Лабораториялық тексеру әдістері:
Қанды қантқа тексеру (ашқарынға алынады). Қант диабетінде гипергликемия – қанда қант мөлшері көбейеді.
Зәрді қантқа тексеру. Қандағы қант мөлшері 9,9 ммоль/л – ден артық болса глюкозурия – зәрде қанттың болуы байқалады.
Гликемиялық, глюкозуриялық тест
Есте сақта! Қант диабетімен ауыратын науқастар үнемі өзінің қанындағы, зәріндегі қантты бақылап, қарап отыруы тиіс. Осы мақсатта қазіргі кезде глюкометр, тест-жолақ, глюкотест қолданылады.
Қант диабетімен қалай өмір сүру керек?
І. Диетаны дұрыс ұйымдастыру.
Диета - №9 стол
Тез сіңетін көмірсуларды шектеу керек. Қанттың орнына сорбит қолдану, кәмпит, тәтіні шектеу керек.
Тамақ қүрамы: көмірсу – 50%, май – 30%, ақуыз – 20%.
Тәулігіне 6 рет тамақтану қажет:
3 негізгі – таңғы ас, түстік, және кешкі ас
3 қосымша – 2- таңғы ас, түстен кейінгі, жеңіл кешкі ас.
Сонда қандағы қанттың мөлшері бір қалыпты болады.
ІІ. Инсулинді күнде қабылдау
Инсулинотерапияны жүргізу ерекшеліктері:
Инсулинді +4, +6˚С тоңазытқышта сақтайды.
Липодистрфияның алдын – алу үшін мына ережелерді қатаң сақтау керек:
Тек қана инсулиндік шприцтерді қолдану
Инсулинді тері астына терең егу
Инсулинді дене температурусына дейін жылытылуы қажет
Инсулинді дененің әр жеріне орнын ауыстырып егу
Инсулин егілгеннен кейін 15-20 минуттан соң тамақ ішу керек, себебі гипогликемиялық кома дамуы мүмкін
Науқас баланы және оның тумаларына инсулин шприцін ің қолданылуын үйрету қажет. Балалар 9 жастан кейін өзіне инсулин сала алады.
Инсулиндердің үш түрі болады:
Тез арада әсер ететін инсулиндер (инсулрап,актропид т.б)
Ұзақ мерзімде әсер ететін инсулиндер (ультралонг)
Қысқа және ұзақ мерзімге әсер ететін инсулиндер қоспасы (протафан)
Достарыңызбен бөлісу: |