1-тапсырма. Жануарлар. Жануарлар (латынша animalia) – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер), жүруге және сезінуге бейім, органикалық дайын қосылыстармен қоректенетін тіршілік иесі. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы және көп жасушалы болып екі топқа бөлінеді. Олардың дамуы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер жануарлардың сыртқы ортаның өзгерісіне бейімделуіне байланысты болады.
1-сұрақ. Неліктен құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады?
2-сұрақ. Балықтар су жануарлары, неліктен олар құрлықта тіршілік етпейді?
3-сұрақ. Неліктен жануарларды үй жануарлары және жабайы (дала) аңдары деп екі топқа бөледі?