Клиенттегі активті бейнелер Алдыңғы бөлімде жазылған бейнелерге қарағанда, клиенттегі активті бейнелер сервердің программалық жабдықтарына тәуелсіз жұмыс істейді және сіз өз файлдарыңызда басқа серверге ауыстырсаңыз да функционирленуін тоқтатпайды. Бұндай бейнелерге 2 нәрсе қажет: HTML 3.0 қолдайтын браузер және HTML файлында жазылған карта туралы ақпарат.
Серверде де, клиентте де жұмыс істейтін активті бейнелер Сіздің серверде де, клиент – машинасында да жұмыс істейтін бейнемен жұмыс істегіңіз келетін шығар.
Серверде де, клиентте де активті бейнелер құрғаннан кейін оларды бір HTML файлында біріктіру қиын емес. Ол үшін HTML документіне сервердегі активті бейне үшін жасауға арналған сол жазуды апару қажет. IMG тегіне USEMAP= атрибутын қосуды ұмытпаңыз. USEMAP= атрибуты ISMAP тегіне қарағанда жоғары приоритетті болып табылады. Егер браузер клиентте жұмыс істейтін активті бейнені қолдаса, онда бұл атрибутты ол мойындайды. Бұндай бейнелерді білмейтін браузер USEMAP= атрибутына әсет етеді.