Кластариерархиясын жазу Барлық JavaScript объектісінің құрылуы Navigator жұмыс істеу облысынан бастау алады, оларды келесідей иерархия түрінде көруге болады,
Қолдануға осы объект класынан басқа өзінің жеке объектісін құруға болады. Бірақ әдетте көптеген программа осы класс жүйесін қолданады және жаңасын құрмайды.
Объектілер әдісі және объектілер қасиеті Осы кластардың әрқайсысы әдістер кластарының объектісін басқару функциясынан тұрады. Осы әдістердің ең бастысы объектілердің мәндерін тағайындайтындар болып табылады. Әдетте бұлар меншіктеу операциясы арқылы бөлінеді. Бірақ қарапайым программалау тіліндегі операторлардың типтері JavaScript – те де қолданылады (+,-,*, /, %, >>,<<, +=, -=, ...). Сонымен қатар "+" қосу операторы жолмен жұмыс істегенде жолдың соңына тағы жаңа жолды қосуды білдіреді.
s = "string1"+"string2"
JavaScript – те сандар және стандартты класстарды жазу операцияларынан басқа есептеу ағымын басқару командалары да бар.
break – циклдан шығу;
while(i < 6)
{ if(i==3) break; }
continue –цикл соңына көшу;
while(i < 6)
{ if(i==3) continue; }
for - цикл;
for(i=0;i<9;i++)
{ ... }
for – объектіні меншіктеу операторы;
for(i in obj)
{ str = obj[i] }
if..else - шартты оператор;
if(i>0)
{ ... }
else
{ ... }
wile - шартты цикл;
wile(j==k)
{ j++; k--; }
var – айнымалыларды хабарлайтын оператор.
var kuku = "kuku"
Айнымалылар типі оған меншіктелетін мәнмен анықталады. Осы көрсетілген операторлар JavaScript – ң операторларының толық жиынтығы емес, бірақ осы операторлар арқылы практикалық жұмыстарды орындауға болады.