Инструктивно-методическое письмо об организации воспитательно-образовательного процесса


ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата06.12.2022
өлшемі1,07 Mb.
#161638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ИМП каз. 2022-2023 оқу жылы

2. ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін:
1)
 
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі 
– Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартына; 
2) «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 
болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар 
қызметiнiң үлгілік қағидаларына;
3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып 
тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу 
жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);
4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен 
бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 
болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы);
5) мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген, өңірлік әдістемелік 
орталықтың ғылыми кеңесінде бекітілген және қолдануға ұсынылған білім беру 
бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады. 
Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар 
бойынша: 
-
физикалық дамыту; 
-
коммуникативтік дағдыларды дамыту; 
-
танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; 
-
шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін
дамыту; 
-
әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске 
асырылады.
Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, 
шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-


11 
эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған іс-
әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады: 
1) дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене 
шынықтыру); 
2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде); 
3) сөйлеуді дамыту
4) көркем әдебиет; 
5) сауат ашу негіздері; 
6) қазақ тілі (оқыту басқа тілде жүргізілетін топтарда); 
7) сенсорика; 
8) математика негіздері
9) құрастыру; 
10) қоршаған ортамен таныстыру; 
11) сурет салу; 
12) мүсіндеу; 
13) жапсыру; 
14) музыка. 
Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында
балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс-
әрекеттер берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет