Инсулинге тәуелді қант диабеті (ИТҚД)


ІІІ. Өмір сүру режимін қандағы қант мөлшерінің азайып, көбеюіне байланысты өзгерте білу



бет3/4
Дата10.11.2023
өлшемі24,07 Kb.
#190688
1   2   3   4
Байланысты:
f60503cc98b5800

ІІІ. Өмір сүру режимін қандағы қант мөлшерінің азайып, көбеюіне байланысты өзгерте білу

  • Физикалық күш, күйзеліс, жұқпалы аурулар кезінде қант мөлшері азаяды.

  • Мерекелік отырыстарда тамақты көп жеу – қандағы қант мөлшерін арттырады.

ІV. Үнемі өзінің қанындағы қант мөлшерін анықтап тексеру
Қандағы қант мөлшерін гликометр немесе тест-жолақ әдісімен тексере білу Несептегі қантты гликотест әдісі бойынша тексере білу
Несептегі кетонды кетотест әдісі бойынша тексере білу
ИТҚД асқынулары.

  1. Қан тамырларының зақымдануы – ангиопатия. Оның белгілері: жаралар, нефропатия, ретинопатия (көздің торлы қабығының зақымдануы). Қант диабетімен ауыратын адамдар темекі тартатын болса көз тамырларының өзгерісі күшейеді. Міндетті түрде окулист консультациясы керек.

  2. Комалардың дамуы. Қант диабетімен ауыратын науқастарда гипергликемиялық немесе гипогликемиялық кома дамуы мүмкін.


Гипергликемиялық кома

Гипогликемиялық (инсулиндік) кома

Команың даму механизмі

Инсулиннің жетіспеуі – қанда кетон денелері көбейеді,ацидоз, гипергликемия дамиды.

Қанда глюкоза азаяды- гипогликемия.

Аурудың даму себептері

1.Уақытында диабет диагнозы қойылмаған
2.Инсулин егілмеген
3. Науқас тәттіні көп жеген

1.Инсулин дозасы артық егілген
2.Инсулин егігеннен кейін науқас тамақ жемеген
3.Физикалық және эмоциялық күш түскен

Клиника

  • Баяу дамиды

  • Тері және шырышты қабықтардың құрғауы

  • Көз алмасының жұмсаруы

  • Ауыздан ацетон иісінің шығуы

  • Ашығу сезімі, мазасыздық

  • Тез дамиды

  • Тершеңдік

  • Тремор, құрысу

Лабораториялық диагностика

  • Гипергликемия

  • Зәрде ацетонның болуы

  • Гипогликемия

  • Зәрде ацетон болмайды

Шұғыл көмек

  • Сілтілі сұұйықтар ішкізу, сода ерітіндісімен клизма жасау

  • Тез арада ауруханаға жатқызу

  • Инсулин егу 1Б/кг салмағына

  • Қант кесегін беру немесе қасықпен бал беру т.б

  • Көк тамырға 40% глюкоза ерітіндісін салу (жағдайы салып жатқан кезде жақсарады)

Есте сақта! Кома түрін анықтау қиын болған кезде – глюкоза ерітіндісін салу керек. Егер ГИПОгликемия болса, жағдайы тез жақсарады. ГИПЕРгликемиялық комада глюкозаның кері әсері болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет