- жұлдыз топологиясы [star topology] әрбір сервер мен жұмыс станциясы арнайы құрылғыға – орталық концентраторға [hub] қосылады.
Бір жұмыс станциясынан келетін кабельдің үзілген жері қалған жұмыс станцияларына әсер етпейді.
Егер желіде көп тораптар бар болса, сонымен қатар олардың бір-бірінен арақашықтығы үлкен болған жағдайда, жұлдық тәрізді топологияны пайдалануда кабель кететін шығын үлкен болады. Сондай-ақ, концентраторға кабельдің шектеулі саны ғана қосылуы мүмкін.
2
-сурет. Жұлдыз тәрізді топология
- сақина топологиясы. Бұл желіде мәліметтер бір тораптан екіншісіне жабық шеңбер бойынша беріледі.
Серверді пайдалану технологиясы
Серверді пайдаланудың екі технологиясын ерекшелейді: файл-сервер технологиясы мен клиент-сервер архитектурасы.
Бірінші модельде файлдық сервер пайдаланылады, онда көптеген программалар мен мәліметтер сақталады. Пайдаланушы талабы бойынша оған қажетті программа мен мәліметтер жіберіледі. Ақпаратты өңдеу жұмыс станциясында орындалады.
Клиент-сервер архитектурасында мәліметтермен алмасу қосымша-клиент (front-end) және косымша-сервер (back-end) арасында жүзеге асады. Мәліметтерді сақтау және оларды өңдеу күшті серверде жүргізіледі. Жұмыс станциясы тек қана сұраныстың нәтижесін алады. Ақпаратты өңдеу бойынша қосымшаны пайдаланушылар көбінесе осы технологияны пайдаланады.
Дәріс №7-8 Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
Ақпаратты өңдейтін және беретін WEB-технологиялар туралы түсінік.
WEB-технологияларының дамуының тарихи мәліметі.
WEB-қосымшаларының типтеріне шолу.
Достарыңызбен бөлісу: |