Жасанды және нақты желілер
Желіні ұйымдастыру әдісі бойынша жасанды және нақты болып бөлінеді.
Жасанды желілер (псевдожелілер) компьютерлерді параллель порттар арқылы бірге байланыстыруға мүмкіндік береді және қосымша құрылғыларды қажет етпейді. Кей кезде мұндай желідегі байланысты ноль-модем (модем пайдаланылмайды) бойынша байланыс деп аталады. Қосылудың өзін ноль-модем деп атайды. Жасанды желілер бір компьютерден екіншісіне ақпаратты тасымалдау кезінде пайдаланылады. MS-DOS және windows ноль-модемдік қосылуды өндіру үшін арнайы программалармен қамтылған. Негізгі кемшілігі – мәліметтерді берудің төмен жылдамдығы мен тек екі компьютерді қосуға мүмкіндігі бар.
Нақты желілер коммутацияның арнайы құрылғысы көмегімен компьютерлерді байланыстыруға мүмкіндік береді.
Негізгі кемшілігі – қосымша құрылғыларды қажет етуі.
Барлық компьютерлік желілерді белгілер тобы бойынша классификациялауға болады:
1) Территориялық таралу;
2) Ақпаратты жіберу жылдамдығы;
3) Топология;
4) Компьютерлер арасындағы байланысты ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |