1. Қысқаша инвестициялық меморандум Интернет-кафе – интернетке шығуды қамтамасыз ететін қоғамдық орын болып табылады. Әдетте интернет-кафелерде тамақ ішіп, кофе татып (немесе басқа көптеген сусындарды) жай әңгімелесуге болады. Кейбір орындарда интернетке шығу тегін жүргізіліп, жай кіру ақысының мөлшеріне қосылады. Интернет-кафе әдетте үйлерінде интернетке тікелей шығу мүмкіншілігі жоқ немесе өзге қалада болып, үйлеріне хат жазғысы келетін адамдарға өте ыңғайлы. Интернет-кафе, кейбіреулердің айтуы бойынша, кофейня кәсібін дамыту мақсатында ашылған орын болып табылады. Кофейнялар әрқашанда ақпаратпен алмасу, газеттер оқу немесе хаттар жазу орны болып табылған.Бұның бір себебі ретінде Wi-Fi байланыс болып табылады. Елдегі жағдайдың өсуіне қарамастан, тіпті астаналық студенттердің өздері де жеке ноутбук пен ең жақын деген хот-стопқа интернет-кафені таңдайды[1].
Интернет-кафе- бұл жай ғана бизнес емес, ол адамның қажетіліктерінің, технологиялар мен өнерін бір ортақ затқа біріктіретін жер болып табылады. Дәл осы жерде көптеген бөлек қызметтерді бірден пайдалануға болады. Интернет-кафеде жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Интернет-кафеде тек демалу орны емес, интернетке байланысы бар іскерлік мақсаттағы кездесулерді, жай әңгімелесу үшін жиналатын таптырмас орын болып табылады. Зерттеу жүргізе отырып, тек 100% адамның 45%-да үйінде интернетке шығу мүмкіндігі бар екенін анықталды, сондықтан қаншама адамның интернет-кафелерді пайдаланылатынын білу оңай. Ұсынылған жоспарда екі аймағы бар интернет-кафе қарастырылған — ойын және кеңсе, бұл әртүрлі қажеттіліктері бар клиенттерге қол жеткізуге және күн ішінде мекеменің жүктемесін теңестіруге мүмкіндік береді. Жоспарда амортизацияға ай сайынғы аударымдар ескерілген, оларды компьютерлердің жоспарлы жаңартылуына қайта инвестициялауға болады. Бұл ретте ескірген "темір" қайталама нарықта сұранысқа ие болады және жаңасын сатып алуға жұмсалатын шығындардың кемінде жартысын өтейді.
Бастапқы инвестиция сомасы-3 252 750 теңге;
Ай сайынғы шығындар-390 308 теңге;
Ай сайынғы пайда-171 743 теңге ;
Өтелу мерзімі-22 ай;
Үзіліс нүктесі-3 ай;
Сату рентабельділігі-52%.