М.Маметова атындағы №27орта мектебі
Тараз қаласы
Құрастырған: биология пәнінің мұғалімі Джамбаева Ж.Б.
Бағдарлама Қолданбалы курс «Генетикалық есептерді шығару
практикумы» 11 – сынып
Түсінік хат
«Генетикалық есептерінің шығару практикумы» қолданбалы курс бағдарламасы 11 сыныптың жаратыластану - математикалық бағыты оқушыларына аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағатқа арналған. Бағдарламада оқушылардың қабілеттілігінен қызығушылығынан және кәсіптік мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттары ескерілген.
Бағдарламада жалпы биология бөлімдерінен цитология, генетика, адам генетикасы, молекулалық биология, селекциядан есептерді құрастыру және шешу есептердің типтері оларды шығару жолдарын көрсету.
Генетика саласын оқытудың теориялық тұжырымдамасын, негізгі зандылықтарын оқыта отырып, генетикалық есептерді шығаруға үйрету.
Болашақта дені сау ұрпақ келтірудің жолдарын қарастыра отырып, тұқым қуалайтын аурулардын алдын алу мақсатында алдын ала генетикалық есептеулер жүргізуге үйрену болашак жастарды үлкен үміт жолына жетеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |