“Сөзілгек” ойыны
Оқушыларды жұптастыра отырып әр жұпқа бірнеше тұжырым (ереже, анықтама,т.б) жазылған парақша таратылады.
Ол тұжырымдардың бір-екеуі жалған болуы тиіс. Оқушылар осы жалған тұжырымдарды табуы керек. Егер тұжырым бұрмаланған болса, онда дұрысын айтады.
«Солай ма?...” әдісі
Бұл әдісті тарауды қорытындылау немесе қайталау сабақтарына пайдаланған тиімді.
Оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар, сөзжұмбақтар, ребустар дайындап келеді. Топқа бөлінген соң топ мүшелері дайындап келген жұмыстарын ортаға салады және белгіленген уақыт аралығында басқа топтардың ұнаған жұмыстарымен алмастырып, айырбас жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |