Инсулинге тәуелді қант диабеті (ИТҚД)


Лабораториялық тексеру әдістері



бет2/4
Дата10.11.2023
өлшемі24,07 Kb.
#190688
1   2   3   4
Байланысты:
f60503cc98b5800

Лабораториялық тексеру әдістері:

  • Қанды қантқа тексеру (ашқарынға алынады). Қант диабетінде гипергликемия – қанда қант мөлшері көбейеді.

  • Зәрді қантқа тексеру. Қандағы қант мөлшері 9,9 ммоль/л – ден артық болса глюкозурия – зәрде қанттың болуы байқалады.

  • Гликемиялық, глюкозуриялық тест

Есте сақта! Қант диабетімен ауыратын науқастар үнемі өзінің қанындағы, зәріндегі қантты бақылап, қарап отыруы тиіс. Осы мақсатта қазіргі кезде глюкометр, тест-жолақ, глюкотест қолданылады.
Қант диабетімен қалай өмір сүру керек?
І. Диетаны дұрыс ұйымдастыру.
Диета - №9 стол

  1. Тез сіңетін көмірсуларды шектеу керек. Қанттың орнына сорбит қолдану, кәмпит, тәтіні шектеу керек.

  2. Тамақ қүрамы: көмірсу – 50%, май – 30%, ақуыз – 20%.

  3. Тәулігіне 6 рет тамақтану қажет:

3 негізгі – таңғы ас, түстік, және кешкі ас
3 қосымша – 2- таңғы ас, түстен кейінгі, жеңіл кешкі ас.
Сонда қандағы қанттың мөлшері бір қалыпты болады.
ІІ. Инсулинді күнде қабылдау
Инсулинотерапияны жүргізу ерекшеліктері:

  1. Инсулинді +4, +6˚С тоңазытқышта сақтайды.

  2. Липодистрфияның алдын – алу үшін мына ережелерді қатаң сақтау керек:

  1. Инсулин егілгеннен кейін 15-20 минуттан соң тамақ ішу керек, себебі гипогликемиялық кома дамуы мүмкін

  2. Науқас баланы және оның тумаларына инсулин шприцін ің қолданылуын үйрету қажет. Балалар 9 жастан кейін өзіне инсулин сала алады.

Инсулиндердің үш түрі болады:

  • Тез арада әсер ететін инсулиндер (инсулрап,актропид т.б)

  • Ұзақ мерзімде әсер ететін инсулиндер (ультралонг)

  • Қысқа және ұзақ мерзімге әсер ететін инсулиндер қоспасы (протафан)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет