ІІІ бөлім: Жеті жұрттың тілін біл (5 ұпайдан)
Мұнда сіздер қазақша, орысша, ағылшынша тілде дұрыс аудармасын айтасыздар. Ендеше бастайық.
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
(Көктем - весна - spring)
2. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тон бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінекн табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ.
(Мысық - кот - cat)
3. Футболшының алаңдағы ойын заты
(Доп - мяч - ball)
4. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы
(Ит - сабака - dog)
5. Әр адамның шағын отаны
( Жанұя - семья - family)
6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
7. Ер қанаты(Ат)
(Ат - конь - horse)
8. Ердің(екі) сөйлегені өлгені
(екі - два - two)
Әділқазыларға сөз береміз.
4 бөлім – Ақтық мәре Бұл кезеңде берілген мақалды аяқтау керек
Тіл тас жарады,... /тас жармаса бас жарады/
Жақсы сөз... /жарым ырыс/
Ойнап сөйлесең де... /ойлап сөйле/
Әдепті бала - арлы бала,.../ әдепсіз бала – сорлы бала./
Жақсыдан үйрен -.../жаманнан жирен/
Үлкенге құрмет -.../кішіге ізет/
Бірлік болмай.../тірлік болмас./
Еңбек етсең ерінбей,... /тояды қарның тіленбей/
Туған елдей ел болмас,.../туған жердей жер болмас/
Жүз теңгең болғанша,.../жүз досың болсын/
Қойдың сүті қорғасын. ......./қойды ұрған оңбасын/
Оқу инемен ...... /құдық қазғандай/
Бір тал кессен ....../он тал ек/
Оқусыз білім жоқ, ...... /Білімсіз күнін жоқ/
Нар жолында ....../жүк қалмас/
Әділқазыларға сөз береміз.
Нағыз көшбасшы анықтайтын кезең.
5 бөлім – Көшбасшы Математикадан логикалық тапсырмалар
1. Бір топ үйрек ұшып барады.Олардың барлығы бесеу.Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?/ Ж: Біреу. Өйткен қалғаны ұшып кетеді./
2. Аулада 17 қаз және сонша үйрек жүр. Аулада барлығы неше құс жүр? /34/
3. Бірінші қосылғышы 11, екінші қосылғышы 12, үшінші қосылғышы 13. Қосындының мәнін тап. /39/
4. Қарбыздың салмағы 8кг. Осындай екі қауын неше кг болады? /16/
5. Әкесі 36 жаста, ал баласы одан 30 жас кіші. Баласы неше жаста? /6/
6.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? /2/
7.Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? /40/
8.4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? /4/
9.2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? / бірдей/
10. Бір айда 5 жексенбі бола ма? /болады/
ҚОРЫТЫНДЫ: Әділқазыларға сөз береміз, оқушыларды мадақтау.
№120 жалпы орта мектебі КММ
Сауат ашу
1 «А»-сынып
Тақырыбы: Менің достарым
Д дыбысы және әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Р. Момбекова
№120 жалпы орта мектебі КММ
Математика
2 «Ә»-сынып
Тақырыбы:
Қайталау
7 санын қосу және азайту
Бастауыш сынып мұғалімі: Ж. Тоқманбетова
Бастауыш сынып мұғалімі: Р. Момбекова
Тақырыбы: Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |