Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Интернет деген не?
Интернет – технологиялар деген ұғмға қандай анықтама бере аласыз?
Желі деген не?
Желінің қандай түрлері болады?
Қамсыздану түрлерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.
2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002
Дәріс 2. Интернеттің ұйымдастырылуы
Дәріс сабағының құрылымы:
Интернеттің жұмыс істеу принципі.
Интернетпен жұмыс істеу кезінде кездесетін негізгі ұғымдар.
Интранет туралы түсінік.
Өзара әсерлесетін және бір-бірімен байланысқан компьютерлер тбы өрмекті құрайды. Интернет – бүкіл әлем бойынша таратылған мыңдаған кіші желілерден тұратын компьютердің үлкен өрмегі.
Интернеттегі компьютерлер бір ортақ тілде сөйлеседі, ал бұл тіл протоколдарда бекітілген.
Протокол деген желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесу механизмін анықтайтын жалпыға бірдей ережелер жиынтығы. Интернеттегі мәліметтермен алмасуға арналған стандартты протоколдар: ТСР және ІР. Осы екі протоколдың комбинациясы ТСР/ІР тірінде болады.
Интернетке қатысты қолданылатын терминдер:
Айна - алыста орналастырылған атақты сервердің көшірмесі болатын сервер.
Прокси-сервер - -желідегі жүктемені төмендететін және желідегі іс-әрекетті тездететін компьютер.
Шлюз -әр түрлі протоколдармен жұмыс жасайтын әр текті екі желіні біріктірентін бағдарламалық-аппараттық құрал.
Брандмауэр – қорғауға алынған желіге санкциясыз енуді тоқтатын аппараттық құрал.
Маршрутизатор – бірнеше каналдармен жұмыс істейтін құрылғы.
Маршрутизациялау – ақпараттың жіберілу жолын таңдау процедурасы.
Интернет көптеген әр түрлі ұйымдардың компьютерлерін біріктіретін болса, Интранет бір ғана ұйымның ішіндегі компьютерлерді біріктіреді. Интранеттегі ақпарат тек қана сол ұйымның адамдары пайдалана алады. Интранет желілері электронды пошта секілді бизнес үшін өте тиімді коммуникациялық құрал болып табылады.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Интернеттің жұмыс істеу принципі қандай?
Интернеттегі жұмыс қалай ұйымдастырылады?
Интарнет деген не?
Интранеттің негізгі ерекшеліктері қандай?
Ұсынылатын әдебиет:
1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.
2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002
Достарыңызбен бөлісу: |