. Іштің жедел басталатын хирургиялық аурулар арасында ішек түйілуі аппендициттен соң екінші болып жиі кездеседі. Ішектер жабысқақтануы - ішек түйілуінің барлық түрлерінің 43-76% -дейінгі себебі болады, ал мұндай аурулардың 11-17% өлімге ұшырайды.

Ішек өтімсіздігінің патогенезі (су-электролит алмасуының бұзылыстары, жалпы интоксикация және т.б.), клиникалық көрінісі бірдей. Осыған орай диагностикалық және емдік шара бірдей болады. Жедел ішек өтімсіздігі барлық жастағы адамдарда кездесуі мүмкін. Ең жиі жабысқақты (спаечная) ішек өтімсіздігі кездеседі.
Клиникалық көрінісі
Жедел ішек өтімсіздігінің негізгі белгілері – іштің ауырсынуы, кебуі, құсу, нәжіс және газдың шықпауы. Аурудың ұзақтығына, өтімсіздіктің түріне, деңгейіне байланысты клиникалық көрініс әр түрлі болады.
Ауырсыну – бірден басталады. Ол тағам қабылдаумен байланыссыз, тәуліктің кез келген уақытында болуы мүмкін. Ішектің гиперперистальтика кезеңіне сәйкес ауырсыну толғақ тәрізді болады.
*** Странгуляциялық өтімсіздікте ауырсыну тұрақты, кезеңді түрде күшейеді.
Аурудың 2-3-ші тәулігінде ішектің белсенді перистальтикасы тоқтап, өткір ауырсыну болмайды – бұл ауру болжамының қолайсыз екендігін көрсететін белгі.
Аурудың 2-3-ші тәулігінде ішектің белсенді перистальтикасы тоқтап, өткір ауырсыну болмайды – бұл ауру болжамының қолайсыз екендігін көрсететін белгі.
*** Паралитикалық ішек өтімсіздігінде іште тұйық тұрақты ауырсыну болады.
Құсу рефлекторлы түрде болады. Егер ішек өтімсіздігі жалғасса, құсықта асқазан түзілімдері кездеседі, кеш сатысында құсу тоқтаусыз түрге айналып, құсықта нәжіс қалдықтары болады.