Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий



бет39/78
Дата15.03.2022
өлшемі7,99 Mb.
#135493
түріИнструкция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78
Байланысты:
Пиза тапсырма жинағы NAO

2.4 Оқу сауаттылығы




Гендік тұрғыдан өзгеріске ұшыраған өнімдер

1-мәтін сұрақтарының сипаттамасы





Сұрақтардың
нөмірі

Сұрақтардың типтері

Мәнмәтін

Құзыреттілік

Көп таңдауды қажет
ететін сұрақтар

Қысқа жауапты қажет
ететін сұрақтар

Өзіндік

Өзіндік

Көпшілік

Мектеп

Кәсіби

Саны

Өзіндік

Тұжырымдау

1

х










Х
















2




х







Х
















3







х




Х













х

4







Х




Х













Х

5







Х




Х













х

6







х




х













х



1-мәтін

1. Елімізге киім-кешек, азық-түлік, жемістер, цитрус және т.б. тамақ өнімдерінің басым көпшілігі өзге мемлекеттерден, яғни Қытай, Ресей және т.б. тасымалданады. Тасымалданған өнімдердің қауіптілігі – құрамында ГМО (гендік модификацияланған организм) болуы, жарамдылық мерзімінен тыс ұзақ сақталуында. Кез-келген дүкенге немесе сауда орындарына бара қалсаңыз алдыңыздан көздің жауын алатын, пішіндері бірдей түсі де әдемі сырты жылтыраған жеміс-жидектерді көресіз, сатып аламыз. Енді сол сатып алған тағамдардың құрамы қандай? Қалай дайындалады? Қайдан келіп жатыр?


2. ГМО дегеніміз не? ГМО (гендік модификацияланған өнімдер) – биотехнологиялық әдістермен генетикалық құрамы өзгертілген организмдер (көбіне азық-түлік ретінде пайдаланылатын өнімдер, өсімдіктер, жемістер). Гендік модификацияланған өнімдерді (ГМО) өсіру үшін бір организмнің генін басқа бір өсімдіктің немесе жануардың ДНК-сына енгізіп, өзгеріс жасайды. Бұл операция арқылы организмнің кейбір табиғи қасиеттері өзгереді.
3. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық біле бермейді. Себебі ГМО-ның адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп біткен жоқ, қазіргі таңда оны зерттеумен әлемде көптеген ғалымдар айналысуда.
4. Ең алғашқы трансген қызанақ 1994 жылы АҚШ-та жасалыпты. Бұл қызанақтың ДНК-на солтүстік америкалық камбаланың гені орналастырылған. 1 жылдан соң америкада жасалған трансгеннің саны 9-ға жеткен: қоңыз жемес үшін колорадо қоңызының гені қосылған картоп, камбала гені қосылған аязға шыдамды жүгері, сарышаян генін қосқан құрғақшылыққа төзімді бидай т.б. өнімдер. Бұл өнімдер қатаң табиғат жағдайларында да өсе береді, ешқандай күтімді қажет етпейді және ең бастысы 10 есеге дейін арзанға түсіп, шаш етектен табыс әкелетін суперөнімдер алынады. Бүгінгі күні 100- ден аса трансгендік дақыл жасалған. Бізге шетелден (әсіресе, АҚШ пен Қытай) әкелінетін ет пен балық консервілері, сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар (60%-ы гендік өнім соядан тұрады), өсімдік майы, кондитер өнімдері гендік өнім дақылдардан жасалады. Тіпті, кейбір зерттеулер «Nestle» (шоколад, кофе, балалар тағамы), «Coca-cola» («Спрайт», «Фанта», «Кока-кола»), «Danon» (йогурт, айран, ірімшік, балалар тағамы), «Kelloggs» (дайын тамақ өнімі), «Unilever» (балалар тағамы, майонез, соус), «Mars» («M&M», «Snikers», «Twix», «Milky Way», «Mars» шоколадтары) құрамында да гендік өнім ингридиенттері барын көрсеткен.
5. Енді осы өнімдердің қауіпсіздігі қандай? Бұл сұраққа келгенде оқымыстылар пікірі 2-ге жарылуда: бір тобы – осы уақытқа дейін адамдарға кері әсері анықталмағанын айтып, ары қарай дамытуды қолдайды. Екінші топ (бұлар көптеу) трансгенмен қоректенген жануарларда әртүрлі ақаулар дамығанын айтып қарсы пікір айтады.
6. Зиянды тұстары, біріншіден, өте қауіпті аллергиялық реакциялардың пайда болуы. Мысалы: АҚШ-та адамдар ГМО өнімдерін еркін қолданады. Аллергиямен ауыратындар саны 70%-ды құрайды. Ал, Швецияда 7%, бұл өнімдерді қолдануға тыйым салынған.
Екіншіден, трансгенді өнімдерді пайдалану асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын бұзады. Зат алмасудың бұзылып, иммунитеттің төмендеуіне әкеледі.
Үшіншіден, ісік ауруларының көбеюіне себеп болады. Жасушаларды мутацияға ұшыратады. Британия ғалымдары – генетикасы модификацияланған ГМ-картоптың, Италия ғалымдары – ГМ-сояның, Австралия ғалымдары – ГМ-асбұршақтың, француз зерттеушілері ГМ-жүгерінің жануарлар ағзасына қауіпті екендігін дәлелдеген.
7. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңында ГМО қарастырылмаған және 12-бабына сәйкес, (тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар) «сапасының айқын белгілері бар тамақ өнімдері оларды өндіру, айналымы және кәдеге жарату процестеріне жіберілмейді» делінген. Бұл жерде заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі ауадай қажет.
8. Ғалымдар генетикалық аппараттың қолдан өзгертіп өсірілген өнімдері бүгінгідей қарқынмен дами берсе, алдағы 40 жылдан кейін адамзат ұрпағы күрт кеміп, бүкіл биосфера бұзылып бітеді деген тұжырымға келуде.
9. ГМО – әуелі баста адамзат баласының күрт көбеюі салдарынан азық-түлік жетпей қалуы мүмкін деген жақсы ниетпен бидай, көкөністер, үй жануарларының ДНК құрамын өзгертіп, олардан көп өнім алуды көздеген. Десек те, қазіргі таңда ГМО экономиканың табыс көзіне айналды. Яғни, шығынсыз есеп, бұзылмайтын өнім, еркін сауда... Әрине, бұл пайдадан біздің еш үлесіміз жоқ, аграрлық саясатты ұстанатын, жер қойнауы бай мемлекет болсақ та, өзге елдің жасанды өнімдеріне тәуелдіміз. Аграрлық ел ретінде көп көлемде астық дақылдарын егеміз. Бірақ түрлі зиянкестер мен аурулардың (өсімдік аурулары) кесірінен еккен егініміздің шығымы, өнімділігі азайып, өзіндік құны қымбатқа шығады. Мұның бәрі – шығын. Бұл – тек бидайдың төңірегіндегі әңгіме. Ал бізде одан басқа да сақтау мерзімі шектеулі, тез бұзылатын ауылшаруашылық дақылдар, көкөністер мен жеміс-жидектер бар. Осының бәрінде біз өнімділікті ұлғайтып, сапасын көтерсек, өз елімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, өзге елдерге де экспортқа шығара алатын мүмкіндігіміз бар. Ал мұндай фантастикалық өнімділікті қалай көтереміз? Қолданыста жүрген химикаттар – пестицид, гербицид дегендер кешегі күннің технологиясы болып қалды. Денсаулықты ойласақ, дәл осы химикаттар ағзамызға зиянын тигізіп жатуы мүмкін. Сол себепті де біз жаңа технологиядан қашпай, қолданып, сол арқылы өнімділікті, өндірісті ұлғайта отырып, бір мезгілде бақылауды да қамтамасыз еткеніміз дұрыс. Өнімдеріміз өз елімізде өндірілетін болса, оның сапасы мен құрамы көңілге қонарлықтай болар еді, ал сырттан әкелініп жатқан болашақтың өнімдерінің қандай екенін, гендік модификацияға қаншалықты түскенін біле бермейміз.
Әрине, гендік модификацияланған азық-түліктер – ХХ ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі, бұл да - инновация екендігін мойындаймыз, десек те, ұлт денсаулығы мен болашақ ұрпақ тағдырын ескеретін болсақ, өз табиғи өніміміздің құны мен құрамын жоғалтпағанымыз жөн.
Дереккөзі
https://kk.wikipedia.org/wiki/ bulletin-law.kaznu.kz/index.php/journal/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет