Сабақ жоспары № 1
План учебного занятия №
Күні: Пән Педиатрия негіздері Тобы
Дата Предмет Группа
Оқытушының Т.Ә.А. Кайырбекова И.А.
Ф.И.О. преподавателя
І. Сабақтың тақырыбы Кіріспе
Тема занятия
Сабақтың түрі және типі Жаңа білім беру сабағы
Тип и вид занятия
Мақсаты Педиатрия ғылымы туралы толық түсінік беру. Педиатрияның зерттеу
Цель әдістерімен таныстыру. Салауатты өмір сүру туралы түсінік беру.
Міндеттері
Задачи
а) Білімдіқ Педиатрия негіздерінің зерттеу нысандарын, бөлімдері мен әдістерін,
обучающие баланың жас ерекшеліктерін сипаттау
ә) тәрбиеліқ Өзін - өзі және баланы танып білуге, жеке бас гигиенасын сақтай білуге воспитательные тәрбиелеу.
б) дамытушылық Мысалдар келтіре білу, өз пікірлерін дәлелдеу, кестелер
развивающие (кластерлер) құрыстыра білу.
ІІ. Күтілетін нәтиже.
Ожидаемые результаты:
а) оқушылар түсінуі тиіс педиатрия ғылымының зерттеу нысандарын, бөлімдері
должны понимать мен әдістерін
ә) оқушылар құндылы бағдары болуы адам меңгерген маңызды құндылықтарды
должны иметь ценностные установки
б) оқушылар жасай біледі өз бетінше кітаппен жұмыс жасап, кесте толтыру
должны уметь жүргізу
План занятия
І. Организационный момент
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау және тексеру.
ІІ. Түсіндіру: Жоспар:
Педиатрия пәні, мақсаты
Педиатрияны зерттеу әдістері
Жас ерекшеліктерді сипаттау
Бала денсаулығы мен физиологиялық дамуы
ІІІ. Бекіту:
1 тапсырма: Жас ерекшеліктерді сипаттау кесте толтыру
2 тапсырма Дәрігердің анықтамасы көрсетілген баланың дәрігерлік картасыарқылы, тәрбиешінің жеке өзіміздің бақылауымыз арқылы бала ұйымында белгіленген топтардан денсаулығында ауытқушылығы бар балаларды табу.
3 тапсырма: Жеке бала денсаулығының өсуін, нығайуын қадағалау, бағалау.
IV. Қорытындылау: Рефлексия.
ІV. Үй тапсырмасы: Педиатрия ғылымының даму кезеңдері §1
Кіріспе
Жоспар:
Педиатрия пәні, мақсаты
Педиатрияны зерттеу әдістері
Жас ерекшеліктерді сипаттау
Бала денсаулығы мен физиологиялық дамуы
Педиатрия -сау және науқас бала денсаулығы жөніндегі ғылым. Педиатрия ғылымы физиология, диетология, гигиена, баланың туғаннан бастап жыныстың жетілуі кезеңіне дейінгі патологиясы мен емдеуді қарастырады. Қазіргі заманғы педиатрия аурудың профилактикасына, балалар гигиенасының үлкен назар аударуда. Мектепке дейінгі гигиена алғашқы және мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығына және дамуына әсер ететін сыртқы орта факторларын зерттейді. Мектепке дейінгі гигиена бала денсалуғыны нығайту, олардың дамуын, мектепке дейінгі ұйымдарда дұрыс тәрбиелену үшін бағытталған іс- шараларды қарастырады.
Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиенасынң зерттеу нысаны болып:
Алғашқы және мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктері;
Балалардың физиологиялық дамуын және денсаулығы;
Балалар ауруларының профилактикасын; бала ауруларын алдын- алу;
Сәтсіз жағдайда жарақат алғандағы балаларға көрсетілетін алғашқы көмек; жарақаттың себептері,
Жеке мүшелер гигиенасын; әртүрлі жастағы балалардың рационалды күн тәртібі;
Дене тәрбиесі және дене шынықтыру; денені шынықтыру, таңғы жаттығуды ұйымдастыру;
Балаларды гигиеналық тәрбиелеу; ата- анаға және қызметкерлерге санитарлық ақпарат беру; мектепке дейінгі ұйымдарда медициналық қызмет көрсету;
Балалардың тамақтануының гигиеналық негіздері:тамақтану нормалары, бала тамақтандыруды ұйымдастыру;тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар
Бала ауруларын алдын алу табылады.
Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәні биология, медицина, педагогика, психология, эпидемиология, офтальмология, отолорингология ғылымдарымен тығыз байланыста.
Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәнінің мақсаты- мектепке дейінгі ұйымдарда аурулардың профилактикасы. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін балаларда пайда болатын аурулардың себептерін, оларды жұқтыру жолдары, симптомдарын білу керек.
Педиатрияны зерттеу әдістері
Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәнінде қолданылатын әдістер:
Табиғи гигиеналық эксперимент- қоршаған сыртқы ортаның балаға әсерін, балалының өмірлік жағдайын дұрыс қалыптастыруды қарастыру ;
Зерттелетін факторға жауап қайтаратын бала организмінің реакциясын қарастыруды –физиологиялық, биохимиялық; клиникалық әдістер арқылы анықтайды;
Салыстырмалы- дені сау және науқас бала организмінің қызметін, әртүрлі жастағы бала организмінің қызметін қарастырады.
Математикалық статистика баланың динамикалық қозғалысын, физиологиялық дамуын;
Лабораториялық эксперимент- диагнозды нақты анықтау үшін.
Жас ерекшеліктерді сипаттау
Балалар жас ерекшеліктеріне сипаттама:
Жаңа туған нәресте- кіндігі түскенше
Емузілі бала- 1 жасқа дейін;
Ерте балалық шақ- 1-3 жас-
Алғашқы балалық шақ- 4-7 жасқа дейінгі;
Екінші балалық шақ:
Ұлдар- 8-12 жас
Қыз-8-11 жас
Жасөспірімдік шақ:
Ұл бала- 13-16 жас
Қыз бала- 12-15 жас
Есею кезеңі:
Боз бала- 17-21 жас
Бойжеткен- 16-20 жас.
Жас кезеңдері:
1-10 күн- жаңы туған кезеңі
емізулі кезең
ясли- балалық шақ кезеңі 1- 3 жас
мектепке дейінгі кезең 3-7 жас
мектеп кезеңі: кіші- 7-10 жас, орта 11-14 жас, жоғарғы- 14-18 жасқа дейін
Мектепке дейінгі ұйымдар 2 жастан бастап 7- жасқа дейін ұйымдастырылады.
Топ, жасы
|
Топтағы орын саны
|
1ясли
Кіші-2 ай-1 жас
Орта 1- 2 жасқа д
Жоғары-2 жастан-3 ж дейін- бірінші кіші топ
|
20
|
Мектепке дейігі:
Кіші топ- 3-4 жас
Орта топ -4-5 ж дейн
Ересектер тобы 5-6 жас
Дайындық тобы+ 6-7 жас
|
25
|
Бала денсаулығы мен физиологиялық дамуы
Физиологиялық даму- балалының өсу мен дамуындағы процесстерді сипаттайтын организмнің функционалдық және морфологиялық қасиеттердің жиынтығы. Антропометриялық зерттеулер қолданылады.
Денсаулық топтары
|
Денсаулық жағдайы
|
І
|
Дені сау балалар.
|
ІІ
|
Дені сау, бірақ аурудан соң кейбір функционалдық және морфологиялық ауытқулары бар. Жиі вирустық аурулармен ауратын, көру қабілеті нашар балалар.
|
ІІІ
|
Физикалық жетіспеушіліктері бар, жарақаттың салдары бар балалар
|
IV
|
Еңбекке деген бейімделуі төмен, науқас балалар
|
V
|
1 және 2- топ инвалид балалар
|
Балардың дәрігерлік тексерілуі:
1 жасқа дейін- ай сайын; 1-3 жасқа дейін- үш айда 1 рет; 3-7 жасқа дейін жарты жылда 1 – рет. Науқас, инвалид балаларды жиі қарайды. Дәрігерлік тексерудің барлық нәтижелері балалың жеке карталарында тіркеледі.
Консультация для родителей
"Возрастные особенности детей старшей группы (5-6 лет)
Достарыңызбен бөлісу: |