Интернет қолдану саласындағы соңғы әлемдік үрдістер Кіріспе бөлім
Қазіргі таңда интернет әр адамның өмірінде көптеп қолданылады. Интернет желісін қолданушылар саны және ақпарат беруші беттер күнделікті өсуде. Интернет көптеген жастарға ақпарат алумен қатар емін-еркін сөйлесудің көзі болып табылады.Жастардыңішінде студенттер интернетті көбірек қолданады.10 студенттің 9-ыкүн сайын электрондық почта, интернеттен жаңалықтар қарау, ақпарат алу үшін пайдаланады. Осыдан біз интернет – бірінші кезекте ақпараттық желі екенін білеміз. Қазіргі заманғы оқушылар мен студенттер ақпаратты кітаптан емес, интернеттен алғанды құптайды. Олардың көпшілігі кітапты оқып отқанша бірден интернет желісінен алған оңай деп ойлауы мүмкін. Интернетті қолданудың осылардан басқа тағы да тиімді мүмкіншіліктері бар. Бұл тек оқушыларға ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге де септігін тигізеді. Бүгінгі барлық адамдар интернет ресурстарына иек артады. Интернет ресурстарын мектеп оқушылары мен мұғалімдері тек өзінің ой-көзқарасын дамытуда қолдану керек, ал кейбір балалар интернет желісін достарымен сөйлесу немесе достарымен онлайн режимде ойнау мақсатында пайдаланады. Жастардыңата-аналары мен мұғалімдерібалаларының бос уақытын интернетте ойын ойнап емес, керісінше сол интернетте көптеген онлайн-сабақтарға қатысып, өздерінің жастарына сай қызықты сайттар ашу мақсатында қолданса бұл қуантады. Осы кезекте біз интернет желісінің қазіргі таңда жақсы дамығанын және соңғы үрдістердің қолданғанын көреміз.
Негізгі бөлім
Интернет қолдану саласында соңғы әлемдік үдерістердің бірінесымсыз желілердіжатқызуға болады. Сымсыз жеке желілерге – Bluetooth-ді, Сымсыз жергілікті желілерге – Wi-Fi, қалаларды қамтитын сымсыз желіге – WiMAX. Сымсыз желілердің сымды желілермен салыстырғандағы айырмашылықтарына біріншіден, сымды желіде интернет желісін дербес компьютерлерге өткізу үшін өткізу кабелі керек, ал сымсыз желіде бұл өткізу барысы электромагниттік толқындармен беріледі. Екіншіден, сымсыз желіні ұялы телефонға қолдануға болады. Сымсыз желінің соның ішінде Wi-Fi-дың адамға тигізер зияның эксперттер әлі зерттеу үстінде. Олардың айтуынша, осы желінің адамға тигізер зияны белгісіз, бірақ менің болжауымда сымсыз желі электромагниттік толқындар әсерінен берілетінін еске алсақ, онда зияны көп болуы мүмкін. Менің ойымша, бұл желінің зияны адамның жадын төмендетеді. Электромагниттік толқындардың зиянын біз физика пәнінен толығырақ өткен болатынбыз. Екі сымның арасын байланыстыратын электрлі және магнитті желілілер тез таралады, яғни радияция тез тарап зиянын келтіреді.2012 жылғы статистика бойынша әлемдегі 2,5 млрд халық интернет желісін пайдаланады. Соның ішінде, Азия елдерінің дамушы және дамыған мемлекеттерінде 44,8%халқы интернет желісін қолдануда бірінші орында, ал соңғы орынды Австралия 1%адамдар қолданады.Ал Халықаралық электрбайланыс ұйымының зерттеуі бойынша 2013 жылдың аяғында 2,7млрд адам қолданады деп көрсеткен болатын. Интернетті қолдану географиялық орналасуға тікелей байланысты. мәселен, ауылдық жерлерде тұратын тұрғындардың желіге дұрыс тіркелмегенін айтуға болады. Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмалиев Қазақстанның 4,3 млн халқы интернет желісін пайдаланады дейді, бірақ қазақстандықтар қазақша сайттарға көп кірмейді.
Интернетте кіру үшін түрлі жағдайлар әсер етеді, соның ішінде географиялық орынға байланысты. Мысалы, алысқа кетпей Қазақстан елін алсақ. Тұрғындардың тығыздығы бойынша солтүстік бөлігінде интернет қолданушылар саны батыстан қарағанда көп. Қазақстанның солтүстік бөліктерінде салыстырмалы түрде қарасақ халық тығыз орналасқан. Ол үшін интернет жүйесі тұрғылықты жерде тіркелуі керек. Бұнын бәрі осы шақта болып жатқан оқиғалар мен үрдістер. Ал болашақта интернет қолдану саласындағы үрдістер қандай болмақ? Мүмкін әлемдегі тұрғындар күнделікті өмірде интернет желісін қолданар, барлық алыс-жақын елдерде сымсыз желіге қосылып, көптеген мүмкіншіліктерге ие болар. Технология қалай дамыса, интернет қолданудағы тенденциялар да солай дамиды. Бұл тек менің ойым.
Қорытынды бөлім
Қорытындылай келе, жоғарыдағы статистикалық мәлімет бойынша интернет қолданушылар саны белгілі қарқынмен дамып бара жатқанын көреміз. Қазіргі таңдағы тенденциялар, яғни сымсыз желілер сияқты көптеген жетістіктер болды.Бұның барлығы, әрине, технологияның қарыштап дамуынан бірақ технологияның дамуы шарықтау шегіне жеткен жоқ. Сондықтан болашақта интернет қолданудағы тенденциялар қандай болатынын ойыммен білдіруді жөн санадым..