Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий



бет27/66
Дата14.10.2023
өлшемі6,44 Mb.
#185417
түріИнструкция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Байланысты:
Pisa Есептер жинағы

10-есеп. Киіз үй.
Киіз үй – киізбен жабылған қаңқалы көшпелі үй. Киіз үйдің негізгі бөлігі – ағаш қаңқа мен киіз жапқышы. Киіз үйдің сүйегін: жылжымалы керегекөз негізі – кереге, күмбез сырғауыл – уық, жартылай сфералы төбесі – шаңырақ, есік құрайды. Киіз үйдің керегесі бірнеше бөлек бөліктерден – қанаттардан құралады. Қанаттар санына байланысты киіз үйлер төрт қанатты, алты қанатты және т.б. болып бөлінеді.
13-кестеде алты қанатты киіз үйдің өлшемдері дұрыс көрсетілген, ал төрт және он қанатты киіз үйлердің өлшемдері ауыстырып берілген.

13-кесте – Киіз үйдің мөлшерлері





Атауы

Қанатының саны

4

6

10

1

Ауданы (кв. м.)

2,05

32

3,8

2

Диаметрі (м)

20

6,75

3,75

3

Уықтың биіктігі (м)

66

2,7

10,1

4

Уықтар саны (дана)

2,28

96

77

5

Ортасының биіктігі (м)

5,1

2,95

158



1-сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, төрт қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар.
Жауабы: _______
2-сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, он қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар.
Жауабы: _______


Одан әрі қарай түрлер мен деңгейлерге бөлінбеген тапсырмалар келтірілген.


11-есеп. Бояу.
Бөлменің төбесі 35-суретте бейнеленгендей ортасы ақ эмульсиямен, шеттері жасыл эмульсиямен боялған.
1-сұрақ. Шеттерінің ені қандай болады?
Жауабы: _______.
2-сұрақ. Ақ эмульсиямен боялған бетінің ауданы қанша?
Жауабы: _______.
3-сұрақ. Жасыл эмульсиямен боялған бетінің ауданы қанша?
Жауабы: _______.


35-сурет




12-есеп. Өнімділік.
Ені 0,45 км, ал ұзындығы енінен 0,5 есе артық болатын тіктөртбұрышты жер теліміне күріш өсірілді.
1-сұрақ. Егістік ені қанша километр?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Егістік ауданы қанша гектар? (1 км2 = 100 га)
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Әр гектардан х ц күріш жиналған болса, онда егістіктен барлығы қанша центнер күріш жиналды?
Жауабы: ___________ .


13-есеп. Шаруа қожалығы.
Шаруа қожалығында 300 бас қой бар. Әрбір қойдан 5,1 кг жүн қырқылды. Жүнді жуғаннан кейін ол 1,2 кг-ға жеңілдеді. 1 кг таза жүннен 0,7 м мата тоқуға болады.
1-сұрақ. Шаруа қожалығының барлық қойларының жүнінен қанша метр мата тоқуға болады?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Жүннен тоқылған матадан көйлек тігу үшін орташа есеппен ересек адамға 2,5 м, ал жасөспірім қыз балаға 0,9 м мата кетеді. Ересек адамның көйлегі 10500 тг, ал жасөспірімнің көлегі 6700 тг тұрады.
Егер фабрика шаруа қожалығынан жуылмаған жүнді 1 кг-на 170 тг-ден сатып алса, өңдеуге кететін шығын сатып алған бағаның 30%-ын құраса әрбір бұйымды тігудегі экономикалық пайданы есетеңдер.
Жауабы: ___________ .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет