыстарына қатысуларын ұйымдастыру;

  • оқушылардың білімдерін бақылау және өзін-өзі бақылау үшін тест тапсырмаларын құрастыру, тестілеуді өткізу кезінде дайын қабықша- бағдарламаларды пайдалану;

  • қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;

  • биология сабақтарында практикум және жобалау-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде эксперимент нәтижелерін белгілеуде сандық лабораторияның мүмкіндіктерін пайдалану.

5.26.2 Функционалды сауаттылықты, зерттеу дағдыларын дамыту үшін өсімдіктердің, жануарлардың физиологиясы мен биохимиясы саласында әртүрлі эксперименттер жүргізуге арналған компьютерлік өлшеуіш датчиктер жиынтығын пайдалану қажет.

5.27 География пәні кабинеті.

5.27.1 Мектептегі география кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастыру төмендегі талаптарға сай ұйымдастырылады:

– бұқаралық-ақпарат құралдарын және мультимедиялық ресурстарды пайдалану;



  • дерекқордан және Интернеттен ақпаратты іздеу;

  • сандық, Интернет желілері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;

  • сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстар мен мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;

  • басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;

  • электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;

  • интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;

  • аяқталған жұмыстың мектеп шеңберіндегі және одан тыс мультимедиалық презентациясы.

5.27.2 География кабинеттерінде интерактивті электронды карталар (ондай карталарды аймақты неғұрлым толық қарастыру үшін үлкейтуге, қажетті белгілеулерді және суреттерді қосуға болады) қолданылады.

5.27.3 Интерактивті карталарда қосымша иллюстративтік және мәтіндік материалдар бар.

5.28 Заманауи талаптарға сай дене шынықтыру сабақтарында білім беру үдерісін ұйымдастыру:


  • дене шынықтыру пәнінің теориялық және практикалық сабақтарында АКТ-ны (бейнематериалдарды, презентацияларды, блок-сызбаларды, кестелерді, өсу динамикасының графиктерін) қолдануды;

  • оқушыларға өздерінің қимыл-қозғалыс әрекеттерінің көрсеткіштерін бағалау мен жақсартуға көмек көрсету үшін оқушылардың өзін-өзі бағалауға, талдауға арналған фото- және бейнематериалдарды пайдалануды;

  • АКТ-ны (соның ішінде, Интернет) қарым-қатынас құралы ретінде, бірлескен жұмыс жүргізуде, контент құруда, пән бойынша ақпаратқа қолжетімділікті іздестіруде қолдануды көздейді.

5.29 «Бейнелеу өнері» пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыруда төмендегі іс-әрекеттер қажет:

  • көркем туындыларды жасауда компьтерлік-сандық технологияларды қолдану;

  • Интернеттен және дерекқордан ақпарат іздеу;

  • сандық және Интернеттен алынған дәйектерді маңыздылығына қарай өңдеу таңдау, табу, маңыздығына қарай бағалау;

  • белгілі бір мақсатқа және аудитория үшін түрлі дереккөздерден жинақталған материалдар қоры кіретін слайд көрсетілімдерді

  • (презентацияларды) жасау дағдыларын дамыту;

  • модельдер мен модельдеуді пайдалану, сонымен қатар мультимедиялық көрсетілім жасау үшін мәтін мен дыбысты, қозғалмайтын және қозғалмалы кескіндемені біріктіру;

  • онлайн форумдар мен виртуальды ортада оқытуға қатысу, электронды байланысты пайдалану арқылы мұғалімдер және басқа оқушылармен жұмысқа арналған байланыс арнасы бойынша ақпарат алмасу және хабарлама жіберу.


Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру

бойынша нұсқаулық

Басуға 22.07. 2015 қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16.

Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 6,1.

Подписано в печать 22.07. 2015. Формат 60×84 1/16.

Бумага офсетная. Печать офсетная.

Шрифт Times New Roman. Усл. п.л. 6,1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» БО, 15-қабат

Министерство образования и науки Республики Казахстан



Национальная академия образования им. И. Алтынсарина 010000, г. Астана, ул. Орынбор, 4, БЦ «Алтын Орда» 15 этаж




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет