НаргизаМемлекеттің интеллектуалды әлеуетінің негізі, бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші – сапалы білім, сындарлы ғылым. Жоғары оқу орындары (ЖОО) жүйесі – қазақстандық білікті кадрларды қалыптастыратын және еліміздің интеллектуалды әлеуетін дамытатын орта. Бұл жүйе қаншалықты тиімді жұмыс істесе, елдің экономикасы да соншалықты дәрежеде дамитын болады. Бүгінде Қазақстандағы ЖОО-лар 200-ден астам мамандық түрі бойынша кадрлар даярлайды екен. 1990 жылдан бері елімізде ЖОО-ларда оқитындар саны үш есе артты. Сөйтіп Қазақстан ЖОО-лар саны жағынан әрбір миллион тұрғынға шаққанда Ұлыбритания, Германия, Жапония сияқты көшбасшы елдердің өзін басып озыпты. Ең өкініштісі, ЖОО жүйесіндегі сандық көрсеткішке сапалық дәреже мүлде сәйкес келмейді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде ЖОО бітіргендердің 50 пайызы ғана алған мамандықтары бойынша еңбек етеді. Қазақстанда тек педагог кадрларын даярлайтын 89 ЖОО (оның 33-і мемлекеттік, 56-сы жекеменшік) бар екен. Жыл сайын осы оқу орындарын бітіретін 34 мың түлектің тек 10 мыңы ғана мектепке келіп, мұғалім болады. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды, бүгінгі күнге дейін еліміздің білім беру саласы мен еңбек рыногының арасында ешқандай байланыс болмай отыр. Еліміздің жоғары оқу орындары еңбек рыногының сұранысын зерттеп, экономикамыздың қажетін өтеуге толық дәрежесінде қызмет атқарып отырған жоқ. Бұл мәселелер төңірегінде біз Батыстың дамыған елдерінен әлі де көп нәрсені үйренуіміз керек-ақ. Мәселен, өркениетті Еуропа елдерінде мектеп түлектерінің тек 20 пайызы ғана жоғары білім алуға ден қояды. Жоғары білімсіз де қоғамға қажетті нағыз кәсіби мамандық иесі болуға болады. Білікті мишинист, іскер шаштараз да қоғамның қозғаушы күші болуға лайық. Жалпы, білім мен біліктілік ұштасқанда ғана экономика жемісті болмақ.
1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа модельге сай білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруге бөлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді.
Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқыту шеңберінде 5 (6) жасар балаларды міндетті түрде мектепалды даярлықтан өткізу көзделген. Бұл - мектепке оқуға қабылдау барысында балаларға бірегей бастау мүмкіндігін тудыратын маңызды шара болмақ.
Жаңа модельге сәйкес орта білім беру жүйесі жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта білім беруді қамтиды.
Базалық білім мектеп қабырғасында беріледі. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар тек кәсіптік мектептерде ғана емес, сонымен қатар кәсіби орта білім беретін оқу орындарында да оқуын жалғастыра алады.
Жоғары кәсіби білім беру құрылымы үш сатыдантұрады: жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнаулыбілім, жоғары ғылыми-педагогикалық немесе мамандандырылған білім (магистратура).