Иоганн Себастьян бах


Римдік кезең (1723—1724)[өңдеу]



бет6/7
Дата04.11.2023
өлшемі36,28 Kb.
#189522
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бах Гендель Вивальди

Римдік кезең (1723—1724)[өңдеу]


1723 жылы Вивальдидің Рим қаласына жасаған алғашқы саяхаты болды. Римге саяхатында Вивальди өзінің жаңа туындысы: «Ercole sul Termodonte» («Термодонтадағы Геркулес») атты операсымен барды. Атақты, композитор және музыка теоретигі Иоганн Иохим Кванц Римге келісімен римдіктердің Вивальди операсын жақсы қабылдағандығын байқап, «осы кезден бастап басқа әуен тыңдамайтындығын» айтты.[10] 1724 жылдың ақпанында Вивальди «Giustino» («Джустино») операсының премьерасына қатысу үшін Римге қайта келді.[11]. Вивальдидің биік профессионалды шеберлігін көрсететін Римдегі үшінші әрі соңғы операсы — «La virtù trionfante dell’amore, e dell’odio, overo Il Tirane» (1724) («Махаббат пен зұлымдықты билейтін жарылқаушы») атты опера[8]. Осы кезеңде Вивальдидің рим папасы ХІІІ Бенедиктпен кездесті. Алайда, неміс зерттеушісі Карл Хеллердің (Karl Heller) пікірінше Вивальдидің аудиенциясы ХІІІ Бенедикттен алдын басқарған ХІІІ Инокентийдің кезінде болуы мүмкін деген болжам айтады. Егер Вивальди ХІІІ Бенедиктпен кездескен болса, онда композитор Римде көп уақыт болды. Өйткені Бенедикт XIII рим папасы болып сайланған жыл 1724 жылы 29 маусымда сайланған еді.[12] 1725 жылы Амстердамда композитордың 1720 жылдар шамасында жазылған «Il Cimento dell’Armonia e dell’Invenzione» («Искус гармонии и инвенции» или «Үндестік пен Өнертапқыштықтың дауы») атты 12 концерттен тұратын циклы қойылды. Осы циклдың алғашқы төрт концерті Вивальдидің «Жыл мезгілдері» атты әлемге әйгілі музыкасы сол кездің өзінде жұртқа танымал бола бастады. Шындығында, Ресейде «Времена года» деп қате аталып кеткенімен, түпнұсқада концерт «Жылдың төрт мезгілі» (Le quattro stagione) деп аталады. Сонымен қатар, Вивальдидің халыққа танымал шығармалары көп. Олар: «La notte» (түн), «Il cardellino» (пайызторғай балапаны), рухани, діни шығармалары: «Gloria», «Magnificat», «Stabat Mater», «Dixit Dominus».

Өмірінің соңғы жылдары[өңдеу]


Композитордың Венециядан кеткен уақыты белгісіз, бірақ шамамен 1740 жылдары ол туған жерін тастап, Рим императоры VI Карлға аттанады. Вивальди Венаға қолайсыз уақытта келді. Себебі, ол келгеннен кейін бірнеше айдан соң VI Карл қайтыс болып, австрияның қазынасы үшін соғыс басталды. Венада қолдау таппаған Вивальди жаңа жұмыс қарастыру мақсатында Дрезден, Саксонияға қарай бет алды. Шамамен осы уақытта композитор науқасқа шалдықты. Ауру, ұмыт қалған, әрі өмір сүруге ақшасы қалмаған Вивальди Венаға оралып, 1741 жылы 28 шілдеде осында қайтыс болды. Дәрігер Антонио Вивальдидің өлімін «ішкі қабынудан» деп бекітті. Композитор кедейлерге арналған зиратта жерленді. Небары 19 флорин 45 крейцер төленді. Бір ай өткен соң әпкелері Маргарита мен Дзанетта Антонионың өлімі туралы хабар алды. 26 тамызда сот приставы Антонионың бар мүлкін қарыздарына жазады. Италияның виртуоз скрипкашысы Антонионың музыкалды мұрасы XVIII—XIX ғасырларда танылған жоқ еді. Тек бертін келе, яғни XX ғасырдың 20-шы жылдары 200 жыл тұңғиықта жатқан композитор мұрасы итальяндық музыкатанушы Вивальдидің қолжазбаларын тапты [13]. Иоганн Себастьян Бах Антонионың шығармаларына транскрипция жасады. Осыдан келіп, XX ғасырда Вивальдидің аспаптық шығармашылығының толық жинағы жарияланды. Вивальдидің аспаптық концерттері классикалық симфонияның қалыптасуының алғашқы қадамдары еді. Антонио Вивальдидің авторлығында 94 опера бар, дегенмен оның 40-қа жуығы ғана анықталған[14]. Вивальди шығармашылығын зерттеушілердің бірі — атақты неміс композиторы Бах. А. Казелланың айтуы бойынша «Бах — оның музыкалды дарынын түсінген жалғыз зерттеуші» болған. Сонымен қатар, Вивальди шығармашылығының зерттелуіне орасан зор үлес қосқан француз және неміс музыкатанушылары — Марк Пеншерль (Mark Pincherle) мен Вальтер Кольнедер (Walter Kolneder)[5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет