Интернационалист-жауынгерлермен кездесу
М.П.Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты
12 ақпан 2012 жыл
Оқу залы
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ер мінезді, айбынды, батыр Ауған жерінде соғысқан ардагер аға, апаларымыз жайлы мағлұматтарды өз ауыздарынан естірту. Өскелең ұрпақтың бойына елін, жерін қорғай білуге, ерлікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру.
Көрнекілік:
Кітап көрмесі «Жауынгер-интерналисттер ерлігіешқашан ұмытылмайды».
Барысы:
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Ат ауыздығымен су ішіп, Ер етігімен су кешкен заманда
жауға қарсы шығып елін, жерін қорғаған айбынды да айбарлы ержүрек батырларымыз қаншама десеңізші.
15 ақпан - жер шарының соғыс оты лапылдаған Ауған, Солтүстік Корея, Венгрия, Тәжікстанда өзінің жауынгерлік, азаматтық борышын ерлікпен орындаған интерналионалист жауынгерлердің күні болып есептеледі.
Себебі 1989 жылдың 15 ақпанында Ауған жерінен совет әскерлеінің шығарылған күні еді. Міне осы күнге орай балалар сіздермен кездесу кеш ұйымдастырып отырмыз.Кездесу-кеш қонақтарымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Балқаш қаласының Ауған соғысы ардагерлерінің ( ОО «Боевое братство») «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы , ауған соғысының ардагері Мұхамедиев Бауыржан Мейірхаұлы – қошемет
Ауған соғысына қатысқан медбике капитан апамыз Нұрғалиева Ляззат Мүбаракқызы – қошемет.
Жүргізуші: Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзіңіз қаралы жылдармен орын алатын зұламаттың бірі Ауған соғысы еді.
Бұл қасіреттің басталуы 1978 жылы сәуір айында Ауғаныстанда мемлекетті басқару билігі үшін таластан туған төңкеріс болатын. 1979 жылы 23 желтоқсанда осы төңкерісті басу мақсатында Кеңес Одағы өз әскерін Ауған жеріне енгізді. Осылай Ауған соғысы басталып, соғыс біздің әскерлеріміз үшін 10 жылға созылып кетті. Біздің жауынгерлер үшін соғыс 15 ақпан 1989 жылы Кеңес әскері Ауған жерінен шығарылуымен ғана аяқталды.
Бұл соғысқа бүкіл Одақ бойынша 620 мың жауынгер қатысып, олардың 13 мыңнан астамы мерт болып, 53753 жауынгер елге мүгедек болып оралды.
Ал Қазақстаннан 22 мыңнан астам жауынгер қатысып, 924 соғыста қаза тапса, 1015 мүгедек болып оралды, 21 жауынгер хабарсыз кетті.
Осы соғысқа қарағанды облысынан 2000 жауынгер қатысыпты. Олардың арасында 76 отандасымыз қаза болған.
Қазіргі кезде Балқаш өңірінде 65 ауған соғыс ардагерлері өмір сүруде.
Биыл ауған соғысының аяқталғанына 23 жыл.
Оқушы тақпақ оқиды
(Қордабаева Айсұлу):
Отан үшін мерт болғанды танып, біл
Достарыңызбен бөлісу: |