1-сурет.Chemix бағдарламасы арқылы алкандардың
молекулық массаларын анықтау
ІІІ. Қолдану. Алкандардың алынуы процесіндегі алынған қаныққан көмірсутектердің құрылымдық формасын ChemDraw 3D Ultra бағдарламасының көмегімен көрсету және реакция теңдеулерін ChemDraw Ultra 7.0 бағдарламасында жазу:
Алкандарды лабораторияда қанықпаған көмірсутектерді Ni, Pt, Pd өршіткілері қатысында гидрлеп алады:
H2C = CH2 + H2 → H3C - CH3
Вюрц реакциясы бойынша, алкандардың галогентуындыларына металл натриймен әсер етіп алады:
2СН3СІ + 2Na → С2Н6 + 2NaCI
Егер Вюрц реакциясын әр түрлі алкандардың галогентуындыларының қатысында жүргізсе, алкандардың қоспасы түзіледі. Мысалы, йодметан мен йодэтанның қатысуында Вюрц реакциясы нәтижесінде этан, пропан және бутанның қоспасы түзілуі мүмкін:
2СН3І + 2Na → СН3 - СН3 + 2Nal
СН3І + 2Nа + С2H5I → CH3 - С2Н5 + 2Nal
2С2Н5I + 2Na → С2Н5 — С2Н5 + 2Nal
Алкандарды көмірді гидрлеп алуға да болады. Жай заттардан алкандарды синтездеу реакциясының теориялық тұрғыдан маңызы зор. Реакция 500°С температура шамасында, өршіткі (темір оксидтері) қатысында жүреді:
nC+(n+1)H2 → CnH2n+2
Немесе метанды синтездеу реакциясы Ni катализаторы қатысында жүреді:
С + 2Н2 → СН4 + 75 кДж
2- сурет. Chem Office бағдарламасы арқылы алкандардың
құрылымдық формуласын көрсету
Алкандарды синтездеу мақсатында катализатор қатысында (Co, Ni) көміртек (II) оксиді мен сутектің қоспасын (синтез-газды) да пайдаланады:
nCO +(2n+1) H2 → CnH2n+2 + nH2O
Метанды лабораторияда натрий ацетаты (сірке қышқылының тұзы) мен натрий гидроксидін балқытып алады:
CH3COONa + NaOH → CH4 + Na2CO3
ІV. Талдау. Физикалыққасиеттері
Алкандардың гомологтық қатарында салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты балқу және қайнау температуралары мен тығыздықтары біртіндеп артады.
Достарыңызбен бөлісу: |