14
сұрақтардың жауабын іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана
алуы маңызды.
Қоршаған ортамен танысу баланың «Мен»
бейнесінің пайда болуына барынша ықпал етеді. Сол
себепті отбасы, түрлі мамандықтар, ересектердің еңбегі,
туған жер, Отан, отан қорғаушылар туралы және т.б.
түсініктер
мен дағдыларын, патриоттық сезімін
қалыптастыру үшін балаларды қазақ халқының ұлттық
құндылықтары,
отбасылық
құндылықтар
арқылы
тәрбиелеуге басымдық беру көзделеді.
Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру күн сайын тек ұйымдастырылған
іс-әрекеттерінде ғана емес, сондай-ақ балалардың
қызығушылықтарын ескере
отырып, басқа уақытта да ұйымдастырылады және бірнеше жұмыс түрі қатар
жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы бір жұмыс түрімен
айналысуына болады.
Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе
жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту,
шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға
дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді,
құрастыруларды өзбетінше жасауға ынталандыру,
оларға еркіндік беру,
тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу.
«Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеті ерте, кіші, ортаңғы топтарда
аптасына бір рет, ересек және мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында
аптасына екі рет музыка жетекшісімен мектепке дейінгі ұйымның кестесіне
сәйкес жүргізіледі.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні
бойы музыканы
тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар,
балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт
бөлінеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандарты мен
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасының мазмұнында:
1) тәрбиелеу-білім беру процесінің міндеттерін іске асыру;
2) ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны;
3) білім беру іс-әрекетін тиімді кіріктіру;
4) сабақтастық принциптерін, тәрбие мен оқытудың үздіксіздігін
қамтамасыз ету;
5) ұйымдастырылған іс-әрекеттің күтілетін нәтижелері қарастырылатын
болады.
15
«Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері
«Қоршаған ортамен танысу» ұйымдастырылған іс-әрекетімен кіріктіріліп,
шешілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: