Интербелсенді оқыту әдісі мен химиялық компьютерлік бағдарламаларды кіріктіре отырып оқытудың тиімділігі



бет1/3
Дата21.04.2017
өлшемі0,62 Mb.
#14356
  1   2   3
Интербелсенді оқыту әдісі мен химиялық компьютерлік бағдарламаларды кіріктіре отырып оқытудың тиімділігі
Манапов Н.Т. – оқытушы

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Аңдатпа

Мақалада, студенттердің химия пәніне қызығушылығын арттыру үшін, интербелсенді оқытудың әдіс-тәсілдерінің оңтайлы жақтарын химиялық компьтерлік бағдарламалармен кіріктіре отырып оқытудың тиімділігі қарастырылады. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі студенттер ақпараттық технологияларды көбірік пайдалана отырып, ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияны пайдалануда, студенттер өз ойын анық айтып, еркін ұстап, білімін толықтыруға мүмкіндік алады.

Химия пәнінде стандарттық бағдарламаны игеруде интербелсенді оқыту тәсілдерін пайдалану үшін, студентті пәнге деген қызушылығын қалыптастырып оны қызықтыру, сабақ берудің оңай жолдары мен тәсілін табу оқытушының педагогикалық шеберлігіне байланысты екені анықталды.

Түйін сөздер: Интербелсенді оқыту әдісі, химиялық компьютерлік бағдарламалар, кіріктіріп оқыту технологиясы
Қазіргі таңда химия пәнін оқытуда сан-алуан жаңа оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялар қолдануда. Сонымен қатар, заман талабына сай арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолдану, студенттерге сапалы білім алуына септігін тигізуде. Осы орайда, химиялық компьютерлік бағдарламаларды оқутудың интербелсенді әдісімен кіріктіре отырып, химияны оқытудың әдіс-тәсілдері мен тиімділігін қарастыратын боламыз.

Оқытудың интербелсенді әдістемесінің басты мақсаты – оқытушыға интербелсенді оқытудың негізгі идеялары мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, интербелсенді әдіс-тәсілдермен сабақ өтуді үйретеді.

Оқытушы өтетін тақырыпқа шәкіртінің қызығушылығын тудырып, олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды, өзіндік білім құрастырады. Оқытушы берілген сұрақтарға дайын жауап беруге ұмтылмай, шәкірттердің өздері жауаптарын табуға оңтайлы жағдай жасайды.

Оқытушы мұнда «білім көзі» емес, ол – білімге апаратын жолды нұсқаушы, ол тек қажет кезде ғана шәкіртіне жәрдемдеседі, сұрақ қояды, тапсырма береді, ақпарат ұсынады.

Қазіргі жоғары оқу орындарында химияны оқытуда интербелсенді әдіс пен химиялық компьютерлік бағдарламалардың арасындағы байланыстар анықталуда. Химия сабағының сапасын жақсартудың дидактикалық, танымдық, психологиялық негіздеріне талдау жасалу керек. Тәжірибе барысында интербелсенді әдісте компьютерлік бағдарламаларды пайдалана оқытудың әдістерінен студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшелетіндігі анықталды.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді. [1]

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интербелсенді оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.

Қоғамның дамуы  осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады. [2]

Бүкіл әлем педагогтарының қолданысында көптеген дидактикалық әдістер орын алады. Бүгінде интербелсенді оқу әдістерін жіктеудің көптеген варианттары бар. Бұл жіктеулер интербелсенді әдістерді әртүлі тұрғыдан түрлендіреді: мазмұндық, қолдану тұрғысынан, технологиялық сипаты бойынша, т.б. [4]

Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазады. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырады. [3]

Миға шабуылдың алтын ережесі – талқылауға  қатысушылардың бірде бір сөзіне қарсы келмей, керісінше өз ойын ашық, қысылмай жеткізуді қамтамасыз ету. Осындай  жағдайда әр түрлі ойлар  пайда болып, күтпеген шындыққа  келмейтін ойлар айтылады.  Сол үшін миға шабуыл жасалынады. Бірақ бұл ғылыми  зерттеулерде,  менеджментте сәтті нәтижелерді  іздеу үшін  қолданылады. [3]

Мінез-құлықты өзгертуге уәж дайындау үшін тренингте талқыланатын мәселелерге қатысушылардың қызығушылығын ояту керек, бұл мәселені әрқайсысы үшін өзекті етіп жасау. Осы мақсатпен рөлдік ойын өткізуге болады. Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. [5]

Эвристикалық әңгіме проблемалық оқыту әдістемесіне  жатпайды. Себебі  ізденімпаздық ұжымдыққа  айналып, онда ойлармен ауысу болады.  оқушылар іске асырып, өзара көмектесу арқылы жетеді.  Сол үшін интербелсенді  әдіс  ретінде  қарастырады.

Дискуссия  әдісі сабақтың топтық формаларында семинар – дискуссияларда, семинар – тәжірибелерде, лобароториялық және практикалық жұмыстардың нәтижелерін талқылау кезінде қолданылады. Кейде дәріс барысында дискуссия  қолданылады.  Мұнда дәріскер дәрісті түсіндіру кезінде студентке қысқа жауапты талап ететін сұрақтар  қойып отырады. [6]



1-кесте.

Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытудың айырмашылықтары


Оқу

жүйелері

Параметрлер

Дәстүрлі білім беру

(білімді жинақтауға негізделеді)

Интербелсенді оқу

(білімді өздігімен игеруге негізделеді)

Оқытушы рөлі

Білім көзі, белсенді үйретуші, біліммен сусындандырушы, студенттерден анағұрлым көп білуші.

Таным процесі мен үйренуді ұйымдастырушы, жүргізуші, бағыт-бағдар сілтеуші, проблемалық түрде студенттер түсінетін және талдайтын болмысты құрастырушы.

Студент рөлі

Ырықсыз, бәсең, айтқанды орындаушы, қайталаушы,тыңдаушы.

Белсенді, өз біліміне деген жауапкершілікті түсінуші, білімді өздігімен игеруші.

Оқытушы әрекеттері

-Мәліметтермен ақпараттар береді;

-Өзі жасаған қортындылармен тұжырымдарды келтіреді;

-Тапсырмалар береді;

-Оқушылардың білімін тексереді.

Білім алушылардың төмендегідей қабілеттерін дамытуға ұмтылады:

-өзіндік әрекеттерімен көзқарас қалыптастыру мен дамыту;

-ақпаратты өздігімен игеру және оны талдау, шешім қабылдау;

-проблеманы айқындау және оны шешу жолдарын қарастыра білу;

-Келіссөздер және пікірталас жүргізе білу.

Студент әрекеттері

-Бастамашылдық пен ынтаны көрсетпейді, олардың есіне өз міндеттерін жиі есіне салып отыру керек.

-Білімді өздігімен игереді. Олар білімді өзіндік түсінік, ойлар, идеялар мен көзқарас деп түсінеді;

-Өз біліміне деген жауапкершілігі жоғары. Оларға еш қысым жасаудың қажеті жоқ.

Әдістемелік ұстаным

Білім дайын күйінде беріледі, шығармашылыққа жол берілмейді. Оқу мен оқыту – есте сақтау деп түсініледі.

Білім дайын түрде берілмейді, бұл ұстаным диалогтық қарым-қатынас, сыни көзқарас пен шығармашылық белсенділікке негізделеді.

Әдістемелік тәсілдер

Монолог, авторитаризм, қысым жасау, жасандылық.

Диалог, еркіндік, қысымнан арылу, дербестік, мәдени ықпал.

Проблемаларға қатынасы

Проблемалардың пайда болуын жеңіліс деп түсінеді.

Проблемалардың пайда болғаны, оларды шешу жолдарын іздестіруге бастайды.

Негізгі мақсаты

Адамдардың күнделікті болмысқа бейімделуі, «біліктілік» тұжырымы бойынша білім, білік, дағды беру.

Күнделікті болмысты адам мұқтаждарына сәйкес түбегейлі өзгерту, «құзыреттілік» тұжырымы бойынша құзырлардың қалыптасуына тиімді орта мен жағдай жасау.

Соңғы жылдары «Компьютерлік технологиялар» деген ұғым «Ақпараттық технологиялар» терминімен алмастырылуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі - қарқынды күшейте (интенсивті) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдану. Бұл жүйелер білім алушыға өзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар студенттер өздерінің ақпараттарын, материалдарын практикалық жұмыстармен кажетті ғаламтор желістеріне енгізуді меңгереді. Бағдарламада ғаламтор желісінің электрондық поштадан ICQ телеконференциясына дейінгі заманауи байланыс мүмкіншіліктері қарастырылады. Компьютермен оқытудың негізгі жетістіктерінің бірі болашақ маман иелері өздерінің кәсіби жұмыстарына сайттар ашып, оларды өңдеуді меңгереді. Ғаламтор желістері арқылы электрондық оқулықтар құруға және тесттер жасауға дағдыланады. Ғаламтор параметрлерін өздеріне жайлы сәйкестендіруді және желілердің жұмыс істеу қабілеттерін бақылауды үйренеді. Ғаламтор жұмысының техникалық тетіктерімен танысады.

Осындай тұжырымдарды іске асыру үшін, интербелсенді оқыту технологиясымен байланыстыра отырып, жоғары оқу орнында ақпараттық технологияны заман ағымына сай дәріс және семинар сабақтарында кеңірек пайдаланған абзал деп есептейміз:



  • Мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электронды оқулықтарды);

  • Электронды кітапханалар ( мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейне ақпараттар);

  • Виртуалды зертханалық тәжірибелер;

  • Анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры)

  • Ғаламторды және т.б көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. [7-9]

Қорытындылай келе интербелсенді әдіс пен компьютерлік бағдарламаларды үйлестіре отырып жасалған сабақ жоспарларын ұсынамыз.

«Қаныққан көмірсутектер» тақырыбын студенттердің оқытушымен бірге өз бетінше меңгерудегі компьютерлік бағдарламалардың тиімділігін қарастыратын боламыз.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге қаныққан көмірсутектердің номенклатурасы мен изомериясын, қасиеттері және қолданылуы туралы химиялық компьютерлік бағдарламалардың көмегімен кеңінен мағлұмат беру.



Қолданған әдіс тәсілдер мен көрнекі құралдар: Блум таксономиясы, ой қозғау, INSERT әдісі, кубизм әдісі, ChemOffice, HyperChem, Chemix бағдарламалары т.б.

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру:

Жаңа сабақ: Блум таксономиясы бойынша жасалған сабақ жоспары
2-кесте.

І. Білу. Инсерт әдісі немесе түртіп алу әдісі.


V “Бұрыннан білемін”

+ “Жаңа ақпарат”

- “Менің ойлағаныма қайшы”

? “Білгім келеді”

Алкандардың өкілдерін, қасиеттерін және қолданылуын.

Алкандардың өкілдерінің құрылымдық формуласын компьютерлік химиялық бағдарламалар арқылы сызып, геометриялық параметрлерін анықтауды үйрендім.

---------

Мұнайдың құрамындағы ілеспе газдар қандай газдар?

Химиялық компьтерлік бағдарламалардың көмегімен химиялық қосылыстардың қасиеттерін зерттеуді және химиялық процестерді модельдеуді.



Алкандар — молекула құрамындағыкөміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер.



Ең қарапайым алкан — метанның құрылымы.

Алкандардың молекуласындағы әр көміртек атомының барлық төрт валенттігі толығымен, яғни шетіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қаныққан (шектелген) көмірсутектерге жатады.
ІІ. Түсіну. Кубизм әдісі «Метан»

1. Суреттеу 4. Саралау

2. Салыстыру 5. Қолдану

3. Ойынмен байланыстыру 6. Талқылау



Суреттеу. Метан газ түріндегі көмірсутек, молекуласы төрт атом сутектен тұрады, өте жеңіл, суда ерімейді.

Салыстыру. Пентан мен метанды салыстырып сипаттау.

Ойынмен байланыстыру. Оттекке ұқсаз газ, түссіз, иіссіз, дәмсіз, ауадан екі есе жеңіл газ, жануды қуаттайды.

Саралау. Метан спиртте, эфирде және суда ериді, ауамен қәуіпті қосылыстар түзеді.

Қолданылуы. Метан синтез-газ, ацетилен, көгерткіш қышқыл хлороформ, техникалық көміртектер алуда қолданылады. Табиғи газ құрамындағы метанды отын ретінде пайдаланылады.

Талқылау. Сатурн және Юпитер атмосферасы Метаннан тұрады. Метанның әлсіз есірткілік әсері бар.

Химиялық компьютерлік бағдарламалардың көмегімен метанның және тағы басқа да алкандардың молекулық массаларын табуға және құрылымдық формулаларын сызып, геометриялық параметрлерін анықтауға тапсырма беріледі. Оны студенттер Chemix және HyperChem бағдарламасының көмегімен орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет