Инсулинге тәуелді қант диабеті (ИТҚД)



бет1/4
Дата10.11.2023
өлшемі24,07 Kb.
#190688
  1   2   3   4
Байланысты:
f60503cc98b5800


Қантты диабет
Қант диабеті- көмірсу алмасуының бұзылу салдарынан дамитын тұрақты гипергликемиямен (қандағы қант мөлшерінің көбеюі, N – 3,33 – 5,55ммоль/л) сипатталатын ауру.
Жіктелуі. Қант диабетінің 2 түрі бар:
І түрі – инсулинге тәуелді қант диабеті (ИТҚД). Бұл ағзада инсулиннің абсолютті жетіспеуіне байланысты жасөспірімдерде дамитын ауыр түрі. Бұл түрі 15% жағдайда кездеседі.
ІІ түрі - инсулинге тәуелсіз қант диабеті (ИТзҚД). Ағзада инсулиннің аз болуына байланысты дамиды. Ересек адамдарда кездесетін жеңілдеу түрі. 85% жағдайда кездеседі.
Ауруға бейімдейтін факторлар:

  • Тұқым қуалау

  • Вирустық аурулар (мысқыл, вирусты гепатиттерден кейін жиі даиды)

  • Семіздік

  • Тез сіңетін көмірсуларды шамадан тыс көп қолданғанда (моносахаридтер ішек қабырғасы арқылы тез сіңіп, қандағы қант мөлшері тез арада көбейеді). Моносахаридтерге: қант, жүзім, варенье, бал, торт т.б.

  • Адамның жасы (жасы ұлғайған сайын қант диабетімен ауыру жиілейді).

  • Алкоголь (ұйқы безіне кері әсерін тигізеді)

  • Ұйқы безінің жарақаттары (Лангерганс аралшықтарындағы инсулин жасайтын ß– жасушалары pancreas-тың әр жерінде орналасқан).

Инсулинге тәуелді қант диабеті (ИТҚД).
Инсулинге тәуелді қант диабеті (ИТҚД) - ұйқы безіндегі ß– жасушаларының инсулинді өте аз бөлетіндіктен дамиды.
Патогенез.

  1. Инсулиннің қатысуымен глюкоза жасушаға сіңіріледі. Жасуша глюкозаны энергия көзі ретінде пайдаланады.

  2. Глюкозаның артық мөлшерін инсулин гликоген түрінде бауырға, бұлшық етке қор түрінде жинайды.

  3. Глюкозаның артық мөлшерін инсулин тері асты май қабатына май түрінде жинайды.

  4. Инсулин глюконеогенездіңдің алдын алады, яғни ағзадағы ақуыздан глюкозаның синтезіне қарсы әсер етеді.

ИТҚД дамығанда инсулиннің аз болуына байланысты глюкоза энергия көзі ретінде пайдаланылмайды, бауыр, бұлшық ет, тері асты май қабаттарында артық мөлшері жиналмайды. Глюконеогенез нәтижесінде ағзада кетон денелері, әсіресе ацетон көбейеді.
Қант диабетінің негізгі клиникалық белгілері:

  • Полифагия – тамақты көп жейді;

  • Полидипсия – суды көп ішеді;

  • Полиурия – кіші дәреті көбейеді;

  • Жүдеу;

  • Әлсіз, тез шаршау;

  • Терілерінің құрғауы;

  • Ауыздан ацетон иісінің шығуы;

  • «Крахмалданған жаялық» симптомы;

  • Жыныс мүшелерінің қышуы;

Қант диабетінің қосымша белгілеріне бала салмағының көп болуы, іріңді жаралардың болуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет