Бастауыш сынып мұғалімі:Г.Садирова
ОҚО Мақтарал ауданы
№120 жалпы орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Садирова Гулзия Амангелдиевна
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
Ойынның мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.
БАРЫСЫ
ЖОСПАР:
1 бөлім - Бәйге
2 бөлім – Жұмбақ сандық
3 бөлім – Жеті жұрттың тілін біл...
4 бөлім – Ақтық мәре
5 бөлім – Көшбасшы
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Армысыңдар, құрметті қонақтар
Ағайын мен халайық
Көпшіл болған ер дана
Достары көп ер бала
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!
ӘДІЛҚАЗЫЛАРДЫ САЙЛАУ, ТАНЫСТЫРУ
І бөлім – Бәйге
Бөлімімізді бастайық. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда – демекші, қане, көрелік, алғашқы бөлімімізде ойыншыларымыз өздерін қалай ұстар екен...
Ойын шарты:
Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, қолдарыңызды көтересіздер. Бірінші болып көтергеніңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады,
1. Күз айларын ата / Қыркүйек, қазан, қараша/
2. Табиғат дегеніміз не? / Бізді қоршаған орта/
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін сөздер/ кім? кімдер? Не? Нелер?
4. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев/
5. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас? /Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан/
6. Абылай ханның шын аты кім? /Әбілмансұр/
7. Биыл ҚР - ның Тәуелсіздігіне неше жыл болады?/25/
8. Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
9. Біздің облысымызды ата? /Шымкент облысы/
10. Әліппенің атасы кім? /А. Байтұрсынов/
Әділқазыларға сөз береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |