Мен өз ісімді болашақта шағын интернет - кафе ашудан бастасам деймін.
Интернет – қазіргі таңда кез-келген адамның өмірінің және жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, үйден тыс жерде де, тыныштық атмосферасында жұмыс істеу де тек жақсы әсер қалдырады. Интернет - кафеде жұмыс істеу ең жоғарғы бағаланатын жұмыстардың бірі болып табылады.
Интернет - кафе – интернетке шығуды қамтамасыз ететін қоғамдық орын болып табылады. Әдетте интернет - кафелерде тамақ ішіп, кофе татып (немесе басқа көптеген сусындарды) жай әңгімелесуге болады. Кейбір орындарда интернетке шығу тегін жүргізіліп, жай кіру ақысының мөлшеріне қосылады. Интернет - кафе әдетте үйлерінде интернетке тікелей шығу мүмкіншілігі жоқ немесе өзге қалада болып, үйлеріне хат жазғысы келетін адамдарға өте ыңғайлы. Интернет - кафе, кейбіреулердің айтуы бойынша, кофейня кәсібін дамыту мақсатында ашылған орын болып табылады. Кофейнялар әрқашанда ақпаратпен алмасу, газеттер оқу немесе хаттар жазу орны болып табылған. Табысты интернет кафе ашу үшін ең басты шарт – оның орналасатын орнын дұрыс таңдау. Өйткені, кафеге келушілердің саны, яғни бизнестің табысы да болашақ клиенттер контингентіне тәуелді. Ең алдымен, әлеуетті келіп кетушілердің қозғалыс маршрутын, сондай ақ олардың өз бос уақыттарын өткізуге қатысты әдеттерін зерттеу керек. Көптеген кәсіпкерлер ғимаратты арзанырақ жалға алу үшін шағын аудандарда интернет кафелер ашады. Нәтижесінде олардың көбісі орналасқан жерді дұрыс таңдамағаны үшін сәтсіздікке ұшырап жатады.
Бұдан кейін, мұндай қызмет көрсету нарығында бәсекелестік өте жоғары екенін және оны жеңу үшін интернет кафе үшін бір ғана интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етудің жеткіліксіз болатынын ескеру керек. Клиенттерге мүмкіндігінше көптеген қосымша қызметтер ұсынған жөн. Мәселен, құжаттарды шығару және көшіру, тағы бір міндетті жағдайдың бірі – ойын залының, музыка мен фильмдер коллекциясы бар файлдық серверлердің болуы. Егер сіз интернет кафе ашсаңыз, онда қоғамдық тамақтану қызметін ұсынсаңыз да болады. Бұндай қызметтің ассортименті кәдімгі кафелердегідей кең болуы міндетті емес, жеңіл тамақтану немесе бір шыны кофе ішу мүмкіндігінің өзін келушілер жоғары бағалайтын болады, бастапқы кезеңде тіпті жай кофенің өзі де жеткілікті.