Иоганн Себастьян бах


Мантуедегі өмірі (1719—1722)[өңдеу]



бет5/7
Дата04.11.2023
өлшемі36,28 Kb.
#189522
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бах Гендель Вивальди

Мантуедегі өмірі (1719—1722)[өңдеу]

Пьер Леоне Геццидің 1723 жылы салынған Вивальди мүсініне арналған карикатурасы.


Композитор өмірінің 1719– 1722 жылдардағы кезеңі туралы деректер шамалы ғана. Композитордың 1737 жылдан бастап жазылған хаттарына қарағанда, Вивальди өмірінің осы кезеңдерін Германияның Мантуя қаласында өткізген. «La Verita in Cimento» операсының либреттосының бас бетінде Вивальди өзін Maestro di Capella di Camera il Principe Filippo Langravio d’Assia Darmstadt деп атайды. Бұл өз кезегінде 1720-1723 жылдарда Вивальди Австрия императорының әскерін басқарған маркграф Филипп Гессен-Дармштадтскийдің әскер қатарында қызмет етті деген қорытынды тудырды. Филипп Гессен-Дармштадтский осы кезеңде Австрияның VІ Карлдың Мантуе мен Неапольдегі әскерін басқарды. Мантуеде Вивальди опера әншісі, француз шаштаразының қызы Анна Жиромен (Anna Giraud) танысты. Осы таныстық Вивальдидің болашақ өміріне үлкен әсер етті. Вивальди драмматург Карло Гольдониге жазған хаттарында Анна Жироны өзінің «тәртіпті оқушы» деп жазады. Зерттеушілердің пікірінше, Анна Жироның опера әншісі болып қалыптасуына Вивальдидің еңбегі зор. Шындығында, итальяндық опера композиторлары ән өнерінің техникасын терең меңгерген. Анна туралы замандасы Карло Гольдони: «Ол әдемі, нәзік, қыпша бел, күлім көз, қолаң шаш және оймақ ауыз қыз еді. Оның дауысы зор емес, бірақ актерлік қабілеті жоғары еді» деп суреттейді. Вивальдидің қасына Аннамен бірге оның апкесі Паолина да жолсерік болды. Паолина композитордың мед бикесі болып қызмет етті. Себебі, осы кезең —композитордың бронхиалды астма ауруымен науқастанып жүрген кезі. Мантуедегі үшжылдық әскери қызметінен соң, композитор Анна мен Паолинаны алып, Венецияға қайта оралады. Венецияндықтар Аннаны «сарышашты дін қызметкерінің нақсүйері» деп кекеткен еді. Шындығында композитордың апалы-сіңлілі Жиролармен тығыз қатынастары діни қызметші үшін шіркеудегі діни қызметкерлер тарапынан қолдау таппады. Осылайша Вивальдидің айналасы қара өсекке толды. Халық арасында оны әтек (гаремде қызмет ету үшін әдейі тарттырылған еркек) деп мазақтаушылар болды. Нәтижесінде, Вивальди мен діни қызметкер арасында ынтымақтастық бұзылды. 1738 жылы Феррара қаласының кардинал-архиепископы Вивальдиге қалаға кіруіне тыйым салды [9]. Алайда болған кедергілерге, сөздерге қарамастан Вивальди апалы-сіңлілі Жироларды құрмет тұтып, олардың ары мен ұятын қорғап жүрді.[3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет