Іштің ауырсынуының бәсенденуі түйілген, қысылған ішектің параличінің - қозғалу мұршасының нашарланғандығының көрінісі. Бұдан әрі ішек гангренасы, перфорациясы коллапске, науқас өліміне ұшыратады. Осы жағдайға үшыраған аурулар туралы Мондор былай жазған: "как печален ход этой болезни, когда больному кажется, что он выздоравливает, в действительности он при смерти". Құсу - іш ауыруымен қатар басталады. Құсықта алғашқыда тағам қалдықтары болса, қейініректе өт және көкшіл түсті сұйық, одан соң – нәжіс қосылған жаман иісті сұйық. Нәжіспен құсу - ішек түйілуінің ауыр асқынғандығын көрсететін белгі болып саналады. Жиі құсу ішектің жоғарғы бөлімінің, ал сирек құсу ішектің төменгі бөлімінің түйілгенін дәлелдейді. Құсу кекірікпен және ықылықпен қоса байқалады.

Нәжістің, газдың шықпауы - аурудың басты симптомдарының бірі болып саналады. Бірақта ішектің жоғарғы бөлімінің түйілуінде – нәжіс және газ шығуы мүмкін. Бірақта олардан соң аурудың жағдайы жақсармайды, іш кебуі сақталады, ішектің қозғалу дыбысы жоғалады. Метеоризм - алғашқыда аумағы кішкене шар тәрізді "ісік" және ішектің ''ісіктен" жоғарғы бөлімінде күшті қозғалыс. Перистальтика іш ауыруын күшейтеді. Едәуір уақыт өткен соң метеоризм күшейеді, ал іш ауырсынуы және перистальтика жоғалады. Бұл ішек параличін және аурудың асқынғандығын дәлелдейді. Жалпы көріністер - дене қызуы қөтерілмеген, тамыр соғуы минутына 80, шамалы ентігу, қан қысымы аз ғана төмендеген, бет пішіні үрейленген, қызарған. Тілі құрғаған, зәрі азайған. Алғашқыда байқалатын бұл жеңіл өзгерістер ішек түйілуінің жоқтығын дәлелдей алмайды. Біраз уақыттан соң (48 сағат) странгуляциялық ішек түйілуі науқастың өліміне әкелуі мүмкін. Науқастың ішін тексеру - ішті көзбен көріп оның өзгергендігін анықтаудың маңызы зор. Ол арқылы іштің кебуі, көлемінің бұзылғандығы, операциядан соңғы тыртықтар анықталады.