ХХ ғ 20-жылдарының аяғында радиациядан қорғану жөніндегі халықаралық комиссия құрылған болатын. 50-жылдардың басынан бастап, әлемдік қауымдастық мсиондаушы сәулелердің адам ағзасына, қоршаған ортаға әсері мәселесіне көңіл бөле бастады. Бұл Хиросима мен Нагосакидегі ьомбалау, сонымен қатар ядролық қаруды сынаудың радиоактивті материалдардың бүкіл жер шарына таралуымен байланысты.
1995ж БҰҰ-ның бас ассамблеясы атомдық радиацияның әсері жөніндегі ғылыми комитет МАГАТЭ құрылды.
Радиациялық қауiп қазіргі қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отырған тақырып. Адам баласы жер бетіндегі барлық тіршілік иесіне залалын келтіретін бұл зардаптың зиянды қасиетін жою мүмкін емеске айналып отыр. Бірақ, осыған қарамастан ғалымдар зардаптың әсерін жою шараларын іздестіруде.
Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки қаларындағы болған жағдай сонымен қатар Украинанын Чернобль апаты, Қазақстандағы Семей полигонының кері әсерлерін жою мүмкін емес. Осы сынды үлкен залалдың халық денсаулығына әкелген орасан зор залалы әлі де жалғасып, кері әсерін тигізуде. Тек адамзат баласына ғана емес, қоршаған ортаға тигізген де әсері шексіз.