«интернет технологиялар» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен 5В070400 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету» мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей



бет6/17
Дата03.02.2022
өлшемі6,29 Mb.
#130619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
«интернет технологиялар» П нінен о У- дістемелік кешен 5В070400

Дәріс 5. Электрондық почта



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Электронды почта туралы түсінік.

  2. Хатты толтыру.

  3. Телеконференциялар.

  4. Файлдың серверлері.




  1. Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып табылады. Мәліметті өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен, қазіргі почта қызметінің ертеңі электронды почта болады деп күтілуде.

Электрондық почта кез келген құжатты – ол мейлі қызмет жайлы жалпы мәлімет бола ма немесе жай хабар түріндегі мәтін бола ма – бәрі бір олардың ақпараттық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.

Электрондық почтаны пайдалану кезінде компьютерде әр түрлі арнаулы программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынадай жұмыс атқарады:



  • алынған мәліметтерді талдау және жаңа мәліметер дайындау;

  • байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу.

2. Кәдімгі почта тәрізді электрондық почта да бір абонент пен екінші абонент арасында мәлімет алмасу үшін қолданылады. Жіберілетін мәліметте екі адрес көрсетілуі тиіс: хатты жіберуші және оны алушының аты-жөні мен онынң компьютерінің желідегі адресі көрсетіледі. Хат иесінің адресін компьютер автоматты түрде өзі толтырады. Бұған қоса электрондық почта адрестерінде мынадай мәліметтер жазуға болады:

- мәлімет тақырыбының қысқаша сипаттамасы;

- хаттың көшірмесі тағы қандай адрестерге жіберілуі тиіс.

Электрондық почта жұмысы барысында хаттың тақырыбына қоса оның жіберілген мерзімі, уақыты т.с.с. керекті мәліметтер тіркеліп қлады.

3. Көптеген желілер алғашқы ретте ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын байланыстыратын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі бір салад ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ кейінен желілер практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте кала бастады.

Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады.

4. Бірсыпыра байланыс тораптарының файлдық серверлері өз абоненттеріне өздерінде жинақталған ақпараттық материалдарды, яғни файлдар архивін пайдалануды ұйымдастырып жүр. Ол материалдар мәтіндік құжаттардан, кітаптардан, сызбалардан, компьютерлерге арналған программалардан т.б. тұрады. Бұл мәліметтер ұзақ уақыт сақталады және олардың көлемі де үлкен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет