3-тапсырма. Жер сілкіну.
Деректі фильмде жер сілкіну және олардың қалай болатыны туралы айтылған. Сонымен қатар фильмде жел сілкінуді алдын ала болжауға болатындығы туралы пікірталас жүргізілді. Геология саласының маманы: «Алдағы 20 жылды Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы үш жағдайдың екеуін құрайды» деген пікір айтты.
1-сұрақ. Келесі пайымдаулардың қайсысы геологтың пікірін дұрыс сипаттайды?
А. Үстіміздегі жылды есептегенде 12 жыл өткеннен кейін немесе 13-ші жылы Х қаласында жел сілкіну болады.
В. 23 саны 12 санына қарағанда үлкен, сондықтан алдағы 20 жыл ішінде Х қаласында жер сілкіну болатынына сенімді болуға болады.
С. Жер сілкіну болмауы ықтималдығына қарағанда, алдағы 20 жыл ішінде Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы басымырақ.
D. Жер сілкінудің қашан болатынын ешкім білмегендіктен, оның болатынын айту мүмкін емес.
2-сұрақ. Жер сілкінуді болжауға бола ма? Ия/жоқ.
3-сұрақ. Жауабыңыз «ия» болған жағдайда мысалдар келтіріңіз және өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
4-сұрақ. Жауабыңыз «жоқ» болған жағдайда өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
4-тапсырма. Вокансонның үйрегі және Гёте
Ағылшын мәтелі: «Егер бір нәрсе үйрекке ұқсаса, үйрек сияқты барылдаса және үйрек тәрізді жүзсе, онда ол – үйрек» - дейді.
29-сурет – И.В. Гёте және робот-үйрек
Оң жақтағы суретте француз механигі және өнертапқышы Жак де Вокансонның 1739 жылы құрастырған механикалық робот-үйрегі бейнеленген. Бұл үйрек барылдайтын, қарапайым құстың жүрісіне ұқсастырып жүретін және ең қызығы балық жейтін және дәретке отыратын болған. Өз көзімен көрген адамдар роботтың шындығында тағамды қорытпайтынын байқаған. Бәлкім, механикалық үйректің артқы жағынан дәрет салып қойып отырған шығар, ал аузы арқылы түскен тағам оның ішінде қала берген (29-сурет).
1805 жылы ең қызық оқиға болған, себебі үйректі көруге неміс ақыны Иоганн Вольфганг Гёте (сол жақтағы сурет) келген. Кездесу оншалықты табысты болмады, ақынның айтуынша: «үйрек қаңқа тәрізді болып көренеді және оның ас қорытуында күрделі проблема бар».
Сіздердің ойларыңызша, Вокансонның өнертабысын үйрек деп санауға бола ма? Өз ойларыңызды логика және биология тұрғысынан дәлелдеңіздер.
5-тапсырма.
Қайрат кітаптағы суреттерді қарап отырды. Бұл суреттерде Ресейдің орталық-еуропалық бөлігінде кездесетін барпылдауық үйректердің (ата үйрек (кежек) және ана үйрек) суреттері бейнеленген. Ол «ғажап, мен барпылдауық үйректерді күзде, қыста және көктемде жиі көретінмін, ал жаздың аяғында кездестірген емеспін. Неліктен?» деп ойлады. Алайда бала тез арада (қисынды және мүмкін болып көрінетін) бірнеше ықтимал болатын түсіндірмелер ойлап тапты.
Ол қандай түсініктемелер ойлап табуы мүмкін екенін болжап көріңіздер. Сіздің ойыңызша олардың қайсысы дұрыс?
6-тапсырма. Қасқырлар.
Сіздердің алдарыңызда суретші А.Н. Комаровтың «Қасқырлардың үйлену тойы» атты суреті (1936 ж.) бейнеленген (30-сурет).
Бұл суреттен қасқырлардың арасындағы қарым-қатынастың қандай ерекшеліктерін байқауға болады? Өз ойларыңызды жазыңыздар.
30-сурет – Қасқырлар
7-тапсырма. Птеродактиль
«Жоғалған әлем» фантастикалық фильмінің кейіпкері профессор Челленджер Жоғалған әлемнен птеродактильдің (31-сурет) екі жынысының бірнешеуін алып шықты.
31-сурет – Птеродактиль
1-сұрақ. Оған негізгі мекенінен тысқары жерде птеродактильдердің популяциясын сақтап қалу үшін қорықты қалай ұйымдастыру қажет?
2-сұрақ. Ол қандай проблемаларға тап болуы мүмкін?
8-тапсырма. Птеродактильдер
Птеродактиль – бұл плацентарлық сүтқоректілер отрядына жататын ұшатын динозавр. Птеродактильдер үшін бас сүйегі тым ұзын әрі жеңіл болуы тән. Сонымен қатар олардың мойын омыртқасы созылыңқы және мойын қабырғаларынсыз болған.
Қанаттары жалпақ әрі мықты, ал ұшуға қажет саусақтары ашылмалы-жиылмалы болған. Ірі түрлерінің қанаттарының құлашы 8 метрден 12 метрге дейін жеткен.
Егер қазіргі кезде птеродактильдер болған болса және оларды қолға үйретсе... Оларды қандай мақсатқа қолдануға болады?
Өз жобаларыңызды ұсыныңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |